Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
Жарылғыш заттың бризанттылығын анықтау әдісін түсіндіріңіз.
. Детонация жылдамдығы жылдамдықты кинотүсірілімді фототіркегіштермен, нақты аспаптармен (осциллограф),реостатты датчиктермен және сыналатын ЖЗ-ның детонация жылдамдығымен салыстыру арқылы (Дотриш әдісі) анықтайды. Осциллографиялық әдіс сыналатын ЖЗ токөткізгіш болмаған жағдайда қолданылуы мүмкін.Дала жағдайында геологиялық-барлау партиясына ыңғайлысы Дотриш әдісі, бұл әдісті М.Я.Сухаревский және Ф.А.Першаков модернизациялады, ол лабораториялық қондырғыны қажет етпейді. Әдістің негізі мынада: патронның бүйір жағының беткі бөлігіне диаметрі 31±1 мм және ұзындығы 300 мм заряд осі бойынша екі саңылау жасайды, олардың арақашықтығы – 200 мм. Саңылауларға детонацияланатын контурдың кесінді бөліктерінің ұшын салады (5-сурет). Саңылаулардан капсюль-детонаторларға дейінгі арақашықтық 80…100 мм-ге тең болуы керек. Шнурдың басқа екі ұшын калыңдығы 0,3…0,5 мм қаңылтыр пластинкаға изоляциялық лентамен қалыңдығы 10 мм болатын аралық қабатпен енгізеді. Жарылыс кезінде детонация заряд бойынша және ДШ-ның екі ұшы бойынша таралады.Шнур кесінділерінің ұзындығын (әдетте, 0,6…11,м) детонация толқындары пластинка бетінде болатындай есептейді және осы жерде диагональді майысқан жер қалады.
Детонация жылдамдығы ЖЗ-ның тығыздығына тәуелді болғандықтан, сынақтар кезінде ЖЗ-ға өнеркәсіптік жағдайда тән тығыздықтың болуын қадағалау керек.

5-сурет. Дотриш әдісі бойынша детонация жылдамдығын анықтаудың сызбанұсқасы: -1индикатор ;2-ЖЗ заряды;3- қаптама;4,6-ұзындықтары сәйкесінше және болатын ДШ кесінділері; 5- қорғасын пластинасы.Ұшқындық хронограф, зарядтағы жарықтанудың жылдам түсірілімі,айналық фотоұңғы және т.б әдістермен детонация жылдамдығын анықтау қиын және ол тек арнайы зерттеулерде ғана қолданылады.Оқ-дәрінің детонацияға қабілеттілігін массасы 8 кг,1м тереңдіктегі өлшемі 0,5x 0,5 м шурфта немесе орда анықтайды.Егер оқ-дәрі массасы 2 кг 6 ЖВ аммонит зарядының детонаторынан детонацияланбаса, онда партияны жарамсыз деп есептейді.
|