Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Емдеу алдын-алу мекемелеріндегі санитарлыҚ – эпидемиологиялыҚ тӘртібі.Содержание книги
Поиск на нашем сайте Емханалар. Емхана-біріккен ауруханалар құрамына кіретін емдеу профилактикалық мекеме.Емхана барлық диагностикалық кабинеттер бар,олар қазіргі құрал-жабдықтармен және ең жаңа аппаратуралармен жарақаттанған, мұның өзі сырқатты білікті медициналық жәрдеммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Емханада дәрігерлерді барлық мамандық бойынша қабылдайды,лабораториялық рентгендік және басқа түрлі тексерулер жасайды.Емханаға келе алмайтын сырқаттар дәрігерді үйге шақырып,одан білікті көмек пен консультация алады,ал қажет деп тапса,оларды ауруханаға жатқызады.Әрбір емханада процедуралық кабинеттері бар,онда иньекция(дәрі құю) жасайды,оңқа, қыша қағаздарын т.б.қояды.Созылмалы ауруы бар сырқаттар диспансерлік есепте тұрады және профилактикалық тексерілумақсатымен үнемі дәрігерге қаралады.Көптеген емханаларда тәулік бойы істейтін шұғыл жәрдем пункттері бар. Емханадағы мейіркештің жұмысы мынадай:дәрігерлердің қабылдауына даярлық, алдын ала тіркеуден алған амбулаториялық карточкаларға лабораториялық зерттеу нәтижелерін жапсыру, қызуы жоғарғы сырқаттарды дәрігердің бірінші кезекте қарауын қамтамасыз ету. Қабылдау кезінде дәрігерге көмек: дәрігердің айтуымен рецептер жазу, сырқатқа қанды, нәжісті, зәрді қалай жинап, қайда тапсыру керек екенін және басқа да зерттеулерді, дәріні қалай ішу керек екенін немесе ішек,қарын,бөтеке т.б. рентгендік зерттеуге қалай дайындалу керегін түсіндіреді. Учаскеде санитарлық эпидемияғақарсы шараларды жүргізу:оның санитарлық-эпидемиялық станцияларға (СЭС) учаскедегі жедел,инфекциялық аурулар жөнінде дер кезінде хабарлау.Диспансерлік есепте тұрған сырқат құжаттарын тәртіпке келтіру және олардың дәрігерге уақытылы келуін қадағалау. Өз учаскесінің тұрғындары арасындасанитарлық ағарту жұмысын жүргізу. Емханада арнайы кабинеттер бар, онда мейіркештер екі топқа бөлінеді: а.терапевтік саладағ кабинеттерде(терапевтік,педиатриялық, неврологиялық) істейтіндер, олар дәрігердің қабылдауында процедуралар мен манипуляциялар жасамайды; б.хирургиялық саладағыкабинеттерде (хирургиялық,отоларингологиялық,т.б.)істейтіндер,олар қабылдау үстінде түрлі емдеу-диагностикалық манипуляциялар мен процедуралар орындайды. Учаске мейіркеші дәрігермен бірге жұмыс істей отырып оған учаскедегі емдеу-профилактикалық көмектің барлық түрін қамтамасыз етуге көмектеседі.Сырқатты күтудіе және дәрігердің барлық белгілегендерін орындауда ұйымдастыруда мейіркешке үлкен рөл беріледі.Өзінің сырқатты тікелей күтуінен басқа, ол науқас жақындарына қалай күту керек,бөлмені қалай жинастыру және желдету жайлы нұсқау береді.Мейіркеш барлық дәрігерлік белгілеулерді (оңқа,қыша қағаз, қыздыратын компресс,сүлік қою) орындайды. Амбулаториялар мен емханалардың мейіркештері жұмысқа кабинет пен жұмыс үстелінің жзағдайын тексеру,дәрігердің бланкотека мен рецептотекаларын, құжаттар жинағын толықтыру үшін дәрігер қабылдауын бастамастан 15 минут бұрын келуі тиіс.