Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, оны жүзеге асырудың алғашқы табыстарын көрсетіңізСодержание книги
Поиск на нашем сайте 56. Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік шиеленіс, тұрмыс деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, қылмыстың көбеюін көрсетіңіз
Кеңестік кезеңнен кейінгі республикалардың экономикалық және әлеуметтік жағдайының тұралауына КСРО-ның ыдырауы өзіндік әсер етті. Алып империяның құлауына байланысты қоғамның әлеуметтік құрылымы, адамдардың социалистік ұжым құндылықтарымен өмір сүру дағдысы өзгерістерге ұшырады. Бәрін бұрынғыша басқару мен қабылдау, сол қалыпта жүре беру мүмкін емес еді. Қоғам даму мен оның талаптарынан бұл көрініс айқын аңғарылды. Экономика деңгейі 55 пайызға төмендеді. 1991 жылы өнеркәсіп өндірісінің құлдырауы – 8%-ға жетті. 1991 жылдың бюджет тапшылығы 20%-ға артты. 1992 жылдың қаңтар айында Ресей ТМД елдерімен алдын-ала кеңеспей, бағаны ырқына жіберді. Екі ел арасында ежелден сауда қарым-қатынасы қалыптасқандықтан, Ресейдің бұл қадамы Қазақстанға едәуір экономикалық шығын алып келді. Елімізде кейбір тауар түрлерінің бағасы шарықтап кетті. 1992 жылдың жазында елдегі экономикалық дағдарыс өрши түсті. Дағдарыс бұрынғы КСРО аумағында тауар өндірушілер тағайындаған монополиялық жоғары бағадан, халықтың табысының өсу қарқыны бағаның өсу қарқынынан кейін қалғандығынан болды. Халық табысын негізінен тамақ өнімдерін сатып алуға жұмсады. Соның салдарынан баға мен жалақы арасында қарама-қайшылық күшейе түсті. Табысты индексациялаудың тиянақты жүйесі жасалмады. Индексация уақытынан кеш, әрі ретсіз жасалды. Оның инфляцияға қарсы әсері жеткіліксіз болды. Бірыңғай ақша жүйесі күйреу жағдайына жетті. Республикада бюджеттік шығынды өз бетінше ұлғайту әрекеттері ақшаның одан сайын құнсыздануына әкелді. Инфляция деңгейі 1992 жылы 3061%-ды, ал 1993 жылы 2265%-ды құрады. Қазақстанда 1990-1994 жылдары өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі тең жартысына кеміді. Ауыл шаруашылығы саласы 3/1, көлік тасымалы 3/2-ге дейін құлдырады. Өнеркәсіп алыптары тоқтап, жұмыссыздық өршіді. Мемлекеттің кәсіпорындарды басқаруға мүмкіндігі болмады. Көптеген кәсіпорындарда өнім және тауар айналымынан түскен қаражат шет елдерге асып кетті немесе талан-таражға салынды. Халықтың кіріс деңгейі күрт төмендеді. Жұрт бірнеше ай бойы жалақыларын алмады. Зейнетақы мезгілінде берілмеді. Халықтың жинаған қоры шектен тыс инфляция салдарынан да кеміді. Банк жүйесінің жетілмеуі экономиканы тежеді. Дүкендерде азық-түлік пен тұрмысқа қажетті тауарлар тапшылығы байқалды. Осының бәрі қылмыстың өсуіне, жауапсыздыққа, немқұрайлылыққа әкеп соқтырды. Күнделікті қажеттілікті қанағаттандыру, отбасын асырау мақсатында жоғары білімді мамандар қызметтерін тастап, күнкөріс қамына кірісті. Еңбексіз табысқа бет бұрды. Сауда жасауға ауысты. Жоғары білімді, тәжірибелі мамандардың кәсіби мамандығынан кетуі білім беру, денсаулық сақтау салаларының сапасына айтарлықтай әсер етті. Алайда, жұмыссыздық пен нарық жағдайына бейімделген маман жұмысшы күшінің жеткіліксіздігі әлеуметтік маңызды мәселе күйінде қала берді. Жұмыссыздық көлемі: 1991 жылы – 0,05%, 1992 жылы - 0,95%, 1993 жылы – 1,2%-ға жетті. 