Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Іш сүзегі ошағында індетке қарсы шараларды ұйымдастыру әдістемесіСодержание книги
Поиск на нашем сайте Парасүзек А және В Парасүзек А – антропонозды, парасүзек В- антропозоонды бактериялды іш сүзегіне ұқсас инфекциялық ауру. Қоздырғышы– Salmanello paratyphi А, В бактериялары, Salmonella туыстығына жатады. Іш сүзегінің таяқшаларынан айырмашылғы биологиялық, серологиялық қасиеттерінде. Парасүзек А қоздырғышын 1898 жылы Гвин ашқан, паратиф В қоздырғышын 1896 жылы Ашар және Бедсод анықтаған. Инфекция көзі – ауру адам және бактерия тасымалдаушы. Парасүзектерден кейін тасымалданушылық жиі кездеседі. Парасүзек В қоздырғышын үй жануарларынан, кеміргіштерден жұқтыруы мүмкін. Науқас адам қоздырғыштарды клиникалық белгілері пайда болғаннан 1-2 күннен бастап аурудың барлық барлық кезеңдерінде, сауығу кезеңінде (2-3 апта) шығарып отырады. Беріліс механизмі – нәжіс – ауыз механизмі. Берілу жолдары: тағам, су, тұрмыстық заттар. Парасүзек А – су арқылы, парасүзек В- тағам әсіресе жиі сүт арқылы таралады. Эпидемиологиялық ерекшеліктері.Парасүзек В барлық жерде таралған ауру, парасүзек А- көбіне Оңтүстік-Шығыс Азия Африка елдерінде кездеседі. Іш сүзегімен сырқаттанушылық төмендеген сайын паратифтердің үлесі көбеюде (90 жылдары – 30%). Инкубациялық кезең 1-21 күн. Негізгі клиникалық белігелері іш сүзегіне ұқсас, бірақ қызба бөртпелер ерте пада болады, жеңілдеу етеді. Парасүзектерден кейін өлім жітім сирек. Алдын-алу шаралары, зертханалық диагностика, емдеу, диспансерлік бақылауы іш сүзегіне ұқсас. Қатынаста болғандарды медициналық бақылау мерзімі-14 күн. Іш сүзегі және парасүзек ошақтарында індетке қарсы іс-шаралар: 1) Барлық науқастарды сұрау, тексеру, дене қызуын өлшеу, зертханалық тексеру арқылы анықтау; 2) Іш сүзегімен және парасүзекпен ауыран науқастарды уақыты оқшаулау; 3) Іш сүзегімен немесе парасүзекпен бұрын науқастанған адамдарды, жұқтыру қауіпі туындаған адамдарды, декреттелген контингентті (күдікті тағамдар мен суды қолданған; науқастармен араласқан) зертханалық әдіспен анықтау және зертханалық тексеру жүргізу; 4) Барлық 1 рет ауырған адамдардың ошағында бір рет нәжісін бактериологиялық тексеру және қанның құрамындағы сарысуын ГАТРӘ қорытындысы оң болған адамдардың зәрі мен нәжісін 1 рет қайталап бактериологиялық әдіспен тексеру; 5) Топтық ауру пайда болған жағдайда, инфекцияның көзі болуы мүмкін күдіктілерге зертханалық тексеру жүргізу керек. Зертханалық тексеруге кемінде 2 күн сайын 3 рет нәжісі мен зәрін бактериологиялық тексеру және 1 рет қан сарысуын ГАТРӘ әдісімен тексеру. ГАТРӘ қорытындысы оң адамдар 2 күн сайын кемінде 5 рет нәжісі мен зәрін бактериологиялық тексеруге тапсырады, ал тексерудің нәтижесі теріс болса 1 рет өті тексеріледі. 6) Іш сүзегімен немесе парасүзекпен ауырған науқаспен үйінде араласқан декреттелген контингент құрамындағы адамдар науқасты ауруханаға жатқызып, үйге соңғы дизенфекция өткізіп, оның нәтижесін, зәрін 1 рет бактериологиялық тексерудің және ГАТРӘ теріс қорытындысын алғанға дейін уақытша жұмысынан шеттету; 7) Жұқтыру қаупіне ұшыраған адамдарды зертханалық тексеру, медициналық бақылау, күнделікті дәрігерлік қарау және науқасты оңашалау сәтінен бастап іш сүзегінде 21 күн, парасүзек кезінде 14 күн денеқызуын өлшеу тиіс; 8) Іш сүзегімен және парасүзекпен ауыратын науқастар бактерия тасушылар тез арада оңашаланып, емдеу мекемелеріне тексеруге және емдеуге жібереді. 