Мейіркештер дәрігердің қабылдауына келген сырқат кезегін, талоны бар-жоғын тексереді, олардың сұрағына жауап беріп, келіспеушіліктерді болдырмай,тәртіпті қадағалайды. Сауықтыру орны. Сауықтыру орыны-өнеркәсіптік кәсіпорындарда, совхоздарда, құрылыстарда, жоғарғы және орта арнайы оқу орындарында және кәсіптік-техникалық училищелерде ұйымдастырылған медициналық-санитарлық бөлімдердің немесе емханалардың бөлімшесі. Сауықтыру орны дәрігерлік және фельдшерлік болуы мүмкін.Зақымдану кенет ауыру және кәсіби улану кезінде алғашқы білікті медициналық жәрдем көрсетумен қатар,сауықтыру орны еңбек қабілетінен уақытша айыратын аурулардың алдын алу және азайту үшін емдеу-профилактикалық және санитарлық-гигеналық жоспарлы шараларды жүзеге асырады. Сауықтыру орнында қарапайым емдеу процедуралары (байлап-таңу, қыздыру,оңқа қою, дәрі құю т.б.) орындалады. Мұнда өндірісте ауру тудыратын жағымсыз факторлады тауып,жою жөніндегі жұмыстар,тамақ блогын санитарлық бақылау, жұқпалы аурулардың алдын алу,профилактикалық дәрі егулер, жұмыс істейтіндердің (оқушылардың) арасында санитарлық-ағарту жұмысы жүргізіледі.Мейіркештер үнемі түрде цехтарға және басқа да жұмыс істейтін жерлерге барып,олардың санитарлық жағдайын тексереді,еңбек шарттарын және хауіпсіздік техникасыныңсақталуын бақылайды, өндірісте зақымдануды болдырмау профилактикасын жүргізеді, дәрігерге дейінгі жәрдем көрсетеді, медициналық құжаттар толтырады. Мейіркештер жұмысы учаскелік принцип бойынша жасалады. Диспансерлер. Диспансер-белгілі бір аурумен ауыратын сырқаттарды тауып, есепке алатын емдеу –профилактикалық мекеме.Өкпе ауруына қарсы қарсы тері-венерологиялық, қатерлі ісік, наркологиялық диспансерлер және эпидемиялық аудандарда қалқанша бездеріне қарсы диспансерлер бар.Диспансерлерде арнайы емделулер жасалып, диспансерлік сырқаттар мен профилактикалық шаралар жүргізіледі.Әрбір диспансер мейіркеші сырқат есебін жүргізеді, профилактикалық шаралардыңдер кезінде жүргізілуін қадағалайды,сырқаттыңдәрігер қакбылдауына келуін ұйымдастырады,патронаждық жұмыс атқарады(сырқат және туыстары үйлерінде үнемі санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу). ӘЙЕЛДЕР КОНСУЛЬТАЦИЯЛАРЫ: Әйелдер консультациясы-босанатын үйдің немесе емхананың құрамдас бөлімшесі. Екіқабат әйелдерге сол кезеңде акушерлік-гинекологиялық жәрдем көрсету дәрігердің қабылдау кезеңіндегі өз міндеттерінен басқа екіқабат әйелдерге патронаждық қызымет көрсетеді, оларды жеке басының гигенасы мен жаңа туған нәрестенің күтімін үйретеді. Дәрігерлік –санитарлық бөлімдер: Дәрігерлік-санитарлық бөлім-өнеркәсіп кәсіпорындарының құрылыс және транспорт қызыметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне емдеу, профилактикалық жәрдем көрсетуге арналған қалалық емхана немесе емханасы бар ауруханалар.Дәрігерлік-санитарлық бөлімдердің жұмысының маңызды бағыты жұмысшылардың денсаулық жағдайын жүйелі түрде диспансерлік бақылау, аурудың бастапқы формасын ертерек анықтау мен оның алдын алу мақсатында профилактикалық-дәрігерлік қарау, сондай-ақ қатты ауырған немесе созылмалы аурулармен (өкпе ауруымен, жара, қан қысымы ауруымен, т,с,с.) ауырған жұмысшыларды дұрыс жұмысқа орналастыру шараларын қабылдау болып саналады.