Н.Н. Семеновтың жылулық жарылыс теориясын сипаттаңыз. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Н.Н. Семеновтың жылулық жарылыс теориясын сипаттаңыз.

Поиск

14. Н.Н. Семеновтың жылулық жарылыс теориясын сипаттаңыз.

Н.Н. Семеновтың жылулық жарылыс теориясы: «төменгі температурада баяу әрекеттесетін қоспа жоғарғы температураларда неліктен тұтанатынын» қарастырады.Қабырғаларының температурасы Т0 жабық ыдыстағы экзотермиялық химиялық реауцияның өтуін қарастырайық. Бастапқы уақыт мезетінде газ температурасы да Т0-ге тең, сосын ол айнымалы Т-ға өзгереді. Реакция жылдамдығы W температураға тәуелді. Ыдыста жылу бөліну жылдамдығы:

q+=QW Реакциялық ыдыс қабырғасына жылу берілу жылдамдығы:

q-=ɑS(T-T0)/V

  Процесс кинетикасы төмендегі теңдеумен өрнектеледі:

dT/dt=1/ρC(q+ - q-)Реакцияның стационарлық режимде жүру жағдайы жылу бөліну мен жылу берілу бір-біріне теңескенде q+=q-аяқталады, бұл теңдік ыдыстағы температураның стационарлық шамасының мүмкін болатын шамасын анықтайды.Жылу берілудің әртүрлі жағдайларындағы q+ және q- мәндерінің температураға тәуелділігін қарастырайық(15-сурет).Температура өскен сайын жылу бөліну жылдамдығы q+ Аррениус заңына сәйкес реакция жылдамдығы сияқты өтеді(1-қисық), ал жылу берілу жылдамдығы q- сызықты түрде өседі.Жылудың берілуі айтарлықтай болып, q- түзуі жылудың бөліну қисығын қиып өтеді(2-қисық). Тқоспа0(ыдыс қабырғасы) болғандықтан жылу әкетілмейді, реакция жылу бөлініп, қоспа температурасы өсе бастайды, осының негізінде газ бен ыдыс қабырғасының температураларының айырымы өсе бастайды, бұл жылу берілу жылдамдығының өсуіне алып келеді.Т=Тғ газдың қандай да бір температурасында Ғ нүтесінде q+ пен q- теңісіп, газ әрі қарай қарастырылмайды.

Н.Н. Семенов теориясының ерекшелігі – стационарлық емес процеске жататын жарылысты (өздігінен тұтануды) талдауға стационарлы бағыт қолданылған. Стационарлы емес режим – жарылыстың пайда болу шарты стационарлы режимнің жойылу шартымен түсіндіріледі, яғни жылудың берілуімен тепе-теңдіктегі жылу бөле жүретін баяу реакцияның өтуі мүмкін еместігімен түсіндіріледі.Н.Н. Семенов көрсеткендей, тұтану Тст жоғары температураларда жүзеге асады, қабырға температурасы тұтану шарттарын, реакция уақыты сияқты процестің маңызды сипаттамаларын анықтайды. Демек, тұтану температурасында жылудың берілуі жылудың бөлінуін теңестіре алмайды.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 93; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.005 с.)