азақстанның қазіргі заманғы тарихын әлемдік тарихи үдерістер аясында сипаттап жазыңыз 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

азақстанның қазіргі заманғы тарихын әлемдік тарихи үдерістер аясында сипаттап жазыңыз

Поиск

Қазақстан қазіргі заманғы әлеуметтік кеңістікте және әлемдік тарихтың уақыт межесінде өз орнын айқындауды көздейді. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы бүкіл адамзат тарихының құрамдас бір бөлімі. Өйткені ол Еуразия және Орталық Азия елдері тарихымен тығыз байланыста ұштасып жатыр. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы – ХХ ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейін орын алған тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, үдерістерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, оларды тығыз байланыста тұтас қарастыратын пән. ХХ ғасыр қазақ халқының тарихи тағдырында өте маңызды кезеңдердің бірі. ХХ ғасыр қайшылықтарға толы көптеген саяси-әлеуметтік бетбұрыстар мен мәдени төңкерістердің, дүниежүзілік соғыстардың, экономикалық өзгерістердің орын алған кезеңі болғандықтан және бүгінгі күнмен етене байланысып жатқандықтан, осы үдерістерді оқытуға аса көңіл бөлу қажет.

Қазақстанның қазіргі заман тарихы – бұл Отандық тарихтың заңды жалғасы және маңызды бөлігі болып табылады. «Өткенсіз бүгін, бүгінсіз ертең жоқ» деген қанатты сөз қоғам мен мемлекеттегі тарих ғылымының міндеттерін нақты анықтап тұр. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің іргетасын әлемнің елеулі бөлігіне ықпал еткен ұлы дала көшпелілерінің мемлекеттік дәстүрі және бірнеше жүз жылдық барысындағы қазақтардың азаттық жолындағы күрес тарихы, Ресей және Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы құрамында өмір сүрген тәжірибесі құрайды.

Батыс пен Шығыстың ғаламдық тарихы құрамында өзара байланыста қарастырылатын Қазақстанның қазіргі заман тарихы өзіндік қайталанбас орнын, сондай-ақ дүниежүзілік тарих пен адамзат өркениетінің тасқынында қарастыруды көздейді.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 39; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.008 с.)