Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Тарау.Ауа тамшылы инфекцияларының эпидемиологиялық сипаттамасы. Олардың таралуы кезіндегі алдын алу шараларыСодержание книги
Поиск на нашем сайте Жалғантуберкулез Жалғантуберкулез – қоздырғышы грам теріс, аэробты, жылжымалы таяқша, 6серотиптері бар. Сыртқы ортада төзімді, суда 1 жыл, сәбіз, орамжапырақтабірнеше ай сақталады. Төмен температурада (0-4 градуста) көбеюі де мүмкін. Келтіру күн сәулесі, жоғары температура және дезинфекциялық заттар әсерінен тез өледі. 1885жылы Эберт өлген жануарлардың денесінен туберкулезге ұқсас түйіндерді тапқан, сондықтан «жалғантуберкулез» деп атаған. Қоздырғышын 1953 жылы Масухоффжәне Кнап ашқан. Инкубациялық кезеңі: 3-18 күн, орташа 10-11 күн. Инфекция көзі – кеміргіштер, үй жануарлары, жабайы және үй құстары. Беріліс механизмі – нәжіс ауыздық механизм. Негізгі берілуі жолы – тағам арқылы, қосымша су. Тағамдардан орамжапырақ, сәбіз, қияр, пияз, әсіресе салат түрінде қолданғанда жұғады. Қоздырғыштар жеміс сақтау қоймаларында ақпан, наурыз айларында көп мөолшерде кездеседі. Жалған туберкулез ауруы көбіне жабық мекемелерде, демалыс үйі, әскери мекемлерде жиі кездеседі. Аурудың өршуі ақпан-мамыр айларында байқалады. Алдын алу шаралары 1. Дератизация 2. Дезинфекция 3. Қоймада сақталатын өнімдерді бактериологиялық әдіспен тексеру. 4. Жанасқандарды 21 күн медициналық бақылау
Тест 1 . Сальмонеллез қоздырғышын көрсетіңіз: А. бактериялар Б. вирустар В. саңырауқұлақтар Г. спирохеталар Д. риккетсиялар 2. Сальмонеллезде инфекция көзіне жатады: А. вирустасымалдаушылар Б. науқас адам В. кеміргіштер Г. жәндіктер Д. үй жануарлары және құстар 3. Сальмонеллезде инфекцияның берілу жолын көрсетіңіз: А. ауа-шаң Б. ауа-тамшы В. аэрозольды Г. тағам Д. тұрмыстық қатынас 4. Сальмонеллезде қоздырғыштың берілу факторын атаңыз: А. азық-түлік Б. ауа В. шыбындар Г. жас адамдар Д. топырақ 5. Сальмонеллезде эпидемиялық процестің біліну ерекшеліктерін көрсетіңіз: А. эпидемия Б. пандемия В. ауруханаішілік өршулер Г. тағам өршулері Д. спорадикалық сырқаттанушылық 6. Шигеллезде инфекция көзіне жатады: А. вирустасымалдаушылар Б. науқас адам В. жануарлар Г. кеміргіштер Д. жәндіктер 7. Шигеллезде берілу жолын көрсетіңіз: А. ауа-тамшы Б. ауа-шаң В. аэрозольды Г. фекальды-оральды Д. трансмиссивті 8. Шигеллезде берілу факторын атаңыз: А. азық-түлік Б. күнделікті қолданатын заттар В. ауа Г. қан Д. сілекей 9. Шигеллезде қауіп тобын көрсетіңіз: А. ему кезеңіндегі балалар Б. мектеп жасындағы балалар В. 2-ден 7 жасқа дейінгі балалар Г. қарт адамдар Д. жастар 10. Шигеллезбен сырқаттанудың маусымдық көтерілуі байқалады: А. қыста Б. көктемде В. жазда Г. күзде Д. жыл бойы 11.Қандай ішек инфекциясы кезінде жұқтыру ауа арқылы болуы мүмкін: А. шигеллез Б. эширихиоз В. іш сүзегі Г. паратиф А Д. ротавирусты гастроэнтерит
12. Сальмонеллез кезіндегі инфекция көзі: А. су Б. кенелер В. науқас адам Г. шыбындар Д. топырақ
13.Сальмонеллез кезінде негізгі лабораториялық зерттеу: А.энтомологиялық Б.биологиялық В.бактериологиялық Г. вирусологиялық Д.паразитологиялық
14.Сальмонеллез ошағында жүргізілетін шаралар: А.науқасты оңашалау Б.дератизация В.стерилизация Г.дезинсекция Д.вакцинопрофилактика
15.Сальмонеллез ошағында қатынаста болғандарды бақылау мерзімі: А.3 күн Б. 7 күн В.14 күн Г. 21 күн Д. 35 күн
16. Иерсиниоз инфекция тобына жатады: А.аэрозолды Б.ішек В.қан инфекция Г. зоонозды Д. трансмиссивті
17.Ішек иерсиниозы кезінде қауіп қатер тобына жатады: А.ет комбинатының қызметкерлері Б.қоғамдық тамақтану мекемелерінің қызметкерлері В.медициналық қызметкерлері Г.мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлері Д.үй қызметкерлері
