Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
азақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) және оны жүзеге асыру ерекшеліктерін түсіндіріңізСодержание книги
Поиск на нашем сайте 19. Қырғыз (Қазақ) АСР-ның құрылуы – ұлттық мемлекет құру идеясын таптық негіздегі мемлекет құру идеясымен ауыстыру мәселені шешіңіз Бұрынғы Ресей империясының шеткі аудандарында, соның ішінде Қазақстанда алдымен Уақытша үкімет, кейін Кеңес өкіметі орнағаннан кейін ұлттық мемлекет құру жайлы мәселе қарала бастады. Ресей империясының шеңгелінен босаған өзге халықтармен қатар қазақ елі де азаттыққа ұмтылды. Елдің шығысындағы алғашқы Кеңестік Республика 1918 жылы 30 сәуірде жарияланған Түркістан Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы (Түркістан АКСР-і) болып табылады. Қазақстанның оңтүстік облыстары (бұрынғы Сырдария, Жетісу обл.) Түркістан АКСР-інің құрамына енді. Түркістанда құрылған алғашқы ұлттық мемлекет (мұхтариат) көп өмір сүрген жоқ. 1919 жылдың аяғы мен 1920 жылдың басында Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құруға дайындық қызу жүріп жатты. 1920 жылы тамыз айының басында Ұлт істері халық комиссариаты жанында Казревком, Сібірревком және Түркістан ОАК өкілдерінің жиналысы өтті, мұнда Ақмола мен Семей облыстарын Қазақстанға беру мәселесі түбегейлі шешілді. «Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декреттің үлгісі 17 тамызда қаралып, РКСФСР ХКК қолдады, ал 1920 жылы 26 тамызда бұл декрет бекітіліп, заң күшіне енді. Декларация Кеңестердің таптық мәнін белгілеп берді. Ол халықты ұлттық езушілік пен құлдықта ұстау саясатынан батыл қол үзетінін жариялады. 1920 жылы 4-12 қазанда Орынборда Қазақ АКСР-інің С.Меңдешов басшылық еткен Орталық Атқару Комитетін және В.Радус-Зенкович басқарған Халық Комиссарлар Кеңесін сайлаған Қазақстан кеңесінің құрылтай съезі өтті. Қазақстан Ресей құрамындағы автономия, оның астанасы Орынбор қаласы болып жарияланды. Республика жер аумағы 2 млн шаршы шақырымға жуық, ал халқы 5 млнға жететін мөлшерде болды, оған Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Маңғышлақ уезі, Красновод уезі мен Астрахан губерниясының бір бөлігі енді. Түркістан АКСР-інің құрамына енген Жетісу және Сырдария облыстарын Қазақстанға қосу азамат соғысы кезінде туындай бастады. Бұл облыстардың қазақтары солтүстік ауданмен бір республикаға бірігу пікірін үнемі ұсынып отырды. Орталық Азияда пантүркілік және панисламдық идеяны әлсірету үшін Түркістан Республикасын ыдыратуды орталық өкімет (Мәскеу) ерте жоспарлады. 1924 жылы ол жойылып, Өзбек және Түрікмен Республикаларына бөлінді, біршама уақыт өткеннен кейін Қырғыз және Тәжік Республикалары пайда болды. Сырдария мен Жетісу облыстары Қазақстанға қосылды. Орынбор қаласымен Орынбор губерниясының бір бөлігі Ресейге берілді, осыған байланысты Қазақстанда жаңа астана Қызылордаға ауыстырылды Ұлттық аумақтық межелеу нәтижесінде Қазақстанға: Қазалы, Ақмешіт, Әулиеатаның көп бөлігі және Сырдария облысының Ташкент және Мырзашөл уездері, Самарқан облысының алты көшпелі болыстары кірді. Жетісу облысының –Алматы, Жаркент, Қапал уездері, Пішкек уезінің Георгиевка, Шу, Қара-Құнық болыстары енді. Межелеу нәтижесінде Қазақстан аумағы 70 мың км-ге кеңейіп, 2,7 млн км құрады, тұрғындардың саны жалпы 5230 мың адамға жетті. Астана Ақмешітке ауыстырылып, оның аты Қызылорда (1925 жылы) деп өзгертілді. Осы жылы елдің дұрыс атауы қайтарылып, Қазақстан республикасы деп аталатын болды. Барлық қазақ жерлерінің бір республикаға бірігуі қазақ халқының тарихындағы маңызды кезең болды және қазақ мемлекеттілігінің қайта қалыптасуына үлкен рөл атқарды. Кеңес үкіметінің басшысы В.И.Лениннің декреті бойынша (жарлығы) 1920 жылы Орынбор қаласында өткен съезде Қазақстан жеке автономиялық мемлекет болып жарияланды. Автономиялы республика деп үлкен федеративті мемлекеттің құрамындағы ұлысты айтады. Ал 1922 жылы 30 желтоқсанда Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының құрылғандығы, яғни бірнеше республикалардан құрылған мемлекеттердің одағы жарияланды. Алғашқы кезде оның құрамына төрт республика кірсе, кейіннен оның құрамындағы республикалар саны 15-ке жетті. Олардың барлығы 1991 жылға дейін Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының құрамында өмір сүрді. Одақ құрамындағы мемлекеттер өз алдына жеке мемлекет, егеменді деп есептелгенімен, шындығында олардың барлығы КСРО-ға бағынышты болып, өз алдына жеке экономикасын, дербес саясатын жүргізе алмады. 