1993 жылдан жұмыссыздар санының біртіндеп ұлғаюы байқалды. Қазақстанда тұратын адамдардың өмір сүру, адам даму потенциалы көрсеткіші 1992 жылғы мәлімет бойынша – 0,798. Бұл көрсеткіш бойынша еліміз 174 елдің арасында 64 орынды иеленіп, адам даму потенциалы орташа деңгейдегі елдер тобын бастап тұрды. 1993 жылы 0,740 немесе 72-орында. 1990-1995 жылдары Қазақстан Республикасы тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы – 4,7 жылға кеміді. Бұл – 1991-1995 жылдары адамдардың өмір сүру деңгейінің төмендегенін көрсетеді. Тұрғындардың әлеуметтік жағдайының нашарлауына мемлекеттің әлеуметтік инфрақұрылымда жасаған реформаларының да әсері болды. Тегін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қызмет көрсету қысқара бастады. Сонымен қатар бұл салаларда мемлекеттік емес қызмет көрсету түрлері қалыптасып үлгермеді. Егер еңбекақы, зейнетақы және басқа да төлемдер көлемі жыл сайын ұлғайып отырған жағдайда, бұрын тегін қызмет көрсеткен салаларды біртіндеп ақылы түрге көшіруге болар еді. Алайда, елдегі әлеуметтік-экономикалық қиын ахуал, халыққа қызмет көрсету салаларын жекешелендіріп, шағын бизнесті дамытуға мүмкіндік бермеді. 1993 жылдың қараша айынан, яғни ұлттық валюта енгізілген кезден бастап 1996 жылға дейін баға 35 рет өсті. Қазақстан Респуликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына енуі» және «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдаулары негізінде Қазақстанның 2003-2005 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы қабылданды. Бұл бағдарлама 2015 жылға дейінгі жұмыс тетігі деп жоспарланды. Бүгінгі күнгі әлемдік дағдарыс жағдайында өндірістің кейбір салаларында алға шығу мүмкіндігі бар екені халыққа жария етілді. Қазіргі таңда 2020, 2050 жылдарға дейін қабылданған стратегиялық бағдарлама бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру – негізгі жоспар. Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асырудың құралы – мемлекеттік қаржы ресурстарын тарту арқылы жаңа өндірістерді қаржыландыру болып табылады. Қазір Қазақстанда жаңа өндірісті қалыптастыру және кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған мамандандырылған индустриалдық-инновациялық инфрақұрылымдар, Қазақстанда мемлекеттік бірнеше даму институттары қызмет атқарады. Әлемдік дамуда Қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі факторлардің бірі – кластерлік жүйеге көшу. Кластер аумақтық өзара байланыс және комплементарлы кәсіпорындар жүйесін ұйымдастыру (өнім шығарушылар мен сатып алушылар) ретінде қарастырылады, ол өзінің айналасына кәсіпорындар мен аймақтар, ұлттық экономика бәсекелестігін жетілдіру мақсатында жергілікті орындар мен органдарды байланыстырады. Қазақстан үкіметі консалтинг компания J.E-мен келісімге отырды. Қазақстан экономикасының мұнай өндіру мен шикізат саласына бағыныштылығынан айыру үшін және оның жоғары өндірістілігін төмендету үшін жеті пилоттық кластерлер анықталды. Олар: «Туризм», «Тамақ өнеркәсібі», «Мұнай-газ машина жасау», «Текстильді өнеркәсіп», «Транспорттық логистика», «Металллургия», «Құрылыс материалдары». Кластер – бір салада жұмыс істейтін, олардың үйлесуіне жол