Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Палаталық медбикенің лауазымдық міндеттері.Содержание книги
Поиск на нашем сайте Емдеу-сақтау режимі Әрбір емдеу мекемесінде өзінің ішкі ауруханалық режимі болады. Емдеу-сақтау режимінің маңызды шарттарының бірі-сырқат психикасы сыйлау, оның толық дене және психикалық тыныштығын қамтамасыз ететін қолайлы жағдайлар жасау. Ұлы орыс физиологы И.П. Павлов, сырқаттың денсаулығы мен нерв жүйесінің ерекшелігіне сәйкес оған тыныштық пен жағдай жасай отырып, оның хал-жағдайы ауыр болатынын, талай рет атап айтқан болатын-ды. Емдеу-сақтау режимін ұйымдастыруды сыртқы ортаның неғұрлым қолайсыз әсерін (дауыстап сөйлесу, есікті сілкіп ашып-жабу) жойып, терапевтік-емдік шаралар тиімділігін төмендетіп тиімді тәртібін белгілеу қажет. Қызметкерлердің алмасуы, бөлмені жинау, дененің қызуын өлшеу, сырқат тұрған соң, яғни таңертеңгі сағат 7-ден кейін істеледі.Барлық сырқаттар мазасын алмау үшін палатада жарық сигнализациясы мен түнгі шырағдандар дұрыс істеуі керек. Қызметкерлер ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтап және онымен бөлімшеге келіп түскен барлық сырқаттарды таныстыру қажет. Сырқатты медициналық күтім заттары, қан тамған дәке, шприц пен скальпель, лас мақта мен бинт толған леген т.б. Көргенде болатын жиіркеніш сезімдерін болдырмаудың маңызы зор. Өздерінің ауруын ойланудан алаңдату үшін сырқаттың бос уақытын жақсылап ұйымдастырудың маңызы зор. Арнайы бөлме жабдықтау жөн немесе коридорды пайдалануға да болады: кітаптар мен журналдар стендісін жасайды, өздері жүре алмайтын аурулар көру үшін теледидар қояды. Таза ауада (әсіресе жазда) серуендеудің рөлі үлкен. Бос уақытында сырқат оқиды, үстел үстінде ойындар ойнайды, тоқиды, құлаққа киіп радиоқабылдағышты тыңдайды. Сырқаттың қолайсыз эмоцияларын болдырмауға бағытталған шаралар ауруханаға түскеннен бастап, шыққанға шейін жүргізіледі. -Палаталық медбике дәрігердің рұқсатынсыз бөлімнен кетуіне құқығы болмайды.Медбикенің жұмысы бөлім менгерушісінің бекіткен кестесі бойынша жүргізіледі. -Палатаның, ванналық бөлменің, кабинеттердің, дәріханалардың, кереует жанындағы тумбаның тазалықтарын қадағалайды. Емделушілердің мұздатқышттағы тағамдарының сақталуын тексереді, ауруханалық тәртіптің сақталуын бақылайды. Емделушілерге берілетін тағамдардың тағамдардың дәрігер тағайындаған диеталық үстелге қоятын тағамдарға сәйкестігін және мөлшерін сипатын бақылау жасайды. -Керекті медикаменттерді уақытылы жазып алады және бөлменің бас медбикесі береді. -Дәрігер қарауы кезінде қатысу керек, емделушілердің жағдайы туралы мәлімет беруі керек, дәрігердің емделушілердің емдеуі, күтімі бойынша тапсырыс алуы керек. -Тағайындаған парақты дұрыс жүргізу керек, оны ауру тарихында жазылған тағайындаулармен уапқытылы салыстырып отыруы керек.