20. Азамат соғысының қазақтың дәстүрлі шаруашылығын күйзелтуі мен «Әскери коммунизм» саясатының қазақ өлкесіндегі арандату әрекеттерін көрсетіңіз Азамат соғысы кезiнде елдiң барлық экономикалық ресурсын соғыс мүддесiне жұмылдырып, соғысып жатқан Қызыл армияны азық-түлiк, киiм-кешек, қару-жарақпен қамтамасыз ету қажет болды. Осы мақсатпен кеңес үкiметi әскери коммунизм саясаты деп аталатын шараларды жүзеге асырды. Бұл саясат соғыс жағдайына байланысты жүргiзуге мәжбүр болған төтенше және уақытша саясат едi. Кеңес үкiметi Қызыл армияны нанмен қамтамасыз ету үшiн үстем таптың, ең әуелi кулактардың тығып отырған астығын күшпен алды. Ол үшiн жұмысшы отряды дегендi құрып кулактардың қоймаларын тiнтiп жасырған астықтарын үкiметке тiкелей тәркiледi. Бұл шара Қызыл армияның қажетiн толық өтей алмады. Сондықтан салықты салғыртпен ауыстырды. Салық шаруалардың өндiрген астығының бiр бөлiгiн ғана алса, салғырт кезiнде өнiмнiң азғантай бөлiгiн ғана шаруаға қалдырып басқасын түгелдей үкiметке алды. Еңбек мiндетiн енгiздi. Еңбек жасындағы барлық адам еңбек етуге мiндеттi болды. Көлiк мiндетiн енгiздi. Көлiгi барлар /машина, арба т.б./ әскердiң және өнеркәсiп орындарының отынын, жүгiн тасуға мiндеттi болды. Еркiн саудаға шек қойылды. Азық түлiк адамдардың таптық белгiсiне қарай бөлiндi. Мәселен нан бөлгенде жұмысшының, қызыл армия жауынгерiнiң, шаруалардың нормасы көп болды да бұрынғы үстем тапқа жататындардың нормасы аз болды. Натуралдық айырбас енгiзiлдi. Жүмысшылардың айлығы өнiммен берiлдi. Жоғарыда аталған және тағы басқа төтенше шаралардың жиынтығын әскери коммунизм саясаты немесе соғыс коммунизм саясаты деп атайды. Бұл атау коммунизмнiң принциптерiн күшпен енгiзу деген мағына бередi. Әскери коммунизм ұзақ уақыт жүргiзуге болмайтын едi. Азамат соғысы аяқталысымен бұл саясат өзгертiлдi. Әскери коммунизм саясаты азамат соғысы кезiнде армияның қажеттiлiгiн қамтамасыз ету мақсатын шешкенiмен өнiм өндiрушiлердiң экономикалық ынтықтығын жойып жiбердi. Сондықтан Кеңес үкiметi бұл саясатты азамат соғысы аяқталар аяқталмастан жаңа экономикалық саясатпен алмастырды. Жаңа экономикалық саясат бойынша азық-түлiк салғыртын азық-түлiк салығымен алмастырды. Әскери коммунизм саясаты азамат соғысы кезiнде армияның қажеттiлiгiн қамтамасыз ету мақсатын шешкенiмен өнiм өндiрушiлердiң экономикалық ынтықтығын жойып жiбердi. Сондықтан Кеңес үкiметi бұл саясатты азамат соғысы аяқталар аяқталмастан 1921 жылы наурыз айында Х съез шешімімен жаңа экономикалық саясатпен алмастырды. Жаңа экономикалық саясат бойынша азық-түлiк салғыртын азық-түлiк салығымен алмастырды. Еңбек ету әркiмнiң өз қалауына берiлдi. Көлiк мiндеттiлiгi өзгердi, ендi әркiм өз еркiмен пайда табу үшiн жүк таситын болды. Еркiн сауда енгiзiлдi, өнiм өндiрушi өндiрген өнiмнiң өз қажетiнен артылғанын базарға шығарып сатып пайда табуға мүмкiндiк алды. Аталмыш шаралар өнiм өндiрушiнiң экономикалық ынтықтығын арттырды. Бұл өнiмнiң молаюына әсер еттi. Әрбiр өнiм өндiрушiнiң ынтықтығы артып өнiмнiң молаюы бүкiл елдiң экономикасын жандандырды. Экономикалық ынтықтықтың артуы каптиалистiк қатынастарды тудырды. Сауда, алыпсатарлық, базар дамыды, нарықтық қатынас қалыптаса бастады. Бұл Кеңес Одағына, социализмге қауiптi көрiнiс едi. Сондықтан Кеңес үкiметi ұзамай жаңа экономикалық саясаттың арығарай өрiстеуiне тыйым салып экономиканы бiр орталықтан жоспарлы түрде басқаратын қатал жүйенi енгiздi. 20–шы жылдары жаңа экономикалық саясат ұзақ уақытқа бағытталған саяси стратегия есебінде қабылданды. Елді индустрияландыру, шаруаларды кооперацияландыру, халықтың материалдық әл-ауқаты мен мәдени дәрежесін көтеру сияқты үлкен проблемалар осы саясат шеңберінде шешіледі деп саналды. Алайда 20-шы жылдардың аяқ кезінде жаңа экономикалық ойлау шеңберінде қалыптасқан шынайы бағыт түбірінен өзгереді. Шын мәнінде өнеркєсіп өндірісін «жұмсақ» (қоғамның жанын барынша қинамай) модернизациялау идеясы индустрияландыруды мейлінше қарқындата өткізу бағытымен ауыстырылды. Экономикалық спонтанды процесс ретінде жүргізілетін кооперациялау ісі мемлекет бағыттап отыратын күшпен ұжымдастыру шарасына орнын берді. Ал, бұл шара-шаруа қауымының игілігін ойлаудан тумады, тек индустрияландыру процесін қамтамасыз ету мақсатын ғана көздеді.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 50; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.01 с.) |