9) Іш сүзегі ошағында ішсүзектік, парасүзектің ошағында көп валентті сальмонеллездік бактериофаг беріледі. Бактериофагпен емдеу материалды бактериологиялық тексеруге алғаннан кейін жүргізіледі, реконвалесценттерге де бактериофаг беріледі. Іш сүзегі, парасүзектерге дезинфекция міндетті түрде жүргізіледі: 1. Күнделікті дезинфекция ауру анықталысымен реконвалесценттер емделіп шыққаннан кейін 3 ай жасалуы тиіс. Күнделікті дезинфекцияны науқасты күтушілер реконвалесценттің өзі бактерия тасымалдаушы жасайды. 2. Іш сүзегі науқасы бактерия тасымалдаушының ошағында күнделікті дезинфекцияны емдеу мекемесінің медцина қызметкері ұйымдастырады. 3. Қорытынды дезинфекцияны дезстанция қызметкерлері немесе СЭҚБ-ның дезинфекциялық бөлімінің қызметкерлері, қалалы жерде ауруды ауруханаға жатқызғаннан кейін 6 сағат ішінде, ауылды жерді 12 сағаттан асырмай жасалуы тиіс. Ошақта эпидемиологиялық тексеру жүргізу алдында СЭҚБ-дағы материалдармен танысу қажет, яғни «Инфекциялық ауруларды тіркеу журналы» және бактерия тасымалдаушылардың картотекасымен танысып, бұған дейін іш сүзегі, парасүзектер ошағы қашан, қай жерде тіркелгенін, инфекция көзі мен жұғу жолдарының байланысын, кездейсоқ сырқаттанушылық немесе эпидемиялық өршу екендігін анықтау керек. Ошақты эпидемиялогиялық тексеру барысында анықтау қажет: 1. Аурудың айналасындағы адамдар ішінде 15-25 күн аралғында қызуы көтерілгендерді анықтау, егер ондайлар болса диагноз қою үшін клиникалық және бактериологиялық әдіспен 1 рет тексеру. 2. Аурудың айналасында бұрын іш сүзегі парасүзекпен ауырғандарды анықтау. 3. Аурудың айналасында бактерия тасымалдаушыларды табу мақсатында өт пен зәр шығару жүйесі ауыратын адамдарды тауып тексеру. Аурудың және бактерия тасымалдаушының фаготиптері бірдей сәйкес болғанда ғана баланыс бар екендігін дәлелдеуге болады. 4. Аурудың таралу жолдарын анықтау үшін су, тамақ өнімдерінен және сыртқы орта обьектілерінен зертханалық тексеруге сынама алу (қоздырғыштың табылмауы материалдың тексеруге кеш алынуымен байланысты болуы мүмкін). 5. Аурудың кәсібін, жеке бас гигенасын сақтау жағдайын анықтау. 6. Аурумен бірге үйінде жұмыс орында оқу орнында бірге қатынаста болғандардың тізімін жасау, олардың ішінде су, тамақ өндірісінде, балалар мекемелерінде жұмыс істейтіндерге ерекше назар аудару 7. Ауру адамның және онымен қатынаста болғандардың іш сүзегіне егілгендігін, егілген болса препараттың атауын, егу мерзімін егу себебін анықтау. 8. Ошақтың санитарлық жағдайын, тазартылуын, сумен қамтамасыз ету жағдайын шыбындардың бар-жоқтығын анықтау. 9. Ошақтың эпидемиологиялық жағдайына байланысты алдын-алу күресу шараларының жоспарын құру. 10. Ошақта қатынаста болған адамдарға іш сүзегіне бактериофаг 3 рет аралығы 5 күнде беру. 11. Егер іш сүзегімен сырқаттанушылық 100 000 халыққа 25,6жоғары болсақ аймақ тұрғындарына іш сүзегіне вакцина егу.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 90; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.008 с.) |