Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Мейірбикелік іс – кӘсіптік философиясыныҢ кӨзҚарасыменСодержание книги
Поиск на нашем сайте МЕЙІРБИКЕЛІК ІС – КӘСІПТІК ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ КӨЗҚАРАСЫМЕН Ауруларды күту тәжірибесінің анықтамасы келесі талаптарға сәйкес болуы қажет: - мейірбике мен дәрігердің рөлдерін анық дифференциалдау; -мейірбикелік істің бірегей, ерекше қасиеттерін ашу; -кәсіптік болашақты бейнелеу; -қазіргі тәжірибе мен заңдарға сәйкес болу. Мейірбикелік іс теориясына арналған Ресей мемлекетінің Санкт-Петербург қаласындағы өткен I Голицын конференция материалдарынан: Мейірбикелік іс адамның потенциалды және бойында бар ауруларына жауапты реакциясын диагностикалау және емдеу туралы ғылым және өнер. Мейірбикелік іс – қамқорлық пен адамгершілік өнері бар медицина және биологиялық ғылымдар жиынтығы. Неліктен мейірбикелік іс бірден ғылым және өнер болып табылады? Мейірбикелік іс - өнер ретінде, яғни : -білім мен шеберлікті үнемі қолдана білу керек; -оңтайлы көзқарасты, интуицияны, әртіскерлікті, қамқорлықты талап етеді.
Мейірбикелік істі ғылым ретінде қарастырсақ, зерттеу арқылы пайда болып, тексерілген, ұйымдастырылған, жүйеленген білім құрылымы. Мейірбикелік процесс медициналық бикенің кәсіби іс-әрекетінің ғылыми негізі болып табылады. МЕЙІРБИКЕЛІК ІСТЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР (РЕФОРМАЛАР) Тарихи мейірбикелік істің екі базистік моделі қалыптасқан: XIX ғасырға дейін мейірбикелік істің мақсаты – табиғаттың немесе дәрігер белгілеген дәрі-дәрмектің күшін күтіп, емделушіге тек тыныштық пен жабдықтылықты толық қамтамасыз ету болған, ал аурудың бағытына белсенді әрекет көрсетілмеген. XIX ғасырдың аяғында XX ғасырдың басында ағылшын медбикесі Флоренс Найтингейл идеясының арқасында мейірбикелік істе бетбұрыс болды. Флоренс Найтингейл жаңа мейірбикелік іс моделінің авторы, дұрыс күтім жүйесін құрушы болып табылады. Бұл идея медбикелік істі дербес мамандық ретінде қалыптастырады. Осыдан кейін мейірбикелік іс пен медицина бөлінді. Флоренс мейірбикелік іс медицинамен қатар тұра алатынын іспен көрсете білді. Флоренс Найтингейл күтімді екі салаға бөлді: дені сау адам күтімі және ауру адам күтімі. Жаңа модельмен келісіп, ауру адамды күту барысында ммейірбике: 1.қоршаған орта мен емделушінің қазынасын пайдалана отырып, ауру бағытына белсенді әсер ету керек. Бұның маңыздылығын түсінуге төмендегі факт көмектеседі – Флоренс Найтингейл және оның мейірбикелері Қырым компаниясында жарақаттанған және ауру адамдарды тыныштық, тазалық, таза ауа, дұрыс тамақ, жиі таңумен қамтамасыз етіп, өлім санын 50%-дан 2%-ға төмендетті. 2.адамға тек тірі қалуды емес, сонымен қатар, құнды, жанын қанағаттандыратын өмір сүруге үйрету керек. Мейірбике емделушіге тәуелсіздікті, өзі мен қоршаған орта арасындағы үйлесімді тез қайтару үшін қолынан келгенін бәрін істеу керек. Бұл жолда мейірбикеге емделушінің барлық проблемаларын шешуге тура келеді – физикалық, әлеуметтік, рухани, психологиялық. Неміс философы Мартин Хайдеггер былай деген: «Адам денесі – қаншалықты материя болса, соншалықты жан формасы». Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросының анықтамасы бойынша «мейірбикенің басты міндеті – адамдарды, отбасыларды, халықты физикалық, психикалық,әлеуметтік потенциясын жүзеге асыруға үйрету». Мейірбике манипуляция техникасын аса шеберлікпен меңгеріп, емделушіге сырқаттың себебінен пайда болған күйзелістен шығуына көмектесе алмаса, оған психологиялық көмек көрсете алмаса, күтімнің мақсатына жете алмайды. Рух дүниесі мен дене дүниесі бөлек емес, шексіз күрделі құбылыстар болып жататын жалғыз ғана дүние бар. Мейрбике бірін-бірі тудырып, толықтырып тұратын торығуды да, органикалық бұзылуларды да емдейді. О.Генридің «Соңғы жанырақ» атты әңгімесіндегі ауру қыз бала барлығыңыздың естеріңізде болар. Өзін жақсы көретін адамдардың тамаша күтіміне қарамастан, ол терезе сыртындағы ағаштың соңғы жапырағымен бірге өлем деп, күннен-күнге сола берді. Бірақ, жапырақ табиғаттың заңына қарамастан аз сарғайып, қыз балаға үміт, сонымен бірге ауруды жеңуге күш беріп, бұтақшада ілініп тұра берді. Кейін, дағдарыстан өткеннен соң, дәрігерге көмектескен «медициналық емес фактор», суретшінің «табиғат кереметі» туындысы екені белгілі болды. Мейірбикелік іс – біздің емделушілерімізге жаңағы жапырақтай, «медициналық емес фактор» болуы қажет. Вирджини Хендерсонның жақсы анықтамасы бойынша: «Мейірбике ісінің бірегей міндеттерінің бірі – адамның денсаулығына, сауығуына немесе тыныш өліміне қатысы бар іске көмек көрсету» болып табылады. Бұл жайды келесі сөздәйек сипаттайды: «Мейірбике – аяғы жоқтың – аяғы, соқырдың көзі, баланың тірегі, жас ананың білім мен сенімділік көзі, сөйлей алмай әлсіреп, ойға шомғанның ауызы». Осылайша, медициналық модель патологиялық процестің ауруға шалдығуына, диагностикалауға, түзетуге бағытталған болса, мейірбикелік іс сырқатты, күтімді, комфорт пен гармонияны қамтамасыз етуде ғана емес, адамның өзіне шоғырланады. Дәрігер аяқты алып тастайды, ал адам үшін аяқсыз өмір сүру физикалық, психологиялық, әлеуметтік жақтарынан өте қиын, келесі іс, яғни сол адамның өмір құндылықтарын жоғалтпай сүруіне ынта беру, қалпына келу – мейірбикенің міндеті. Медицинаның мақсаты – ауруға шалдығуды диагностикалау мен емдеу. Мейірбикелік істің мақсаты – емделушіге ауру қалпындағы физикалық, психологиялық-әлеуметтік жайлылыққа мүмкіншілік тудыратын өмірдің қолайлы қасиеттерімен қамтамасыз ету. Дәрігермен белгіленгенорындау мейірбике іс-әрекетінің негізгі және жалғыз мазмұнды емес, ол оның тек бір бөлігі болып ғана табылады. Флоренс Найтингейл күтімінің екінші саласына келсек, ол дені сау адамды күтудің сол адамның сырқаты жоқ қалпын қолдау деп анықтайды, яғни алғашқы рет қоғамда денсаулыққа және ауруды алдын-алуға ерекше көңіл аударылды. «ЖАҢА» МЕЙІРБИКЕ КОНЦЕПЦИЯСЫ Егер 1979 жылы ҮМЭ-да медициналық бикенің анықтамасы «орта медициналық білімі бар дәрігердің басшылығымен жұмыс істейтін және оның жұмысына көмек көрсететін маман» болатын болса, қазіргі моделі «медициналық бике – мейірбикелік іс философиясын кәсіби жағынан түсініп, өз тәжірибесіне оңтайлы қолдана білетін жеке тұлға». Мейірбикелік іс-әрекеттің төрт деңгейі үзілді-кесілді анықталды: 1.денсаулықты нығайту; 2.жарақат пен аурудың алдын алу; 3.жойылған функцияларды қалпына келтіру; 4.азап шегуді жеңілдету. Медициналық бике келесі рөлдерді атқарады: -емделушінің күтімін ұйымдастырушы; -емделушінің күтімін орындаушы; -емделушінің ықыласын қорғаушы (адвокат); -педагог (консультант) -зерттеуші; -лидер; -медициналық бригаданың белсенді мүшесі.