-қазу парағын талдау, ЭКТ және де басқа ауру тарихын (жапсыру) уақытымен рәсімдеп отыру керек. -Жаңа түскен емделушілерге бөлімнің белгіленген тәртібімен таныстыру керек. -ұйымдастыру әдістеме бөліміне емделішілердің қозғалысы туралы мәліметті рәсімделуін (бағыттама қағаздың, анықтаманың, рецептердің көшірмесі ) және уақытымен шығуына бақылау жасау керек. -Кезекшілік кезінде дәрігер жазған және тағайындағандардың бәрін, шығуға жарамды емделушілер туралы мәліметті тапсыру керек. -Медбике емделушілердің тез арада жазылып шығуына орай ілтипатты, сергек, қайырымды болу керек. Ол медициналық деонтологияның негізін білуге міндетті. -Бөлімдегі кіш персоналдардың жұмысына басшылық жасайды. -Емделушілер арасында санитарлық- ағарту жұмыстарын үнемі жүргізіп отыру керек, денсаулық мектебін ұйымдастыру керек. -Санорындарын ұйымдастыру және Қызыл крес Қоғамының жұмыстарына белсенді ат салысу керек. -өз еңбегін жетілдіруде және жеке біліктілігін көтеруде жүйелі жұмыс жүргізуң керек. СЫРТҚЫ ТҮРІ-.Медбикенің сырт пішіні емдеу кабинетінің визиттік көрсеткіші екенін еске саламыз, ашық косметикадан аулақ болуы керек, тырнақты қысқа алу керек. Халат таза болу керек, жейденің жені халаттың женінен ұзын болмауы керек. Шаш қалпақтың астында жиналуы болуы керек. Аяқ киім өкшесіз, жұмсақ және ыңғайлы болуы керек. 2.ӘРІПТЕСТЕРІМЕН АРАЛАСУ-әріптестерімен қалыпты қарым-қатынас ұжым ішіндегі қалыптың, тазалықтың кепілі. Өзара қарым-қатынас, әрине, өзара көмек арқылы даму керек. Қандай жағдайда болмасын кіші медперсоналда дәрігерлер арасындағы субординация ережесін ұсталыну қажет. ЕМДЕЛУШІЛЕРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС- емдеу медбикесі дәрігердің кез келген тапсырысын білікті, ұқыпты тез орындау керек. Емдеу медбикесінің емделушіге қатысты кез келген әрекеті оның ағзасына (егу жасау, зерттеудің биологиялық материалдарын жинау, сүнгілеу, пункция және т.б.) араласу болатынын еске алу керек., ем жүргізудің қажеттілігін, кейде сендіру, жұбату арқылы әр емделушінің жеке ыңғайын таба білу керек. -Емдеу медбикесінің ем жүргізуінің техникалық әрекеті нақты және сенімді болуы керек, бұл кезде емделушінің алдында беделі өсіп, олардың алып жатқан емдерінің сәтті боларына сенімді болады. 1.Өткізілетін медициналық процедураларға байланысты процедуралық (манипуляциялық) кабинеттерді ашады: -бұлшық етке, тері астына инъекцияларға -көктамырға инъекциялармен құюға -ауыр қалдағы науқастарға реанимациялық көмек көрсетуге -интенсивті терапияға жасауға -емдік және диагностикалық сүңгілеуді іске асыруға -емдік және диагностикалық клизмаларды жасауға. 2. Процедуралық (манипуляциялық) кабиненттерінің кешені 12-14м2-ден кем болмауы керек, жоғары жеткілікті , желдету, қабырға және төбе бактериоцидті шамдармен (ОБН -200 немесе ОБН-300 бір шам бөлменің 30м2есебімен) жабдықталуы міндетті. Бактериоцидті шамдары 2 жылдан кейін ауыстырады. 3.Процедуралық (манипуляциялық) кабинеттер аурухана (емхана) жабдықталу табілімен байланысты үсті дезинфекция кезінде бүлінбейтін құралдармен жабдықталуы тиіс. Кушеткаларды полиэтилен пленкасымен немесе медициналық клеенкамен жабу қажет. 4.Құралдармен кушетканың үстін нұсқау бойынша дезинфекциялайды. 5.