Дәрігерлік-санитарлық бөлімшенің қызыметіне сондай-ақ жұмыс істейтін адамдардың денсаулығына теріс ықпал ететін барлық факторларды тауып, зерттеу жұмысшылар мен қызымет- керлер еңбегінің санитарлық-гигеналық жағдайлары мен емдеу-профилактикалық қызмет ету шараларының комплексті жоспарын әкімшілік пен кәсіподақ ұйымының бірлесіп жасауына болады. Дәрігерлік-санитарлық бөлімінің дәрігерлері мен мейіркештері жұмысшыларға емдеу жәрдемін көрсетеді, өндірістегі жұмысшыларға да емдеу жәрдемін қатар, оларды күнделікті бақылап отырады, профилактикалық шаралар ұйымдастырып,оны жүзеге асырады. Дәрігерлік-санитарлық бөлімнің қызыметінің негізгі болып диспансерлік әдіс қолданылады. Мейіркеш цехтік-учаскелік әдіспен істейді. Ол диспансерлік есепте тұрған жұмысшылардың профилактикалық дәрігерге көрінуін ұйымдастырады, аурудың есебін жүргізеді, цехтарда санитарлық активтердің құрылуына қатысады, санитарлық постардың мүшелеріне нұсқау береді, асханалардың, буфеттердің, жуынатын және шайынатын бөлмелердің санитарлық жағдайын тексереді, емхана мейіркешінің бүкіл жұмысын атқара отырып, дәрігердің қабылдауына қатысады. Медициналық жедел жәрдем станциялары: Медициналық жедел жәрдем станциялары еліміздің барлық қалаларында ұйымдастырылған. Аса қажет жағдайда халыққа күні-түні медициналық жәрдем көрсетеді. Көшпелі орта медициналық қызыметкедің бәрі де бригадир-дәрігерге көмектеседі және оның барлық тапсырмаларын дер кезінде, тез орындауға міндетті.фельдшерлер мен мейіркештер жұмысына кіріскенде арнайы киім алуға, өзі істейтін жедел жәрдем машинасының нөмерін білуге, аппаратураны, дәрі-дәрмегі бар жәшікті қабылдауға, оның ішіндегілерін тексеруге, сондай-ақ барлық құрал-жабдықтардың түзіктігін, ал жетіспеген немесе сынықтарды болған жағдайда оларды жою шараларын қабылдауға, машинаның жүрісіне әзір екенін, оның санитарлық жағдайын, радиобайланыстың дұрыстығын тексеруге тиіс. Орта медицина қызыметкері дәрігердің нұсқауымен медициналық жәшіктің ішіндегісін және оны пайдалана білуі, аппараттармен жұмыс істей алуы тиіс.Осы мақсатта мамандығын жоғарлату үшін арнайы сабақтарға қатысуы қажет.Орта медициналық қызыметтер шақырылып барған жерде дәрігердің тікелей көмекшісі болады және оның барлық нұсқауларын бұлжытпай орындайды. Орта медициналық қызыметкер көрсетілетін медициналық жәрдемнің бір түрі ретінде жүре алмайтын сырқатты зембілмен тасуға міндетті. Егер уақиға болған жерге машина жақындай алмайтын болса, көшпелі бригада шақырылған жерге жаяу барып, сырқатқа медициналық жәрдем көрсетіп, оны машинамен алып кетуі тиіс. Бұл бригада ауруды мұқият қарауы, ал төңірегіндегі адамдармен өте кішіпейілді болуы керек. Жауапты фельдшер шақырылған жерге дер кезінде баруға , сырқаттарды тасымалдау туралы нұсқауды сақтауға, қажетті жағдайда медициналық жәрдем көрсетуге тиісті.Барған жерде жауапты фельдшер сырқаттың бар медициналық құжаттарын ( ауруханаға берілген жолдамасы т.