КӘСІПТІК ЭТИКА ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ Күнделікті бикелік тәжірибеде мейірбикелік іс философиясының бастаушысы этика болып саналады. «Этика – кәсіптік тәртіптің дұрыс-бұрысын, жақсылық пен жамандықтың қайда екенін анықтайтын философияның бір саласы» (М.Фаулер). Кәсіптік этиканың элементтерін анықтап алудың мәні неде? Жаңа ғана еңбек әрекетімен айналыса бастаған мейірбике бірден кәсіби деңгейдегі талаптарға сәйкес бола алмайды. Философия докторы Патриция Боннер жас мейірбикенің өзін екі әскердің – оқыған кездегі құндылықтардың және практикада танып білген құндылықтардың шайқасымен салыстырғанын есіне түсіреді. Кейін, мамандыққа үйрене келе, ол медициналық колледжде ие болған және кәсіптік құндылықтардың өзара араласып, қосылып кеткенін байқады. Екі құндылық бірге, біртеңдес, міндеттерді терең сезініп, ойланылған болса ғана мамандықтың толық қалыптасқаны. Бірінші міндет – жеке тұлғаны сыйлау. Әр емделуші бикелік іс-әрекеттің түрсіз объектісі емес, ол табиғаттың бірегей жаратылған жаны бар және осы тұрғыда төмендегі құққа ие: -бикелік күтімді толық көлемде қабылдауға; -ауруы, емдеу жолдары және күтулі нәтиже туралы дұрыс мәлімет алуға; -құпияға; -күтім мен емге белсенді қатысуға; -болашақ тағдырын еркін таңдауға. Емдеу барысында мейірбике емделушіге өз құндылығын түсінуге көмектеседі, оның проблемаларының барлық шешу жолдарын қарастырады, кейін не мақұлдамай, не айыптамай өз емделушінің шешімін қабылдайды. Жеке тұлғаның автономиясын сыйлап, мейірбике кеңес бермейді, ол тек хабарлап және қолдап отырады. Мейірбикенің басқа да міндеттері хабардарлық, жауапкершілік, мейірбикелік іске берілгендік. Екінші құндылық – идеалдар, күткен мақсаттар, яғни ізденістеріміз де ардақты мақсат тұтатын әлпештеген затымыз (М.Фаулер). Мысалы: денсаулық, үйлесімділік, қамқорлық, тәуелсіздік, жайлылық. үшінші құндылық – мейірбикенің жеке басындағы қасиеттері. Флоренс Найтингейл дәуіріне дейін мейірбикеге сипаттама беру үшін сау, құдайшыл, таза, еңбексүйгіш, ынталы, жайдары деген эпитеттер қолданылған. Крестовоздвиженка мейірім бикелер қоғамының бастығы Екатерина Бакунина былай деп жазған: «Бііздің арманымыздағы бикелер – аурулардың жұбатушылары, олардың сұраушылары, бөтен госпитальдарға ыстық қатысу сезім мен ақ ниеттілікті енгізетін бикелер». Қазіргі мейірбикелер рақымшылығы әлдеқайда толықтырылған – оған ойлау, қызмет істеу, басшылық ету, оқыту, түрлі жағдайларда өзіне жауапкершілік арта білу т.б. шеберліктер қажет.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 52; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.011 с.) |