Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Істі қозғау кезеңіндегі тексеру әрекеттеріСодержание книги
Поиск на нашем сайте 3. Істі қозғау кезеңіндегі тексеру әрекеттері 4. Типтік ситуациялар және тергеудің бастапқы кезеңі 5. Жеке тергеу әрекеттерінің тактикасы
1. Экономика саласында жасалатын қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы Қазіргі кезде экономика саласындағы қылмыстар кеңінен тарап өсуде және біршама өзгеріп жаңа түрлері пайда болған. Мысалы, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп кету немесе ысырап ету, экономикалық контрабанда, жалған кәсіпкерлік, заңсыз банк қызметімен айналасу және т.б.. Қылмыстық-құқықтық көзқараспен қарастыратын болсақ экономика саласын-дағы қылмыстарға мыналар тән: бұл қылмыстың объектісі болып экономикалық маңыздағы қоғамдық қарым-қатынастар; экономикалық залалдың болуы және де оның ірі көлемде немесе аса ірі көлемде болуы; өндірісте жасалатын және айналадағы ортаға негативті әсер ететін қылмыстарды қоспағанда барлық уақытта ниеттің қылмыстық істен орын алуы. Экономика саласына байланысты жасалатын қылмыстардың криминалис-тикалық сипаттамасы төмендегідей ерекшеліктерден тұрады. Біріншіден, экономика саласында жасалатын қылмыстар – мүліктік қатынастарға бағытталған нақты бір материалдағы (өндірістерге, зауыт, фабрика, рудниктер, теле-радио коммуникациялары, акциялар мен ақшалай қаражаттарына, валюталарға, сондай-ақ жер және жер қойнауларына, мұнай мен газ өнімдеріне, астық және дайын өнімдерге) қол сұғушылық болып табылады; Екінші ерекшелігі, экономика саласына байланысты белгілі бір жоғары білімі бар кез-келген экономикалық қылмыстарды жасаған субъектілер, бұл қылмыстарды көбінде осы салаға байланысты бір лауазымды құзіреттілік берілген тұлғалар жасайды; Үшінші ерекшелігі, экономикалық қылмыстарды жасау жағдайларына байланысты. Бұл қылмыстар міндетті түрде нақты бір шаруашылық ортасында, атап айтқанда: өнеркәсіптік немесе ауылшаруашылық, сонымен қатар сауда орындарында, кәсіпорын немесе офис, банк, фирмаларда және т.б. жасалады. Бұл жерде міндетті түрде мынандай операциялар жүргізіледі – қаржылық және материалдық есеп-шоттар, мұнда міндетті түрде мамандар, қызметкерлер және сол сияқты басқа да тұлғалар болуы тиіс. Төртіншіден, барлық шаруашылық және қаржылық операциялар тиісті құжаттармен рәсімделеді. Сондықтан да қылмыскердің экономикалық қылмыстардан көрініс табатын кез-келген әрекет немесе әрекетсіздіктері әрқашан да жазбаша ресми құжаттарда электрондық түрде немесе мәлімет беретін құжаттың алғашқы нұсқасында бекітіледі. Мұнда қылмысқа қатысты кез-келген құжаттар нақты дәлелдемелер болып табылады. Бесіншіден, экономикалық қылмыстар негізінен жасырын (латенттік) сипатта жасалады. Қылмыскердің білімділігі – қылмыстың ізін жасыруға байланысты әртүрлі шараларды ойлап табуына, оларды қамтамасыз етуге алдын ала әртүрлі айла-әдістерді, әрекеттерді жасауына мүмкіндік береді. Сондықтан да қылмыстық істі қозғауға байланысты нақты әрі толық негіз алу үшін көп жағдайларда тергеу әрекеті жүргізілмес бұрын алдын ала тексеру жұмыстары жүргізілуі тиіс. Экономикалық қылмыстарға тән ерекшеліктердің тағы бір түрі, яғни алтыншы ерекшелігі, қылмыскердің жасаған әрекеттері бірнеше қылмыс түрлерімен байланысты болуында. Мысалы: несиені заңсыз алу қылмыстары жалған кәсіпкерлік қылмыстарымен байланысты болуы мүмкін. Ал өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп кету қылмыстары бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу; жалған