Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Көліктегі қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасыСодержание книги
Поиск на нашем сайте Көлік құралдарының шамадан тыс көбейіп кетуіне, жүргізушілердің кәсіптік мәдениетінің төмендігіне, жүргізу тәжірибелерінің аздығына (немесе тіптен жоқтығына), жолдың дұрыс жөнделмеуіне, жүргізушілер мен жаяу адамдардың жол ережелерін сақтамауларына (ішімдік пен есірткі заттарын пайдалану-ларына) байланысты өкінішке орай күннен-күнге жол-көлік оқиғаларының саны артуда. Жол-көлік оқиғалары дегеніміз, көлік құралдары мен жүктерді бұзып қиратуға, материалдық залалдар келтіруге, сондай-ақ адам өлімі мен дене жарақаттарын салуға әкеп соқтыратындай жағдайларда көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы болып табылады. Сонымен, бұлардың қылмыстық-құқықтық құрылымы келесідей элементтерден тұрады: а) жол қозғалысы ережелерін бұзу; ә) заңда көзделген зардаптардың болуы; б) жүргізушінің әрекеті (әрекетсіздігі) мен болған оқиғаның нәтижесінің арасында себепті байланыстың болуынан. Жол-көлік қозғалыс ережелеріне сәйкес жол-көлік оқиғаларын мынандай түрлерге бөлуге болады: қозғалыс құралдарының соқтығысуы; велосипедшіні, көлік арба құралын, жануарларды, кедергіні, жаяу адамды басып кету; көліктің аударылып-төңкерілуі; жолаушылардың автокөліктен құлауы (ұшып кетуі) және т.б. Автокөлік қылмыстарына – жол қауіпсіздік ережелерін қасақана бұзып немесе көлік құралдарын пайдалану қауіпсіздігіне немқұрайлықпен қарау ситуациялары тән. Бұл қылмыстың қоғамда кең өріс алуы мен ерекше қауіптілігі жүргізу-шілердің криминалдық ситуацияларынан көрініс табады. Олардың әрекеттерінен атап айтқанда көлік құралдарын мас күйінде жүргізулерінен. Көрсетілген ситуациялардың нәтижесінде адамдарды, велосипедшілерді басып кетуіне; көлік құралдарын соғу мен аударып-төңкерілуіне; жолаушы-лардың көлік құралдарынан ұшып шығып кетуіне әкеп соқтыратындай жағдайлар болады. Жол-көлік қауіпсіздік ережелерін бұзу қылмыстарына дайындалу, оны жасау мен ізін жасыру тәсілдері сияқты криминалистік сипаттағы мұндай элемент-терді қарау кезінде, бұл қылмыс түрі (ҚР-ның ҚК-нің 298-299 баптарында қарастырылған қылмыстарды қоспағанда) абайсыздық категорияларына жататындығын ескеру қажет. Жол-көлік қозғалысы ережелерін қылмыстық бұзуға – көлік құралдарын сапасыз жөндеу және оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару, көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ережелерді бұзу, көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру, мас күйіндегі адамды көлік құралын жүргізуге жіберу және т.б. әрекеттер жатады. Сонымен қатар жол-көлік қауіпсіздік ережелерін бұзу, әдетте жүргізу-шілердің құқыққа қарсы мынандай мінез-құлық, жүріс-тұрыс әрекеттерінен көрініс табады: жылдамдықтың шамадан артық болуы, озып өту, қатар жүру мен жол ережелерін бұзудан; қарама-қарсы жолға шығып кетуден; қиылысқан жолдардан өту тәртіптерін бұзудан; шам жарығымен жолды көрсетпеуден; теміржолдан өту ережелерін бұзудан; жол қозғалысына қауіп төндіретіндей ақаулықтағы көлікті жүргізуден. Тұлғалардың көлік құралдарын мас күйінде жүргізуі өте қауіптілікке әкеп соқтырады. Арнайы медикопсихологиялық және психофизиологиялық зерттеу-лер адам организміндегі елеусіз алкогольдік ішімдіктердің болуының өзі, оның автокөлік, мотоцикл, трактор және басқа да механикалық көлік құралдарын жүргізу қабілеттілігін төмендететіндігін дәлелдейді. Техникалық жағынан сапасыз құралдарды пайдалануға шығарумен байла-нысты құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздіктер) көлік мекемелеріндегі өкілетті тұлғалардың көлікті жүргізуге рұқсат беруінен көрініс табады. Көлік құралдарын пайдалану ережелерін өрескел бұзудың басқа да түрлеріне келесілер жатады: көлік жүргізушілерін мас күйінде жұмысқа шығару; жүргізу куәлігі жоқ немесе жүргізуші ретінде жарамсыз деп танылған дәрігерлік көрсеткіш қағаздары бар адамдарды жұмысқа шығару және т.б. Қылмыскерлер көбінде қылмыс болған орыннан кетіп қалуға, сондай-ақ қылмыстың ізін жасыруға тырысады. Мысалы, жаяу адамды басып кету нәтижесінде өлімге әкелген жағдайларда, оны елсіз жерлерге апарып көміп жасыруға, жолдағы іздердің көзін жоюға, көлік құралдарындағы және басқа да объектілердегі зақымдану іздерін жоюға тырысады. Жол-көлік оқиғасына көптеген іздердің болуы мен материалдық жағдайдағы өзгерістердің болуы тән. Бұларға – жолдағы қозғалыс, сырғанау іздері, көлік құралдарындағы, жердегі құрылыстардағы зақымдану іздері, жүргізушілердің, жануарлардың, жаяу жүрген адамдардың зақымдану, жарақат алу іздері жатады. Жол-көлік оқиғасының салдарынан көлік құралдары мен құрылыстардың, объектілердің бұзылуымен, болмаса жойылып-құруымен байланысты мате-риалдық шығындардың болатындығы сөзсіз. Зардаптың өте ауыр түріне – адам өлімі, ауыр дене жарақаттары мен психикалық зақымдар жатады. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде қоршаған ортаға зиянды әрекеттер де келтірілуі (жарылғыш, қауіпті уытты және радиоактивті заттарды тасымалдаушы көлік құралдарының апатқа ұшырауы ) мүмкін. Жол-көлік қозғалыс ережелерін бұзу қылмыстарының криминалистік сипаттамасында тұлғалардың жеке басының ерекшеліктері маңызды мәнге ие болады. Бұл санаттағы құқық бұзушыларға келесідей қасиеттер тән: өзіне аса сенушілік, өзімшілдік, менмендік, арсыздық; қауіпсіздік ережелеріне немқұрайлықпен қарау; кәсіби даярлықтың жеткіліксіздігі; қажетті тәжірибенің, ептіліктің болмауы; көлік құралдарын пайдалану мен жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау талаптарын өкілетті тұлғалардың өздері орындамауы, болмаса қарамағындағы тұлғаларға ережелерді сақтауға байланысты талаптардың толық қойылмауы және т.б.. Автокөлік қозғалысы қауіпсіздік ережелерін қасақана бұзудың әдеттегі ниеттеріне төмендегілер жатады: - жеке басының мақсатына жетуге байланысты өзімшілдік сезімнің тууы. Мысалы, белгілі бір жерге тезірек жетуге ынталану немесе өз ісінің дұрыстығын бекіту нәтижесінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуға әкеп соқтыратын әрекеттер; - өндірістік мүдделермен байланысты жалған түсініктегі ниеттер (жүргі-зушілердің көп мөлшердегі заттарды жылдам-жылдам тасып бітіруге тырысу нәтижесінде ережелерді бұзуы). Нақты жағдайда субъект нормативтік талаптарды елемейді, себебі оларды формальды түрде орындаудың қажеті жоқ, тіптім нақты ситуацияда ол талаптарды орындау артығырақ деп санай келе, бұл жерде қауіпсіздік ережелері бұзылса нәтижесі ешқандай ауыр зардаптарға әкеп соқтырмайды деп ойлайды. Қауіпсіздік ережелерін қасақана сақтамау әрекеттері (әрекетсіздіктері) келтірілетін зардаптарға байланысты қылмыстық өзіне сенушілікпен ұлғасуы мүмкін. Кінәлі тұлға болатын ситуацияны алдын ала біле тұра жеңіл ойлылықпен немесе өзінің жүргізушілік тәжірибесіне, әккілігіне және т.б. сенуімен ереже тәртіптерді қасақана бұзады. Мұнда жол-көлік қозғалысы ережелерін бұзу ниеттері, бұл қылмыстардың келтірілетін зардабына қатысты субъектінің абайсызда жасағандығын куәландырады. Сонымен қатар, қауіпсіздік ережелерін қылмыстық бұзу кезіндегі жағдайлар, оның орны, уақыты және басқа да жағдайлар криминалистік мәнге ие болады. Жол жағдайы объективті және субъективті жәйттерден тұратын күрделі динамикалық жиынтық түрінде жүргізушімен көлік құралын жүргізу кезінде ескерілуі керек. Мысалы: түнгі уақытта жарықтандырудың және жолды жөндеу жағдайларының дұрыс болмауы, жаяу жүрушілер мен жүргізушілердің мінез-құлық, жүріс-тұрыс және жылдамдық жағдайлары және т.б. Жолдың жағдайы күрделі болған сайын ол жерде автокөлік апаттарының болу ықтималдығы өседі. Мысалы, белгілі бір уақыт аралығында автокөлік-тердің үзіліссіз шамадан тыс көп жүруі кезінде, сондай-ақ ауа райы нашар болған күндері (жаңбырлы, қарлы, боранды т.б.), түңгі уақыт аралығында жол-көлік оқиғаларының орын алуы байқалынады. Апатқа түскен автокөліктің техникалық күйінің де криминалистік мәні бар. Сот-тергеу тәжірибесінде көлік құралдарын сапасыз жөндеу оларды техни-калық жөндеу орталықтарында (ТЖО) жөндеу кезінде көлік құралдарының орнына стандарттан тыс қолдан жасалған, болмаса сапасыз деталь бөлшектерін, тез жанып кетуге бейім материалдарды пайдалану туралы куәландыратын фактілер жиі кездеседі. Техникалық ақаулықтағы автокөлікті жүргізу кезінде көбінде ауыр зардаптарға әкелетіндей апаттар болып жатады. Жол-көлік оқиғасы – себептер мен салдардың жиынтығын құрайтын көптеген жағдайлардың нәтижесінде болады. Қауіпсіздік ережелерін бұзудың ақиқатын анықтау тек қылмысты ашуға қажетті мән-жайларға байланысты жағдайларды анықтау ғана емес, сонымен қатар автокөлікті пайдалану мен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ажырамас бөлігі болып табылады. Әдетте автокөлік қылмыстарына себеп болатын жағдайларға мыналар жатады: көлік құралы мен жолаушылардың қозғалысын ұйымдастырудағы кемшіліктер, көлік құралдарының, жол мен көшелердің техникалық жағдайына бақылауды дұрыс жүргізбеу; жол полициясы жағынан тиісті қозғалысты бақылаудың нашарлығы немесе жоқтығы; жүргізушілерді (кәсіптенген және авто-әуесқой) дайындаудағы кемшіліктер, жол қозғалысына қатысушыларға қауіпсіздік ережелерді насихаттау жұмысынының өз деңгейінде жүргізілмеуі және т.б.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 94; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.008 с.) |