18.Иерсиниоздың клинико-лабораториялық зерттеу әдісі: А. серологиялық Б.биохимиялық В.вирусологиялық Г.иммунологиялық Д.паразитологиялық
19.Энтеропатогенді ішек таяқшаның берілу жолдарын көрсетіңіз: А. тұрмыстық-қатынас Б. ауа-шаң В.су Г.жәндіктер шаққан кезде Д. тағам жолы
20.Сальмонеллез кезіндегі инфекция көзі: А. су Б. Кенелер В. үй жануарлары Г. шыбындар Д. топырақ
Тыныс жолдары арқылы берілетін жұқпалы аурулардың жіктелуі
І. Этиологиясы вирустар 1. Жедел респираторлы вирусты инфекциялар: Тұмау, парагрипп, аденовирустар, РС вирустар, риновирустар, реовирустар 2. Ұшықты инфекциялар: Жұқпалы мононуклеозі, цитомегаловирусты инфекция, желшешек, қызылша, эпидемиялық паротит, қызамық - антропоноздар, (маймыл шешегі, сиыр шешегі-зоонозды инфекциялар). ІІ. Этиологиясы бактериялар: Күл, көкжөтел, скарлатина, алапес, легионеллез, стафилококкты, стрептококкты, пневмококкты, гемофильді, микоплазмалы инфекциялар, хламидиоздар, пневмохламидиоз - антропоноздар, туберкулез-антропозооноз, орнитоз-зооноз. · Жедел респираторлы вирусты инфекциялар және тұмау Жедел респираторлы аурулар дегеніміз – тыныс алу жолдарының зақымдауымен жүретін полиэтиологиялық аурулар тобы. Тыныс алу жолдары ауруларының эпидемиологиялык ерекшеліктері: · Таралу жолының жеңіл болуы. · Соған байланысты кездесу жиілігі жоғары. · Қызылша,қызамық,желшешек сияқты инфекцияларды жұқтыру жиілігі жоғары. · Бұл аурулар эпидемия немесе пандемия түрінде өтеді. · Жұқпалы аурулар көбінесе циклдік түрде өтеді. ЖРВИ тобына кіреді § грипп; § парагрипп; § аденовирусты инфекция; § риновирусты инфекция; § RS- немесе респираторлы-синтициальді инфекция; § реовирусты инфекция; § Микоплазмалық инфекция және т.б
Тұмау инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 7 күнге дейін,орташа 2-3 күнді құрайтын ,тыныс алу жолдарын жедел зақымдайтын ауру. Аурудың басталуы жедел, интоксикация синдромымен сипатталады. Бірнеше сағат ішінде дене температурасы 39-40 С дейін котеріледі, әртүрлі дәрежедегі қалтырау, мерзімі қысқа, 3-5 күн. Қалтырау қысқа және әртүрлі сипатқа ие (ремиттирлеуші, интермиттирлейтiн сипаттағы қалтырау тағы басқалар), маңдай бөлімінің, әсіресе қабақ үсті аймағының ауырсынуы, бас айналу, тершеңдік, буындардың, сүйек-бұлшықеттерінің ауырсынуы тән, адинамия, жалпы әлсіздік үдей түседі. Гриптің ауыр ағымында ұйқының қашуы, көп ретті құсу, ес бұзылыстары, менингиальді белгілердің болуы тән. Тұмау ( грипп) вирусының этиологиясы –РНК құрылымды, үш типті ( А,В,С ), екі антигені бар (гемагглютинин – Н және нейраминидаза — N). Вирустар сыртқы ортада төзімсіз, Вирустың А типіне антигендік қасиетінің өзгергіштігі, вируленттілік қасиеті тән. Инфекцияның таралу көздерi: § әр түрлi клиникалық формалары бар ауру адам (7-10 күннiң iшiнде ), аденовирус инфекциясы кезінде — 25 күн және одан көп; § вирус тасушылар (аденовирусты инфекция).
Берiлу жолдары: § (негiзгiсi ) ауа-тамшы; § Тұрмыстық-қатынас(гриппта инфекциялалған тұрмысқа қажет заттар арқылы беріледі- ойыншық, ыдыс тағы басқалар); § алиментарлы(аденовирусты инфекция кезінде) § Маусымдық — күзгi-қысқы. § Жоғары қабылдағыштық. § Иммунитет. Постинфекциялық иммунитет ерекше және ұзақ емес.
Алдын-алу шаралары: 1.Денені шынықтыру 2.Грипп кезінде ең тиімдісі вакцинация-қыркүйек-қазан айлары,барлық тұрғындардың 70 пайызын қамту керек. Келесі инактивирленген грипп вакциналары қолданылады § Гриппан (Россия) б/е; § Флюарикс (Бельгия) б/е; § Инфлювак (Нидерланды) б/е; § Бегрубак (Германия) б/е; § Заксикгрипп (Франция) б/е т.б..
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 107; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.) |