Кезекшілікті қабылдап алу мен тапсыру
Сырқатты емдеуде бірізбен келе жатқан тәртәптің ең маңызды сәттерінің бірі-кезекшілікті екінші адамға өткізу.Егер алмасатын адм келмесе, мейіркеш қызмет орнын (посты) тастап кетуге қақысы жоқ.Өз кезекшілігінде дәрігердің барлық белгілеулерін орындап, сырқатты тиісті тәртіппен күтуі тиіс. Кезегі келген мейіркеш жұмысын тапсыратын мейіркеш екеуі палаталарға кіріп, ауыр науқастарды байқап және арнайы дәптерге орындалмаған жұмыс көлемін, сырқаттың аты-жөні мен палатаның нөмірін көрсете отырып, жазып алуы, сондай-ақ палатаның тазалығын, сырқаттың жеке-дара гигиенасын сақтауын қадағалауы тиіс. Мейіркеш термометрлерді, шприцтерді дәрі-дәрмектерді, А және Б шкафтарының кілттерін қабылдайды, наркотиктердің бар екенін тексеріп журналға қол қояды. Кезекті қабылдап алған мейіркеш түнге қажетті киім мен жаймаларды шаруашылықты жүргізетін мейіркештен кіші қызметкердің алуын қадағалайды, алдын ала жасалып қойған дәрігерлік белгілеулер тізімімен танысады. Медициналық мейіркеш алмасу кезеңінің соңында сырқат (алдымен сөткенің басындағы санын, келесі тәулік басындағы аурулар санын жасайды)
КЕЗЕКШІЛІКТІ ТАПСЫРУ:
Кезекшілікті тапсыру таңертең (8.00-8.30) және (15.00-16.00) жүргізіледі.Кезекшілікті тапсыру кезінде 2 мейірбике (тапсырушы мен қабылдаушы) палаталарды қарап шығады,оның санитарлық жағдайын қарайды,ауыр науқасты емделушілерді байқайды.
Кезекшілікті тапсыратын мейірбике қабылдаушы мейірбикеге:
1.ауру тарихынан жазылып алынған манипуляция мен егуге белгіленген ‘белгілеу журналын’2.мейірбикелік орындағы дәрілік аппараттар және мүліктер (шприцтер,термометрлер)
3.<А> тізімдегі дәрілік құралдар шкафының кілті мен «Б» ‘улы және қатты әсер ететін дәрілік құралдар есебінің журналына’екі мейірбике қол қояды.
4.’қабылдау және тапсыру журналында’бөлімдегі емделушілердің жалпы саны,ауру және безгек ұстаған науқастар саны жазылады.Журналдағы жазу анық болу керек.
МЕЙІРБИКЕ ОРНЫНДАҒЫ ДӘРІГЕРЛІК ҚҰЖАТТАР:
(Стационарлық емдеу бөлімі)
1.Нашақорлық және күшті әсер беретін дәрігердің есеп тіркеу журналы.
2.Зерттеудің зертханалық және аспаптық әдістерін тіркеу журналы.
3.Өте қажетті аспаптарды тіркеу журналы.
4.Кезекші тапсыру және қабылдауды тіркеу журналы .
5.Безгек ауруларын тіркеу журналы.
6.Келген және шыққан науқастарды тіркеу журналы.
7.Науқастарды тіркеу журналы.
8.Қызулық парақтар.
|