Жалынның таралуын сипаттаңыз. Жалын фронтының құрылымын көрсетіңіз.
Жанғыш зат пен тотықтырғыш кез келген жағсы араласқан қоспасында химиялық тұрғыдан жануға қажеттінің бәрі бар. Осы шарттар бүкіл реакциялық ыдыста емес, белгілі бір орында ғана жүзеге асады деп қарастырсақ, жеткілікті мөлшерде активті орталықтар түзіле локальді қызу орын алады. Локальді иницирлеуден соң реакция толқыны пайда болады, ол бүкіл реакциялық қоспаны бүкіл қамтиды. Жалынның осылай таралуының екі режимі болады: дыбыс жылдамдығынан өте жоғары жылдамдықпен және дыбыс жылдамдығына дейінгі жылдамдықпен таралу.
Бірінші режим – детонациялық таралу соқпа толқында заттың өту жылдам соңылуына негізделген. Соқпа толқын затты қажет мөлшерде қыздырып, химиялық реакция айтарлықтай жылдамдықпен жүретіндей дәрежеге жетеді. Химиялық реакция нәтижесінде бөлінетін жылу да өз кезегінде соқпа толқынның тұрақты қарқындылығын ұстап, оның үлкен қашықтыққа таралуын жүзеге асырады.
Екінші режим- жалынның қалыпты таралуы жылу өткізгіштік пен активті орталықтардың диффузиясына байланысты. Жалын таралуынынң механизмінде химиялық реакция нәтижесіндебөлінген жылу жылу өткізгіштік арқылы газдың әрекеттеспеген көрші бөліктеріне беріліп, оларды қыздырып, активті химиялық реакцияны бастатқызады.
Газдар алдын-ала араласпай жанғанда түзіледі:
1) ламинарлы диффузиялық жалын- газдар тек молекулалық диффузия жолымен араласады;
2) турбулентті диффузиялық жалын- гах диффузия да, турбулентті қозғалыс арқылы да араласады;
3) жоғары сиретілген жалын- газдар диффузиялық жолмен немесе үндестік молекулалық ағында араласады.
Алдын-ала араластырылған қоспаларда жану:
1) сиретілген жалын- атмосфералық қысымнан төменгі қысымдарда жанады;
2) ыстық жалын- р≥ 105 Па қысымда пайда болады, Т=1000-3000К;
3) суық жалын- Т=500-600К, белгілі бір жағдайларда көмірсутек жанғанда пайда болады және қозған молекулалардың түзілуімен байланысты.
Қызу аумағының ретін анықтайық. Тұрақты жылдамдықпен қозғалатын жаңа толқынды периодты түрде қыздыратын жылулық толқын есепті алғыш рет Герц шешкен болатын.
T=T0+(Tt-T0) 


|