салатын, бір-бірімен байланысты және жақын орналасқан кәсіпорындар. Кластер қала, аудан немесе тұтас облысты, сонымен қатар басқа қалалар мен көрші елдерді де қамтуы мүмкін. Кеңес Одағы кезеңінде Қазақстанда Жамбыл тері-аяқ киім кәсіпорны кластерлік әдіс үлгісіндегі әр түрлі тері өңдеумен айналысатын бірнеше кәсіпорынды біріктірді. Бір жағынан тапсырыс беруші мен тұтынушыны біріктіру фабрика үшін жайлы жағдай қалыптастырды. Тек өнімнің сапасының нашарлығы мен бағасының жоғарылығы сұраныс тудырмады. Өнім сапасын көтерудің негізгі шарты болып табылатын бәсеке механизмі кеңестік экономикада қолданылмағаны белгілі. Қазақстанда қазіргі уақытта өндіруші өнеркәсіпте кластер әдісі қолданылады. Қазақстан әлемдік ірі мыс өндіруші және шығарушы елдердің қатарына енеді. Әлемдік мыс өндіруде республиканың алатын үлесі үлкен.Елдегі өндірген мыстың барлығы Италия, Германия және батыстың басқа елдеріне экспортталуда. ТМД елдерінің ішінде Қазақстан алтын өндірісі бойынша үшінші орынды иеленеді және бұл саладағы көрсеткіш жыл сайын артып отыр. Қазақстанның химиялық және мұнай-газ өнеркәсіп кәсіпорындары пластмасса түрлерін, химиялық маталар және жіптер, автокөліктер мен ауыл шаруашылығы көліктеріне дөңғалақтар, техникалық бұйымдарын, хромдық қосылулар, кальций карбиді, каустикалық содылар, т.б. шығарады. Фосфор рудаларынан сары фосфор алатын (бұрынғы КСРО өндірісінің 90%-дан астамы) минералды тыңайтқыштар, синтетикалық жуу-тазалау құралдарын қайта өндіретін ірі кешен жұмыс істейді. Бұл саланы жетілдірудің болашағы Батыс Қазақстандағы мұнай қайта өңдеу кешені өнеркәсібінің дамуымен және фосфор өнімінің жаңа түрлерін ұйымдастырумен байланысты. Экономиканың басым секторын орта және ұзақ мерзімді төмен пайыздық несиелендірумен қамтамасыз ететін – «Қазақстан даму банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, инновациялық бизнеске қаржылық көмек көрсететін «Ұлттық инвестициялық қор», шикізат емес экспорт саласында жұмыс жасайтын жергілікті кәсіпорындарды және шетелге тікелей тартылатын инвестицияларды сыртқы жағымсыз тәуекелдерден сақтандыратын «Экспорттық несие және инвестицияларды сақтандыру бойынша мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ жұмыс жасауда. Осылайша, индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы Қазақстаннан дайын өнімдер өндіру және кеңейту мәселелерін табысты шешуге бағытталып отыр. бір жағынан бұл шикізат секторындағы баға мен тұрғындардың табыс көзінің өсуі есебінен артты. Басқаша айтқанда, нарық құрылымында еркін бәсекелестік қағидалары жұмыс істемейтін салалар дамыды. Жалпы, экономиканың заңдылықтары бойынша сапалық жаңғыру не жеңіл, не ауыр өнеркәсіпті қолға алу арқылы жүреді. Экономикалық стратегияның мазмұнындағы ең басты мәселе - шетелден тауар тасымалдау. Болашақта осы бағытқа көңіл аудару аса қажет. Қазақстан кәсіпорындарының өнімдерін сапалық тұрғыдан көтеру және олардың өз өнімдерінің әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу мәселелерін шешу көптеген жағдайларды жақсартуды, жаңаша ұйымдастыруды талап етеді.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 41; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.013 с.) |