б.) тапсырады. Өте ауыр сырқаттарды бригада зембілмен тасымалдауға міндетті. Тек қалыпты тасымалды қиындататын жағдайларда (тар баспалдақ, түзу емес және қысқа дәліздер) ерекше көмек көрсету керек. Мұндай жағдайда сырқатты көрпесімен немесе ақ жаймаға орап, қолымен қолымен көтеріп алып жүру керек. Машина ішінде жауапты фельдшер сырқат жанында отыру керек.Егер жолда аурудың күйі кенеттен нашарласа, фельдшер оған жәрдем көрсетіп , жақын жердегі ауруханаға жеткізеді де, ауруды қабылдау бөлімшесіндегі кезекті қызыметкерге тапсырады, қабылдаған жолдама қағазға өзі қолын қояды. Мас немесе ес-түссіз сырқаттар құжаттарын, бағалы заттарын, ақша мен басқа бұйымдарын фельдшер немесе мейіркеш қолқат беріп, аурухананың қабылдау бөлімшесіне тапсырады және жолдама қағазға бұл заттарды кімнің қабылдағаның жазады.Егер жедел жәрдем машинасы жол-жөнекей бақытсыз жағдайға кезіксе, жауапты фельдшер машинаны тоқтатып жараланған адамға медициналық жәрдем көрсетуі және оны медициналық мекемегежеткізіп салуы керек. Подстанцияға оралған соң жауапты фельдшер диспетчерге дәрігерлік шақырудың орындалуы туралы мәлімет береді, ол оны арнайы карточкаға жазып алады.Кезектнің соңына қарай жауапты фельдшер машинадан дәрігерлік жәшікті түсіріп, оны кем жерін толықтыру үшін аптекаға немесе аға фельдшерге тапсырады, ал басқа жабдықтарды өзін алмастыратын жауапты фельдшерге береді. АУРУХАНАЛАР: Ауруханалар-төсек тартып жатқан сырқаттарға арналған емдеу-профилактикалық мекеме.Ауруханалар салу жұмысы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен нормативтер бойынша іске асырылады. Қазіргі ауруханалар-қажетті емдеу-диагностикалық аппараттармен, құралдармен, жабдықталған медициналық мекеме. Аурухананың негізгі құрамдық бөлімдері: қабылдау, әкімшілік-шаруашылық , емдеу бөлімдері.Емдеу бөлімдеріне диагностикалық және емдеу кабинеттері, операциялық, процедуралық, жараны таңу, арнайы бөлімдер жатады. Емдеу бөлімінің құрамына сондай-ақ жүріп тұратын сырқаттардың дем алуына арналған орындар, буфеттер мен асхана және көмекші бөлмелер (санитарлық торап, асхана, әжетхана, кір жуатын жер) енеді.Ауруханадағы орта медициналық қызыметкердің көпшілігін мейіркештерден алады. Олардың міндеттеріне: 1.емдеу-диагностикалық жұмыс –дәрігерлік аралау кезінде қатысу, дененің температурасын, қан қысымын өлшеу, ауыр науқастардың тамыр соғуын, сырқаттын жалпы күйін және организмнің физиологиялық қызымет атқаруын, қажет болғанда жедел дәрігерге дейінгі жәрдем көрсету, дәрі таратуы және оны қабылдауын қадағалау, лабораториялық зерттеуге арналған материалдар алу, түрлі манипуляциялар жасау мен дәрі құю; 2.Сырқат күтімі – киіндіріп -шешіндіру, іш киімдерін ауыстыру, ауыз қуысын, терісін күту, ойылған жерлеріне профилактика жүргізу, ауыр науқастарды шомылдыру, тамақтандыру т.б. 3.Дайындық жұмысы –медициналық аспаптарды жуу және зарарсыздандыру, дәрі-дәрмектерді, жұмыс орнын дайындау ; 4.