ылмыс мән-жайлары бойынша көрсетпелерді қалыптастыруға әсер ететін факторлар 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ылмыс мән-жайлары бойынша көрсетпелерді қалыптастыруға әсер ететін факторлар

Поиск

Қылмыстарды тергеу процесінде іс бойынша дәлелдік ақпараттың маңызды бөлігін тергеуші куәлардан, жәбірленуші, сезікті, айыпталушыданжауап алу кезінде алады. Көрсетпелердің қалыптасу процесі 3 кезеңнен тұрады:

- қабылдау (восприятие);

- есте сақтау (запоминание);

- еске түсіру (воспроизведение).

Тергеліп отырған оқиғаның мән-жайлары жөнінде ақпараттарды алу мақсатында жауап алу кезінде тергеуші аталған факторларды білуі қажет және көрсетпелерді бағалау кезінде ескереді. Сәйкесінше, шынайы көрсетпелер алуға бағытталған тактикалық және психологиялық тәсілдерді қолдануы тиіс.

Сондықтан тергеліп отырған әрекеттің мән-жайлары жөніндегі көрсетпе-лердің толықтығы мен шынайылығына әсер ететін факторлар туралы жалпы-лама мәліметтер кез-келген қылмыс түрінің криминалистикалық сипаттама-сының маңызды элементі болып табылады.

13.  Қылмыс іздерін жасыруға бағытталуы мүмкін әрекеттер 

Қылмыс іздерін жасыру бойынша жүргізілетін әрекеттер тергеуге кедергі жасауға бағытталады және жасыру (утаивание), жою (уничтожение), инсценировка және жалғандық (фальсификация) түрінде көрініс табуы мүмкін.

Жасыру кезінде қылмысты тергеу үшін маңызды ақпарат тергеушіге беймәлім болады. Жою – қылмыс іздері мен ол туралы ақпаратты физикалық күш тұрғысынан жою жөніндегі белсенді әрекеттерден көрініс табады.

Инсценировка – қылмыскер, қылмыс құралы және қылмыс жасаудың мән-жайлары туралы түсініктерді өзгерту мақсатында жүзеге асырылады. Мысалы: обьектілердің орнын ауыстыру, қылмыс субьектісінің сыртқы көрінісін өзгерту және т.б.

Іздер мен өзге де дәлелдемелік ақпараттың жалғандығы – олар туралы жалған түсінік қалыптастыруға бағытталған. Мысалы: жалған көрсетпелер беру, жалған куәларды қою, жалған іздер қалыптастыру және т.б.

Тергеушінің қылмысты жасыру тәсілін білуі қылмыскердің айла-тәсілдерін уақытылы анықтауға, сондай-ақ осы бағытта қолданылып жатқан мүмкін болатын әрекеттерді алдын алуға септігін тигізеді.

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 78; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.009 с.)