Процедуралық кабинетте дезинфекция жүргізу үшін мөрленген ыдыста қажетті концентрациялы дезертінді болу керек. 6.Медициналық құралдарды қолданған соң шайып, дезертіндімен ыдысқа салып қояды. 7.Егер медициналық құралда қуыс болса, онда дезинфекция алдында дезертінді ыдыста шаяды, әрі қарай медициналық құралдар нұсқау бойынша өңделеді. 8.Арнайы процедуралық (манипуляциялық) үстелдерді журнал және басқа оқу септік құжаттарға толтыруға болмайды. 9.Дәрілік ампулалады жинап уақытша сақтауға педальды ыдыс болуы қажет. 10.Процедуралық кабинетте істейтін медициналық персоналға арнайы киім (медициналық халат, шәрке) міндетті арнайы киім. Арнайы киімді күнделікті ауыстырады. 12.Қажетінше жұмыс күні ішінде стерильді медициналық заттарды қолдану және сақтау үшін, стерильді ақ жамылғымен жабылған үстел әзірлейді. Стерильді заттарды сақтау мерзімі 12 сағаттан аспауы керек. Стерильді үстелді әзірлеу стерильді пинцетпен (корцангпен) қолданылады. 13.Манипуляциядан кейін дезертінді қолдану арқылы ылғалды жинау жүргізіледі. 14.Процедуралық кабинет, палата, реанимация бөлімінде ылғалды жинау әдісімен дезертінді қолдану арқылы 3 рет жүргізіледі. 15.Аптасына 1 рет процедуралық (реанимация, интенсивті терапия ) кабинеттерінде жалпы жинау жүргізіледі. Дезинфектант ретінде 5% деохлор немесе 6% су тотығы + 0,5% жуу комплексін қолданады. Алдымен қабырғалар, құралдар, үстелдер, медициналық кушеткалар залалсыздандырады, қоқысты жандырады. Сосын еденді мұқият жуады, содан соң бактериоцидті шамдарды 2 сакғатқа қосады, кейін бөлмені желдетеді. 16.Процедуралық кабинеттерде, реанимация (интенсивті терапия) палаталарында жұмыс уақытында қолданылмайтын заттарды сақтауға тиым салынады. 17.Егер медбике процедуралық кабинетті ылғалды жинауға қатысса, оларға жинауға арнайы қосымша киім беріледі, ол негізгі арнайы киімнен бөлек сақталады. ЕГУ ЖАСАЙТЫН БӨЛМЕДЕ ІСТЕЙТІН МЕДБИКЕНІҢ МІНДЕТТЕРІ: -Асептика және антисептика ережелерін жақсы білу және қадағалау. -Тері асты бұлшық етке, көктамырға (дәрігердің рұқсатымен) инъекция, аутогемотерапия, тамыр ішілік құюларға, трансфузияға жүйені әзірленуге жетік білу және дәрігердің тағайындауы бойынша осы манипуляцияларды орындау. -Қан тоқтату ширақты салу техникасы , қан қысымын өлшеу, қуықты (жұмсақ катетрмен) катетрлеу техникасын менгеру. - Қынап спринцееванниясын жүргізу. -Реанимациялық шараларының әдістерін игеру (жүректің жабық массажы, жасанды дем алдыру, ауыздан ауызға),(ауыздан мұрынға). -Дәрігермен бірге жасанды пневмоторкс өткізуге, қуыстан сұйықтық шығаруға қатысу және қажет құралдарды әзірлеу. -Таңғыш таңуды соның ішінде мобилизациялаушыларды, онда қыша қолдануды, клизма жасауды, газ шығаратын түтікті қоюды т.б. - Тексеруге пациентті әзірлеу әдістерімен асқазанды және 12 елі ішекті жууды, жағын алуды меңгеру. -Процедураларды уақытымен орындауын және кезекші қызыметкердің орнын басушылығын қамтамсыз ету керек.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 54; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.007 с.) |