ылмыстық қол сұғушылықтарының заттары 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ылмыстық қол сұғушылықтарының заттары

Поиск

6. Қылмыс жасау жағдайы

Қылмыс оқиғалары обьективтік шындық процестерімен және қылмысқа қандай да бір қатысы бар тұлғалардың жүріс-тұрысымен өзара байланысты болатын: уақыт, жер және қоршаған ортаның нақты жағдайларында орын алады. Қылмыс жасау жағдайларын анықтау және талдау арқылы қылмыс іздерін, куәларды, т.б. мән-жайларды анықтау жөнінде өте бағалы крими-налистикалық ақпараттарға қол жеткізуге болады.

Р.С. Белкиннің анықтауы бойынша: «қылмыс жасау жағдайы – бұл нақты өмірлік жағдайлар. Оның құрамына оқиғаға қатысушылардың жүріс-тұрысы, осы қатысушылардың әрекеттеріне ықпал ететін немесе кедергі болатын әр түрлі жағдайлар кіреді».

Ал В.А. Образцов заң оқулықтарында қылмыс жасау жағдайларының мазмұнына: “қылмыс жасалған жердің, уақыттың сипаттамасымен қатар, сол жердің территориялық, климаттық, демографиялық ерекшеліктерін де енгізуді” – ұсынған.

Қылмыс жасау жағдайларының элементтерін табу және талдау тергеудің неғұрлым тиімді жолдарын анықтау үшін өте бағалы криминалистикалық ақпаратты ұсынады. Қылмыс жасау жағдайлары туралы осы және басқа да мәліметтерді талдау және жалпылау нақты қылмысты тергеу барысында қылмыскердің жұмыс орны мен мекен-жайын анықтауға көмек келтіреді.

Қылмыс жасау процесінде қылмыскердің тікелей әсер етеуіне ұшыраған материалды құнды заттар – қылмыстық қол сұғушылықтың заты болып табылады. Қылмыстың обьектісіне қоғамдық қатынастар, ал қылмыстың затына осы қатынастардың дамуын қамтамасыз ететін олардың материалдық көріністері жатады.

Әртүрлі қылмыс түрлерін жасау кезінде қылмыстық қол сұғушылықтың заты ретінде төмендегілер табылуы мүмкін:

- мүлік (мемлекеттік, қоғамдық, т.б.);

- айналымы шектелген заттар (қару, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар, есірткі, психотроптық заттар);

- мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтер;

- тарихи, мәдени тұрғыдан бағалылығы бар заттар мен құжаттар;

- табиғи байлықтар.

Дегенімен де, бұл элемент барлық қылмыс түрлеріне, соның ішінде бұзақылық, жол-көлік оқиғасы, қоршаған ортаны ластау қылмыс түрлеріне тән емес. Қылмыстық қол сұғушылық затының криминалистикалық маңызы, ең алдымен қылмыс жасау процесінде нақты заттарға қылмыскердің әсер етуімен қамтамасыз етілетіндігінде. Қылмыстық қол сұғушылық затының ерекше-ліктерін білудің маңызы тергеушіге белгілі бір іздердің түрін тауып, оларды бекітуге бағдар береді. Қылмыстық қол сұғушылықтың бұдан басқа да ерекшеліктерін білу және ол туралы жалпылама мәліметтер – нақты қылмыс категориялары туралы негізделген болжаулар жасауға мүмкіндіктер береді.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 69; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.008 с.)