Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
ылмыстың материалдық іздері
Іздер – қылмысты ашу үшін қажетті маңызды әдістер болып табылады. Бірақ барлық криминалисттер криминалистикалық сипаттамаға іздер және оларды табуға мүмкін болатын жерлер туралы мәліметтерді енгізуге бірдей қарамайды. Г.А. Мозговых, В.А. Сергеев, Е.Ғ. Жәкішев т.б. ғалымдар: “бұл мәліметтер криминалистикалық сипаттаммаға енгізілуі тиіс” – деп есептейді. Профессор Г.А. Мозговых, “әрбір қылмыс түрі іздер түріндегі материалдық зардаптардағы өзіндік белгілерімен ерекшеленеді,” – деп бөліп көрсеткен.
Көптеген типтік іздерді, олардың пайда болу механизмін, жиналуы мүмкін болатын орындарды танып-білу нақты қылмысты ашудың жолын айқындайды. Қылмыс жасау кезінде пайда болатын материалдық өзгерістер қылмыс оқиғасымен себепті байланыста бола отырып, үлкен дәлелдемелік маңызға ие болады.
9. Қылмыстың ниеті және мақсаты
Ниет және мақсат – қылмыс құрамының субьективтік жағының өзара тығыз байланысты белгілері болып табылады. Сондықтан заңи әдебиеттерде бұл ғылыми категориялар бірге қарастырылады. Қылмыстық-құқықтық ғылымда ниет деп қылмыс жасауға итермелеген, қажеттіліктер мен мүдделермен қамтамасыз етілген тұлғаның саналы түрде көрініс табатын ішкі сезімдерін айтамыз.
Ал мақсат деп қылмыс жасау нәтижесінде қылмыскердің сыртқы өмірінде болатын өзгерістер туралы тұлғаның ой-пікірін түсінеміз. Ниет әрбір қылмысқа тән және қызғаныш, кек алу, көре алмаушылық, жек көрушілік, бұзақылық немесе пайдакүнемдік сипатта көрініс табуы мүмкін. Мақсат – қылмыс жасауға итермелей отырып, тұлғаның еркін білдіреді. Қылмыстық жүріс-тұрыстың шынайы ниеті мен мақсаттарын білу қылмысты тергеу барысында оның қозғаушы факторларын бекітуге көмектеседі.
|