ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуын сипаттаңыз 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуын сипаттаңыз

Поиск

 

ХХ ғ. б. Қазақстан халқының саяси ой- өрісінің дамуында Мемлекеттік Думаға сайлау жүргізу науқаны маңызды рөл атқарып, онда қазақ зиялыларының көптеген өкілдері белсенді қызметімен көрінді. Мысалы, 1905 жылдың 6 тамызында Мемлекеттік Дума жөніндегі патша Манифесі қазақ еліне де депутат сайлау құқығын берген болатын. Бірақ, бұл құқықтың жартыкештіігі байқалды. Өйткені, депутаттарды сайлау барысында ұлттардың ара салмағы есепке алынбады. Сондықтан, қазақ зиялылары мұндай əділетсіздікті түзетуге біршама əрекет жасап көрді. Нəтижесінде, қазақ халқы Мемлекеттік Думаға əр облыстан бір депутаттан ғана сайлау құқығына ие болды. Сөйтіп, Қазақстаннан бірінші Мемлекеттік Думаға барлығы 9 депутат, оның ішінен 4 миллион қазақ халқынан 4 депутат: Ə.Бөкейханов, А.Бірімжанов, А.Қалменов жəне Б.Құлманов сайланды. Олар Дума жұмысына мұсылман депутаттары фракциясы құрамында қатынасты. Бұл фракцияның заң жобасы ретінде дайындаған ең басты құжаты аграрлық мəселеге байланысты еді. Мұсылмандар фракциясы жер мəселесіндегі аграрлық тұжырымдаманы мұсылмандар партиясының бағдарламасы негізінде ұсынды.

Ал барлығы 72 күн ғана жұмыс жасаған бірінші Мемлекеттік Дума 1906 ж. 9-шілде күні үкімет шешімімен таратылды. Халық бұқарасының назарын алаңдату үшін шақырылған бірінші Мемлекеттік Дума оның үміттерін ақтамады, ал оның мінберін партиялар өз мақсаттарына пайдаланды.

Екінші Мемлекеттік Думаның сайлануына келер болсақ, ол 1905 жылдың 6 тамызындағы жəне 11 желтоқсанындағы сайлау заңдары негізінде өткізілді. Думаға Қазақстаннан 14 депутат, олардың 6-ы қазақ ұлтының өкілдері: молда Ш.Қосшығұлов — Ақмола облысынан, би Х.Нұрекенов — Семей облысынан, адвокат Б.Қаратаев — Орал облысынан, сот тергеушісі А.Бірімжанов — Торғай облысынан, Т.Алдабергенов — Сырдария облысынан, қатынас жолдары инженері М.Тынышбаев — Жетісу облысынан сайланды. Екінші Дума депутаттарының құрамы жағынан болсын, күн тəртібіне қойылған мəселелерді талқылау жағынан болсын бірінші Думаға қарағанда солшыл бағытта болғанды. Негізгі пікір тартысын тудырған мəселелердің бастысы аграрлық жəне қоныс аудару мəселесі болды. Əсіресе, депутаттар Б.Қаратаев, А.Бірімжанов, Ш.Қосшығұлов, Х.Нұрекенов өте белсенді түрде, заң шеңберінде патша өкіметінің қоныс аудару саясатына қайткенде бір ықпал етуге тырысты. Патша үкіметі 1907 жылдың 3 маусымында шығарған заңымен екінші Мемлекеттік Думаны да таратып жіберді.

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 39; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.01 с.)