Құжаттармен жұмыс-дәрігерлік белгілелеулер қағазын жүргізу, лабораториялық аспаптармен зерттеуге және консультацияға жолдама беру, дәрігерлік аралап шығуға дейін аурудың тарихын дайындау(қосымша қағазды зерттеу нәтижесін желімдеу), ауруханадан шығарарда құжаттар көшірмесін, анықтама мен ауруханалық қағазды (больничный лист) толтырады. Аурухананың әрбір бөлімшесінде мейіркештер бар, олар емдеу және диагностикалық манипуляциялар мен процедуралар атқарады: венаға дәрі құю, қан мен қанның алмастырушысын құю, жота жұлыннан пункция алуға, биохимиялық анализге қан алуға аспаптар дайындау.Бірқатар жағдайда процедуралық кабинеттедіңмейіркештеріне сондай-ақ ұлтабарлық зондтау, зерттеу үшін қарын сөлін алу, дәрі құюды жасау жүктеледі. Процедуралық мейіркештердің еңбегін жетілдіруде әрбір процедуралық кабинеттерді дәрімен тазаланған материалдармен және аспаптармен орталықтандырылған жабдықтаудың ерекше маңызы бар.Орталықтандырылған зарарсыздау қызыметін құру күнделікті процедуралық мейіркештердің жұмыс уақытының 15% үнемдеуге мүмкіндік береді, бұл 2 сағаттық кезекшілікпен пара пар. Науқас түсер алдында палатадағы төсек,тумба,дәрет ыдысына арналған заттар дезинфекциялық ерітіндідегі дымқыл шүберекпен сүртеді.Осыған орай,бөлімнің жұмыс бөлмесінде дезертінді мен шүберегі бар таңбалы ыдыс болады.Ыдысты жабық ұстау қажет.Төсекке вегативті қалыптағы кесте бойынша камералы дезинфекциядан өткен төсек жабдықтары төселініп, төсек жабдықтарына таза төсек жамылғысы жамылады.Науқасқа жеке заттар (аурудың жағдайына байланысты) бөлінеді:стақан ,су жылытқыш , т.б. содан соң тиянақтап жуылады. Науқас жазылып шықаннан кейін жеке қолданылған заттар дезинфекцияланады. Науқас ауруханағатүскен кезде гигеналық заттарды алуына рұқсат беріледі. Битпен түскен аурулар қабылдау бөлмесінде алғашқы тазалаудан өтеді,ерекше қадағалауда болады және қажет болған жағдайда толық битсіздендіру үшін қайта тазалаудан өтеді.Рұқсатпен,әр ауру өз бөлімінде гигеналық душ қабылдай алады (7-10 күнде 1 рет).Дене және төсек жамылғыларын 7-10 күнде бір рет (душ қабылдағаннан кейін) және жамылғы кір болған жағдайда ауыстырылады. Жамылғыларды ауыстыру мерзімі арнайы журналда тіркеліп отырады, оны бөлімнің шаруашылық бөлімнің медбикесі жүргізеді.Жамылғыларды іріктеу мен талқылауға арналған арнайы бөлме болу керек.Пайдаланған жамылғыларды еденге лақтырып тастауға тиым салынады.Жамылғыларды іріктеу мен талқылауға арналған бөлме ауасы тазартылған,еденнен 1,5м жоғары плиткамен жапсырылған немесе майлы бояумен боялу керек.Жамылғыларды іріктеу кезінде халат ,медициналық қалпақ,маска,резинка қолғап,шәркей болу қажет.Жамылғыларды іріктеп болғаннан кейін бөлме дезертіндімен жуылады,арнайы киім жууға жіберіледі,аяқ киім мен қолғап дезинфекцияланады.Бөлмелерді жинау үшін жеке белгі қойылған мүлік және шүберек бөлінеді,олар жиаудан кейін дезинфекцияланады. Науқастар күнде таңертең және кешке,ұйықтар алдында жуыну керек.Тамақ ішер алдында міндетті түрде қол жуу керек.Төсектен тұрмайтын науқастар үшін жуыну төсектің жанында ұйымдастырылады.Бұған орай,бөлмеде белгі соғылған ыдыстар(шәйнек,леген).су және ағызба суға арналған пайдалылғаннан кейін дезинфекцияланады.Науқастарға палатадағы көрші төсек отыруына тиым салынады,сонымен бірге келушілерге де науқастың төсегіне отыруға рұқсат берілмейді.