здігінен таралатын жоғарытемпературалық синтез әдісі негізінде алмазқұрамды материалдар алудың 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

здігінен таралатын жоғарытемпературалық синтез әдісі негізінде алмазқұрамды материалдар алудың

Поиск

Алмаз құрамды материалдарды керамикалық және металлкерамикалық байланыстыру арқылы алудың дәстүрлі әдістері күрделі тех-қ опирациялар жиынтығынан тұрады. Яғни өте жоғары тем-ны және қысымды талап етеді. Алмаз 800°С тем-дан жоғары тем-да реттелу жылдамдығын өзгерте алады. Оның құрамындағы қоспаларға бөлшектердің өлшеміне ж/е табиғатына байл. болады. Жана алмаз құрамды материалдарды ж/е керамикалық байланыстырғыштармен алу ӨЖС арқылы жүзеге асырылады. Жану толқынында алмаздың сақталу дәрежесі келесі параметрге тәуелді: жану тем-сы ж/е жану жылдамдығы 

2) Жану р-сы өтетін атм-қ құрамы.

3) Реакциялық қоспадағы алмаздардың массалық мөлшерлері.

4) Алмаздың табиғаты ж/е дисперстілігі

5) Алмазбен байланыстырғыштың фаза-аралық әрекеттесу же өзара ерігіштігі

6) Синтездің аралық ж/е соңғы өнімдері

7) синтездің өнімдерін суыту жылдамдығы

  Тәжірибиелік ж/е теориялық түрде келесі ӨЖС қоспалары зерттелген Ti-B; Ni-Al; Tl-C-Ni; Ti-Mo-C; Ni-Al-Cu-Ti; Cu-Al-Ni-Sh; Ti-Al-C;Ti-W; Ti- ;

Алмаз қатысындағы әртүрлі ӨЖС жүйелерінің жану толқынындағы процестерін талдау, алмаз құрамды материалдарды алуға мүмкіндік береді. Бұл жұмыспен айналысқан ғалымдар Левашов, Динагий.

ӨЖС толқынында алмаз толқынының өзгерісін зерттеу сонымен қатар қыздыру зонасында алмаз кристалдарды ж/е бастапқы компоненттермен ж/ реагенттермен әрекеттесуін талдау.

Жану толқынының әр зонасында алмаз түйіршіктерінің марфологиялық өзгерудің динамикасын зерттеу, реакцияның жану процесін алмаз концентрациясының әсерін талдау

2) Бәсекеге қабілетті алмаз құрамды материалдар алу үшін қажетті ӨЖС техникалық тәсілдерін ж/е шарттарын жасау.

3) Әр түрлі мақсатқа арналған алмаз инструменттерін дайындауға қажетті тиімді ӨЖС композицияларды іздеу

4) Алынған бұйымды лабороториялық ж/е өндірістік сынақтан өткізу


58. Фуллерендер және олардың жану режимінде түзілуін талдаңыз.Табиғатта көміртегінің екі аллотропиялық түр өзгерісі – қатты мөлдір алмаз бен жұмсақ қабатты графит бар екені белгілі. 1968 жылы А.М.Сладков КСРО ҒА мұнай химиясының синтезі институтының қызметкерлерімен бірге көміртектің үшінші аллотропиялық түр өзгерісі- карбинді синтездеп алады. Карбин-тығыздығы бойынша алмаз бен графиттің арасында жататын  ақ зат.Карбиннің ашылуынан соң ғалымдар көміртектің аллотропиялық түр өзгерісі осымен аяқталды деп есептеді. Міне,сондықтан 1985 жылы С60 молекуласының ашылуы ғылымға қосылған тың жаңалық болды.29-суретте С60 және С70 фуллерендердің құрылымы келтірілген. Р.Смолли жинақтаған фуллерен құрылысы допқа ұқсас,сондықтан да оны кей кезде футболен деп атайды, ал С70 регби добына ұқсайды. Фуллерен қасиеттері ерекше, соның бірі – оның органикалық еріткіштерде еруі. Осының нәтижесінде химиктер гомогенді ерітіндіде элементтік көміртекпен реакция жүргізуге мүмкіндік алды. Фуллерен тығыздығы                          1,65±0,05 г/см3 тең, 360°-қа дейін балқымайды және ауада тұрақты.Көміртек түйіршіктерінің беріктігі 20 гПа қысымда да өзгеріссіз қалады.Әлемнің физиктері сұйық азоттың қайнау температурасынан жоғарғы шектік температураға ие болатын асқын өткізгіш материал алу жолында көптеген ізденістер жүргізген, сондықтан да фуллереннің ашылуы физиктерге жаңа ұсыныстар енгізді. Себебі фуллереннің ашылуы кристалдық торында бос тетраэдрлік және октаэдрлік кеңістіктер бар және оған металл иондары ене алады. Қазіргі кезде галогенмен толтырылған Тшекті =57 К фуллерен қабыршағы белгілі.

С60 және С70 фуллерендері 1985 жылы табылып, тек 1990 жылы ғана макроскопиялық мөлшерде алынды.Жалында фуллерен иондары 1987 және 1991 жылдары байқалды. Олар жалыннан өте көп мөлшерде алынып, спектроскопиялық әдістермен зерттелді.Ховард қызметкерлерімен төменгі қысымда бензол мен оттегінің алдын ала арастырылған ламинарлы күйе түзетін жалынынан С60 және С70  едәуір мөлшерін алады. Алынған күйеде С60 және С70 мүмкін болған ең үлкен мөлшері 20% құрайды. С60 + С70 түзілуінің ең үлкен жылдамдығы С /О= 0,089 қатынасында және 25% гелиймен сұйылтқанда , 69 торр қысымда байқалған.Жалындағы графиттің булану тәсілінен фуллереннің ерекшелігі С6070 қатынасы 0,26-8,8 арасында өзгереді.Қазіргі кезде фуллерендердің қасиеттерін зерттеу, оларды әртүрлі реакцияларда тексеру жұмыстары жүргізілуде. ҚазҰУ зертханаларында зерттеліп жатқан атмосфералық қысымда толық күйе түзбейтін жалындар фуллерендерді синтездеудің бір жолы болып табылады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 81; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.005 с.)