Иницирлеуші жарылғыш заттарға сипаттама беріңіз. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Иницирлеуші жарылғыш заттарға сипаттама беріңіз.

Поиск

39. Иницирлеуші жарылғыш заттарға сипаттама беріңіз.

Жарылғыш заттар біріншілік (иницирлеуші) және екіншілік (бризантты) деп бөлінеді. Иницирлеуші ЖЗ-шамалы сыртқы әсердің, мәселен, от сәулесінің, үйкелістің, жаншудың немесе әлсіз соққының әсерінен жарылуға қабілетті бірыңғай сезімталдығы жоғары жарылғыш зат. Иницирлеуші жарылғыш заттарға күркіреуік сынап, қорғасын азиді және қорғасын тринитрорезорцинаты жатқызылады, олар тек екінші реттік детонацияны қоздыруға арналған жару заттарында ғана қолданылады. Капсюль-детонаторларда иницирлеуші ЖЗ отөткізгіш шнур (ОШ) отынның сәулесі әсерінен, ал электр детонаторларда қызған электр шиыршық арқылы жарылады. Иницирлеуші жарылғыш заттармен жұмыс істеу қауіпсіздігіне оларды металл жабынның-капсюль гильзасына енгізілген қалпақша ішіне нығыздап салу арқылы қол жеткізідеі.

Иницирлеуші және бризантты ЖЗ құрамы бойынша жеке (жеке химиялық қосылыстар) және қоспалы немесе күрделі (қоспалар, жарылғыш немесе жарылмайтын қосылыстардың құймасы ) болып бөлінеді. Бризанттылық- ЖЗ-ның жарылыс кезінде қатты жыныстарды ұсақтау қабілеті. Бризанттылық екі түрге бөлінеді: жергілікті немесе ұсақтаушы әсер және жалпы немесе фугасты әсер

40. Нитроглицерин негізіндегі жарылғыш заттарды сипаттаңыз және олардың қолдану аймағын көрсетіңіз.

Нитроглицерин - 7,8 м/сек. жылдамдықпен тұтанатын маңызды жарылғыш заттардың бірі. Оны глицеринді нитрлеу арқылы, нитродтгликольді диэтиленгликольді нитрлеу арқылы, нитрогликольді этиленгликольді нитрлеу арқылы алады. Нитроглицерин оң оттектік балаесқа (+3,5%) ие және қуатты жарылғыш жарылғыш заттардың бірі болып табылады. Нитроглицериннің жарылғыш ыдырауы қыздыру, механикалық әсерлер (соққы, үйкеліс), капсюль-детонатордың иницирлеуші импульсі арқылы туындауы мүмкін. Сұйық нитроглицериннің детонация жылдамдығы сынау жағдайына тәуелді. Сынаудың қарапайым жағдайларында детонация жылдамдығы шамамен 7,7 км/с, бірақ детонацияның таралуының төмен жылдамдықты режимдері де бар (1,5-2 км/с). Сезімталдық қасиетінің жоғары болуына байланысты нитроэфирлерді тасымалдауға тыйым салынған, сол себепті олар дайындау орнында өндіріледі.

Нитроглицерин артиллериялық снарядтар мен миналардың, сондай-ақ кейбір жарылғыш заттардың, соның ішінде динамиттердің ұрыс зарядтарынан түтінсіз нитроглицеринді оқ-дәрі шығару үшін қолданылады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 87; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.)