банкроттық қылмыстары аукцион-дарды өткізудің белгіленген тәртібін әдейі; пара алу қылмыстары қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану және сол сияқты басқа да қылмыстармен байланысты болуы мүмкін. Экономикалық контрабанда қылмыстары көбінде қылмыскерлердің салық төлеуден (кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден) бас тартуына байланысты жасалады. Жетіншіден ерекшелігі, экономика саласындағы қылмыс сипаты көпшілі-гінде ұйымдасқан түрде жасалатындығында. Қылмыстық әрекетке қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік топ, сонымен қатар мемлекеттік қызмет деңгейіндегі құқық қорғау қызметкерлері де қатысады. Кейде экономика саласындағы қылмыс-тарды ұйымдасқан топ болып жасауға жоғары қызметтегі шенеуніктер қатысады. Олар бұл қылмысты Қазақстан Республикасынан тыс жақын және алыс шетел азаматтарымен байланыста бола отырып ұйымдасып жасаулары мүмкін. Экономикалық қылмыстарға тән соңғы ерекшеліктерге қылмыскердің көп көріністік және ұзақ уақыт аралығындағы әрекеттері жатады. Экономика саласына байланысты бір факт бойынша бір күн немесе апта ішінде жасалған қылмыс түрі тәжірибеде әлі кездескен жоқ. Осы ерекшеліктер экономика саласындағы қылмыстарды тергеудің қиын-дығымен, тергеушінің өзге де қызметтермен тығыз байланысымен, тергеу процесінің материалдық-техникалық жағынан қамсыздануымен және тергеу-шінің кәсіби дайындығымен байланысты. Экономикалық қылмыстарды тергеу әдістемесі құрылысы жағынан – ұрлық, адам өлтіру, жол-көлік оқиғасы қылмыстарын және басқа да қылмыстарды тергеу әдістемесінен айырмашылығы айтарлықтай көп емес. Басқа қылмыстардағыдай элементтер экономикалық қылмыстарынан да көрініс табады, яғни қылмыстық-құқықтық, қылмыстық-процестік актілер ескеріледі, сол схемалар бойынша ұсыныстар жасалады. Барлық жеке әдістемелер алдымен экономикалық қылмыс түрінің нақты бір қылмыстық-құқықтық сипаттамасына сүйенеді. Қылмыстық-процесуалдық негіздер – тексеру әрекеті кезеңінен бастап қылмыстық істі қозғауға дейінгі және айыптау қорытындысын жасау кезеңін аяқтай отырып жеке әдістеменің барлық кезеңдерін өткізеді. Экономикалық қылмыстардың әрбір түрінің типтік белгілері, қылмыстың нақты бір түрі мен тобына байланысты криминалистикалық маңызды ақпараттар жүйесі криминалистикалық сипаттама сияқты жеке әдістеме элементтерінде беріледі. Бұл ұғым қылмыстық әрекеттердің негізгі элементтерін қамтиды. Мұнда қылмысты жасаған тұлғаға байланысты типтік мәліметтер, қылмысты жасау тәсілдері, қылмысты жасауға дайындық әрекеттері мен оның ізін жасыру әдіс-тәсілдері жалпы қорытылған түрде беріледі. Экономикалық қылмыстар бойынша қылмыскердің жеке басы және қылмысты жасау тәсілдерімен байланысты қылмыстың механизмі туралы мәліметтер криминалистикалық сипаттамалардан көрініс табады. Қылмыс жасау тәсілі міндетті түрде қылмыскердің қызметтік және өндірістік-шаруашылық қызметіне кіреді. Ол мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық құжаттарынан, мекеме, банктердің рәсімдеу, орындау құжаттарынан, цех, қойма, офистер мен көлік және компьютерлік-техниканы пайдалану туралы жазбаша құжаттардан көрініс алады. Экономикалық қылмыс механизмінің ерекше белгілері қылмысты жасауға дайындалу, оны жасау мен ізін жасыру тәсілдері, мысалы: салық төлеуден бас тарту кезінде жасалған қаржылық есеп жасаумен байланысты болуы мүмкін. Қылмыстың барлық түрінің механизмі қылмыскердің көптеген куәлерді – күзетшілер, хатшы, машинист, программист, жүргізуші, қоймашы, жұмысшы, технолог, бухгалтер, инженер, инспектор, аудитор, ревизор