Бұл жағдайда палатада орындвқ болуы керек.Палатаның күніне кем дегенде 4 рет ауасы тазартылу керек.Ауруханалар үшін белгіленген түскі астан кейінгі демалыс және күн тәртібі барлық науқастар және аурухана жұмыскерлері үшін қатаң қадағалану керек.Ауруханалардың бөлімдерінде күзет тәртібі мен күн реті қатаң сақталу керек,науқастар мен персеналдардың дауыстап сөйлемеуі, бөлмелерді таңертең ерте және кешкісін кеш жинамауы керек.Науқастар басқа бөлімдерге баруға рұқсат етілмейді. Шәркейлер басқада қолданылыста болған аяқ киімдернауқас шыққаннан кейін дезинфекцияланады..Қызымет көрсетушілер қолдарын тазалау осы нұсқаудың 2.14 тармағына сәйкес жүргізіледі.Бөлімдерде тәртіп пен тазалық сақталынады.Тазалану күніне 2 рет 2% ыстық сабынды –содалы ерітіндіні немесе 2%ыстық синтетикалық жуу құралының ерітіндісінің ылғалды тәсілін пайдалана отырып жүргізеді.Бөлімнің тазалау мүліктеріне (шелек,шүберек) белгі қойылады және дәретхана,палата,ванна,дәлсіз, емдеу кабинеттерінде және т.б.бөлмелерүшін жеке пайдаланылады. Белгі соғылған тазалау мүліктері қатаң белгіленген орындарда сақталадыжәне беғлгілі бір мақсатта ғана қолданылады.Тазалау мүліктерді сақтайтын орын болмаған жағдайда дезинфекцияланғаннан кейін жинайтын орын белгіленген жерге сақтауға болады.Осы мүліктерді басқа бөлмелерде және басқа да мақсатты істерге рұқсат етілмейді.Пайдаланғаннан кейін жинау мүліктері мен шүберекті дезинфекциялайды және тиісті жерде сақтайды.Бөлімдегі персоналдардың медициналық бақылауы мен тексерісі медициналық бақылаудың қолданыстағынұсқауына сәйкес жүргізіледі.Науқастардың арасында аурухана ішілік инфекциялық ауру пайда болған жағдайда барлық қызыметшілерге кезектен тыс медициналық бақылау жүргізіледі. Аурухана бөлімдерде науқастардың инфекциялық ауруларына орай іс-шаралар жүргізіледі.Науқастардың қызуы көтерілген кезінде (37,50 С және жоғары) 5 күн бойы тифопаратифоз, риккетсиоз және басқа да инфекцияларға орай бактериологиялық зерттеу жүргізу үшін қан алады.Соңғы 2 жылда тропиктен келген безгегі ұстаған науқастардың алғашқы анықталуларына қарамастан малярия зиянкестерінің нақтылығын білуде міндетті түрде қаны зерттеледі.Осындай қанды зерттеу: -қызу жиі көтерілгенде ауырған кездегі бірінші 5 күн ішіндегі алынған анықталуларға қарамастан -қан құйғаннан кейін 3 ай бойы қызу көтерілгенде -соңғы 2 жылда анамнезде маляриямен ауырғандардың қандай ауру түрі болмасын қызуы көтерілгенде -белгісіз қаназдық,көк бауыр мен бауырдың өсуі кезінде жүргізіледңі. Науқастың жұқпалы ауру белгісі байқалғаннан жұқпалылар ауруханасына (бөліміне) ауыстырғанға дейін.оны онаша палатаға оқшаулау керек.Жұқпалы аурумен қатысты науқастарды онаша палатаға ауыстырады және аралық уақытына дейін оларға бақылау жасалынады,науқасты шығарар кезде жұқпалы аурумен қатысты болғаны туралы мекен-жайына орай СЭСхабарлайды.Босатылған палатаға схемадағы бойынша ЕПМ құралдары және күшімен соңғы дезинфекция жүргізіледі.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 47; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.009 с.) |