Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Амбулаториялық жағдайында науқаспен қатынасу ерекшеліктеріСодержание книги
Поиск на нашем сайте Амбулаториялық жағдайында науқаспен қатынасу ерекшеліктері Күні бойы көп емделушілермен қарым-қатынас. Бұл мейірбикеден өз жұмысын нақты ұйымдастыруды талап етеді. Мейірбикенің міндеттері: 1.Емделушілерді ретпен қатынасуын нақты қабылдау кестесін құру. 2.Қабылдау уақытының сақталуын бақылау. 3.Ауру тарихын іріктеу (амбулаториялық карта) 4.Қабылдау себептерін нақтылау. 5.Науқастың ауру динамикасын бақылау үшін үйінде қатынасу – тұрмыстық жағдайын, отбасылық қарым-қатынасын, үй жағдайында дәрігердің нұсқауының орындалуын бақылау. 1.Қабылдау бөлмесінде науқастарға жағдайлар тудыру. 2.Қабылдауды ұйымдастыру. Қабылдауды ұйымдастыруда мейірбике науқасты жылы жүзбен қарсы алады, фамилиясын және оның уақытын біледі, егер қабылдауға кешіксе, кешірім сұрап, себептерін түсіндіру, қойған сұрақтарына жауап беру керек. Мейірбике есінде сақтау керек: -біріншіден, қабылдау кезінде жедел медициналық көмек сұрайтын ауыр немесе жіті жағдайлар уақыттан тыс қабылданады. -екіншіден, мейірбикенің тыс қабылданатын кейбір категориялы адамдары болады – мүгедектер, кәрі адамдар, соматикалық жағдайындағы науқастар, оларды қабылдау-күту ауырға түседі. Жіті, қатты іштің, жүректің аурулары бар науқастар. -үшіншіден, бірінші кезекте агрессивті, айқын истериялық белгілері бар психопатиялы науқастарды қабылдау керек, өйткені, олар қоршаған ортада ауыр психологиялық жағдайды туғызуы мүмкін. Науқастың туыстары мен таныстары арасындағы мейірбикенің этикалық қарым-қатынастары Мейірбике науқаспен ғана емес, оның туған туысқандарымен қарым-қатынасқа кіреді. Мейірбикенің науқастың туыстарымен әңгімесі өз міндеттік бабы шеңберінен шықпауы керек. Орта медқызметкерлер науқастың туған туысқандарымен қатынасы кезде айқындалған әдептілікті талап етеді. Емделушінің туыстары бірнеше сағат бойы медицина қызметкерлерімен әңгіме жүргізу үшін күтпеу керек. Туысқандардың пікірлері науқасқа әсер етеді, жағымсыз қатынас пен сенімсіздік тудыртады және психикалық жүйкесі мен соматикалық қалпына жағымсыз әсер етуін медқызметкерлер есепке алу керек. Медқызметкерлер науқастың жазылмас дерт-ауруын немесе нашарлық жағдайын жсырмай, түсінікті түрде оның туысқандарына хабарлауы керек. Бірақ, олардың арасында ауру адамдар болуы мүмкін, сондықтан олармен әңгімелескенде үлкен сақтықтық пен әдептілікті білдіру керек. Науқастың (әйел адамға қатысты болса), жақын туған-туысқандарына, әсіресе қызметтестеріне кейбір операцияларды жүргізу туралы хабарлауы керек. Келісушілермен сөйлесер алдында, дәрігермен ақылдасып алу керек, ал кейбір жағдайларда науқастың өзінен нені хабарлауын, нені хабарламауын сұрау керек. Әсіресе, телефон арқылы хабарды сақтықпен беру керек. Байсалды, әсіресе қайғылы хабарларды мүлдем айтпай-ақ, ауруханаға келуін және дәрігермен дербес сөйлесуі жөн болады. Телефон арқылы сөйлескенде, медбике өзінің аты-жөнін, мамандығын, бөлімін айту керек. Кейде науқастың туысқандары бөлімде жоқ емдік препараттарын алу үшін өз көмектерін көрсетеді. Мұндай ұсыныстарды сыпайы, бірақ анық түрде қайыру керек. Өз кәсіби біліктілігін арттыруға, білімін тереңдетуге, жаңа дағдыларды иемденуге ұмтылысы – медбикенің міндетті қасиеті болу керек. Медқызметкердің парызы - әр медиктің өзінің кәсіби міндеттерін білікті және жауапты түрінде атқарылуын Конституцияда, Денсаулық сақтау туралы заңнамаларында, ведомствалық нұсқауларда, ережелерде қарастырады. Медқызметкердің жауапкершілігі қызметінің ерекшелігіне негізделген: медик пен науқастың екі жақтық сенімінде. Медқызметкердің сапалық адамгершілігі, әлде біліктілігі төмен және ішкі сезімнің мазасының кетуі, сасқалақтауы ауруға қолайсыз нәтиже туғызады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 50; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.006 с.) |