және басқа да тұлғаларды қылмыстық әрекеттерді (немесе көбінде әрекетсіздіктерді) жасауға итермелейтіндігімен сипатталады. Экономикалық қылмыстардың барлық түрлері бойынша қылмыскердің жеке басының типологиялық қасиеттері, оның жоғарғы әлеуметтік жағдайынан, мамандығынан, іскерлігінен, қоғамдағы көптеген әлеуметтік топтармен тамыр-таныстық байланыста болуынан көрініс табады. Көбінде олар өздерін қылмыскер ретінде санамайды. Оларға тергеу процесіне қарсы әрекет етуге мүмкіндіктер беретіндей қаржы жағынан тиімді жағдайлар, еркіндік, суық қандылық тән. Экономика саласына байланысты жасалатын қылмыстық әрекеттердің өзіне тән ерекшеліктері криминалистикалық сипаттамадағыдай жеке әдістеменің ұғымы мен элементінен көрініс табады. Барлық жеке әдістемелердің құрылысында тергеу әрекетінен басталуы мүмкін жағдайдың сипаты мен варианттары міндетті түрде айқындалады. Субъективтік факторлардың ықпал етуіне қарамастан, бұлар объективтік жағдай болып табылады. Осы немесе басқа да экономикалық қылмыстарды тергеу кезінде болуы мүмкін типтік ситуациялар жөнінде сөз қозғалып отыр. Шын мәнінде тергеушілер нақты бір қылмысты тергеу кезінде тәжірибеде айқындалатын әртүрлі ситуацияларға байланысты басқа да жағдайларға кезігуі мүмкін. Типтендіру үшін барлық факторларды қамту мен олар бойынша ұсыныстар жасау мүмкін емес. Экономика саласында жасалатын қылмыстық әрекеттің өзіндік қасиеті келесідей әрекеттерді жүргізуден тұрады – қылмыстық әрекеттің белгілерін қарастыру қиын болғандықтан алдын ала тексеру әрекеттерін жүргізу қажеттілігі туындайды, содан кейін ғана тергеудің алғашқы, кейінгі және қорытынды кезеңдері басталады. Барлық жеке әдістемелердегі ұсыныстар алғашқы шараларды жүргізу мен басқа да кезеңдері бойынша шектеледі. Тергеудің бастапқы кезеңінде кейінге қалдыруға болмайтын және жедел әрекеттер жүргізіледі. Жорамалданған қылмыскерді анықтағанша тергеуші қызу түрде жұмыс жасайды. Кейінгі кезеңінде негізгі жұмыс оның кінәлі екендігін дәлелдеуге байланысты жүргізіледі. Қорытынды кезең айыптау қорытындысын жасаудан тұрады. Экономика саласына байланысты жасалатын қылмыстарды тергеу барысында әртүрлі формадағы арнайы білімдерді пайдалануға тура келеді. Сондықтан да тергеу (құжаттарды қарау, компьютерлік техникаларды қарау, тінту, жауап алу және т.б.) әрекеттерін жүргізуге мамандарды қатыстыру; ревизия, аудит тағайындау; сот-сараптамасын тағайындау; мамандармен кеңес жасау талап етіледі. Тәжірибелер көрсетіп отырғандай тергеушінің – жедел-іздестіру қызметкер-лерімен, экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу бойынша агентствамен, кеден комитетімен, статистика агентствасымен, Ішкі Істер Министрлігі, Бас прокуратура, ҚР Ішкі Істер Министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросы және т.б. ақпараттық орталық қызметтерімен өзара қарым-қатынасынсыз экономикалық қылмыстарды жылдам әрі толық ашу мүмкін емес. Жеке әдістеменің құрылысы келесідей элементтерден тұрады: - қылмыстық-құқықтық негіздерден; - экономикалық қылмыстардың криминалистикалық сипаттамаларынан; - типтік ситуациялардан және тергеудің алғашқы кезеңінен; - тергеудің кейінгі кезеңінен; - экономикалық қылмыстарды тергеу кезінде арнайы білімдерді қолданудан; - тергеушінің әртүрлі қызметтермен өзара қарым-қатынас жасауынан. Экономикалық қылмыстар бойынша өңделген әрбір жеке әдістемелерден аталған барлық элементтер көрініс табады. Бөтеннің мүлкін ысырап ету немесе талан-таражға салу қылмыстарын қарастырып өтейік.
