ырғыз (Қазақ) АКСР –нің территориялық аймағының «жоғарыдан» белгіленуін көрсетіңіз 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ырғыз (Қазақ) АКСР –нің территориялық аймағының «жоғарыдан» белгіленуін көрсетіңіз

Поиск

1920 жылы көктемде Қазақстанда азамат соғысы аяқталған соң ақгвардияшылар құлатқан Кеңес үкiметiн қайта құру басталды. 1919 жылы шiлде айында РСФСР-дың Халық комиссарлар кеңесi қазақ өлкесiн басқаратын революциялық комитет құру туралы шешiм қабылдады. Қазревкомның негiзгi мiндетi Қазақстан кеңестерiнiң құрылтай жиналысын шақыру дайындығын жүргiзiп Қазақстанда Кеңес үкiметiн орнату болды, казревкомның тағы бiр мiндетi қазақ жерлерiн бiрiктiру, оның территориялық тұтастығын қамтамасыз ету болды. Казревком 1919 жылғы шiлдеден 1920 жылғы қазанға дейiн 15 ай өмiр сүрдi. Осы уақыттың iшiнде қазақ автономиялық республикасын жариялауға байланысты қыруар жұмыс атқарды.

       1920 жылы 26 тамызда Бүкiл Ресейлiк Орталық Атқару комитетi мен халық комиссарлар  Кеңесi Қырғыз автономиялық Советтiк Социалистiк республикасын құру туралы декрет қабылдады. Бұл республика РСФСР-дың құрамында болды да астанасы Орынбор қаласы болып белгiлендi. Қазақстан Ресей құрамындағы автономия, оның астанасы Орынбор қаласы болып жарияланды. Республика жер аумағы 2 млн шаршы шақырымға жуық, ал халқы 5 млнға жететін мөлшерде болды, оған Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Маңғышлақ уезі, Красновод уезі мен Астрахан губерниясының бір бөлігі енді. Түркістан АКСР-інің құрамына енген Жетісу және Сырдария облыстарын Қазақстанға қосу азамат соғысы кезінде туындай бастады. Бұл облыстардың қазақтары солтүстік ауданмен бір республикаға бірігу пікірін үнемі ұсынып отырды. Орталық Азияда пантүркілік және панисламдық идеяны әлсірету үшін Түркістан Республикасын ыдыратуды орталық өкімет (Мәскеу) ерте жоспарлады.

1920 жылы 4 қазанда Орынборда өткен Қазақстан Кеңестерінің құрылтай съезінде Орталық Атқару Комитеті (төрағасы С. М. Мендешев) және Халком Кеңесі (төрағасы В.Радус - Зенькович) сайланды. Съезд Қырғыз (Қазақ) АКСР-і РКФСР-дің құрамына кіретін жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалардың, казактардың және қызыл әскер депутаттары кеңестерінің автономиялық республикасы болып құрылғанын мәлімдеді. Декларация Кеңестердің таптық мәнін белгілеп берді. Ол халықты ұлттық езушілік пен құлдықта ұстау саясатынан батыл қол үзетінін жариялады.

       1925 жылы Қазақстанның екiншi астанасы Ақмешiт қаласында болған Қазақстан кеңестерiнiң ІІІ съезi Қазақстанның жаңа астанасын Қызылорда деп өзгертiп қазақтардың тарихи атын қалпына келтiрдi. Осы кезден Қазақстандағы Кеңес мелекетi Қазақ АССР болып аталды. 1936 жылы Қазақстан Одақтас республика болып құрылып СССР-дың тiкелей құрамына ендi.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 38; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.)