2. Сеніп тапсырылған бөтен мұлікті иеленіп алу немесе ысырап ету қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы
Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету қылмыстарын өзіне мүлікті сеніп тапсырылған тұлғалар жасайды. Өздеріне берілген мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жағдайларын теріс пайдалана отырып, олар заңсыз жолмен сол заттарға деген құқықтық меншікті өздері иеленеді немесе басқа тұлғаларға иелену құқығын береді. Мүлік әртүрлі формада болуы мүмкін, мемлекеттік немесе жеке меншік. Қылмыстың субъектілері болып табылатын тұлғалар, олар заңда көрсетілген барлық белгілері бар – мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер мен қарапайым азаматтар. Бұл қылмыс түрінің криминалистикалық сипаттамасын барлық элементтері үздіксіз тізбектелген ақпараттық мәліметтерді құрайды және қылмыстық қол сұғушылық затынан көрініс табады. Иеленіп алу затына – ақшалай қаражаттар, бағалы қағаздар немесе материалды құндылықтар жатады. Ақшалай қаражаттарына – мемлекеттік кәсіпорындармен бөлінетін қаржы қаражаттары, банкке салымшылардың (азаматтардың, заңды тұлғалардың) салған ақшалары; зейнеткерлік жинақ қорларының, сақтандыру компаниялары мен басқа да қорлардың, заңды тұлғалардың және т.б. ақшалай қаражаттары жатуы мүмкін. Материалдық құндылықтардың шеңбері кең. Атап айтқанда, олар: жер учаскелері, өндірістік комплекстер, рудниктер, мұнай ұңғылары, техникалық және компьютерлік жабдықтар, шикізаттар, материалдар, дайын өнімдер, сауда объектілері, ғимараттар, пәтерлер және т.б. Жоғарыда аталған қылмыстық қол сұғушылық заттарының экономикалық және әлеуметтік аяда өз алдына ерекше орны бар. Олардың әрқайсысы белгілі бір қаржы-шаруашылық операциялармен және тиісті қоғам шеңберімен байланысты болып келеді. Ұрлау затына не жататынын анықтап алдық, енді ұрлықты кім және қандай тәсілмен жасайтындығын анықтауға мүмкіндіктер бар. Қоғамға ерекше қауіпті қылмыстардың түріне – бюджеттік қаржыны, зейнеткерлік жинақ қорларының ақшалай қаражаттарын, табиғи қорларды және т.б. ұрлау жатады. Бүгінгі таңда сенімге кіру жолымен жасалған бөтеннің мүлкін иелену мен ысырап ету қылмыстары жалпы қоғамның – мемлекетке, үкіметке, құқық қорғау органдарына сенімсіздікпен қарау қаупін тудырады. Қылмыс субъектілерінің жеке басының ерекшеліктері, яғни оларға тән қасиеттер – көбінде бұл білім деңгейі жоғары, жұмыс істеу тәртібін өте жақсы білетін, тәжірибесі мол, қызмет технологиясын білетін, басқару қызметін орындау құзіреттілігі берілген және экономика немесе технология, сондай-ақ қаржы саласымен басқа да салалардан білімі бар тұлғалар. Оларға кәсіптік тәжірибелерінің болуы тән. Жас категориясы шамамен кемелденген деңгейі ''30-50'' аралығындағы адамдар. Жыныс жағынан көбінде ер адамдар. Психологиялық көзқарастан сипаттайтын болсақ, олар: отбасына берік, өнегелі, ұқыпты, қамқоршыл, ішімдік ішпейтін, есірткі заттарды пайдаланбайтын аса тәртіпті жандар. Сонымен қатар бұл тұлғалар – пайдакүнем, сараң, үнемшіл және өте сақ, ал интеллект жағынан жоғары білімді болғаныменде арсыз болып келеді. Ысырап ету – бұл категориядағылардың психологиялық портреті, яғни ой-өріс, мінез-құлықтары мүлдем өзгеше, нақты айтқанда: олар жеңілтек, мен-меншілдігі басым, кәсіби қабілеті төмен немесе мүлдем жоқ, талдап-саралау дегенді білмейтін адамдар. Жас және жыныс жағынан –бұлар көбінде қызмет бабының өсуін, жоғарлауын таныс-тамыр арқылы жасаған, өз тәжірибесі аз немесе жоқ, жасы әлі кемелдене қоймаған ер адамдар. Иелену жолымен жасалатын бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын тәсілдері бойынша төмендегідей екі түрге бөліп қарастыруға болады: - мүлікті ұрлауды қарапайым жолмен жасау; - инсценировкалау жолымен жасау. Өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті қарапайым жолмен ұрлау кезінде қылмыскер (ақшалай қаражаттарды, заттарды немесе басқа да нәрселерді) мүліктерді ешбір ысырап етуінсіз немесе бүркемелеулер жасамай-ақ ашық түрде иеленеді. Ол қылмысты жалғыз немесе екі-үш адаммен шағын ғана топ болып жасайды. Мұнда – кассирлердің ақша қаражаттарын иеленуі, қоймашылардың (зат сақтаушылардың) дайын немесе басқа да өнімдерді иеленіп алуы жөнінде сөз қозғалып отыр. Бөтен мүлікті инсценировка жолымен ұрлау қылмыстары әртүрлі тәсілдермен жасалады. Солардың ішінде универсалды тәсілдер –өндірістерде (банктік қызметтерде), сауда және әлеуметтік аяларда қолданылады. Олар: қайтыс болып кеткен тұлғаларды ведомостқа қосып жазу; орындалмаған жұмысқа ақшалай төлемдер беру; жалған құжаттар жасау арқылы ақша алу; құндылықтарды және т.б. иелену жолымен жасалады. Көрсетілген қызмет салаларына байланысты, мысалы, өндірісте мынандай тәсілдер қолданылады: - жалған банкроттық; - өнімдерді дайындау технологиясын бұзу; - кәсіпорынның аты мен оның ұйымдық-құқықтық жағдайын өзгерту жолдарымен қайта тіркеуге тұру; - ақшаны шетелдік есеп-шотқа аудару; - кәсіпорынның тұрақ-орнын, мекен-жайын өзгерту; - бухгалтерлік есеп жүргізу ережелерін бұзу және т.б.. Көп көріністік, яғни ірі мөлшерде жасалатын ұрлау қылмыстары ұйымдасқан топ құрамымен жасалады. Әдетте, бұлар – материалды жауапты тұлғалардың (бухгалтерлермен, кассирлермен) алдын ала келісулері арқылы жүзеге асыры-лады. Тергеу барысының барлық кезеңдерінде қылмыстық топ құрамының қатысушылары, сондай-ақ олардың туыстары және достары тарапынан қарсы әрекеттер жасалуы мүмкін. Криминалистикалық сипаттаманың келесі элементіне ұрлау қылмысының жасалу жағдайлары жатады. Ол қылмыскердің немесе қылмыстық топтың ықпал ету шарттарынан, сондай-ақ қылмыстық қол сұғылатын заттардан тұрады. Олар: фирмалар, цехтар, зауыттар, мекемелер, олардың құрылтай құжаттары, акционерлердің және құрылтайшылардың жиылыс хаттамалары, басқа да қаржылы-шаруашылық операциялар (бастапқы құжаттар, есептік тіркеулер, басты кітапша, қаржылық есеп құжаттары) және басқа да объектілер. Бұлардың барлығы объективті жағдайлар ретінде ұзақ уақытта қолданылады және қылмыстың ізін сақтай отырып тергеу кезінде түгелдей жоғалып кетуі мүмкін емес.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 62; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.012 с.) |