имараттарындағы терезелер – түрлері және олардың қабырғада орналасуы. Терезе жақтаулары мен панелдері. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

имараттарындағы терезелер – түрлері және олардың қабырғада орналасуы. Терезе жақтаулары мен панелдері.

Поиск

Қажетті жарық пен аэрация үшін өндірістік ғимараттардың беттік қабырғаларына орнатылатын терезенің көлемі азаматтық құрылысқа арналған терезенің көлеміне қарағанда үлкен болады. Олардың өлшемдерін унификация мақсатында ені бойынша 0,5 м биіктігі бойынша 0,6 м деп алады. Түптеулердің жармалары аспаның тік және көлденең осі болады. Олар жоғарғы, төменгі, ортаңғы аспалы болады.

Көп жағдайда өндірістік ғимараттардың терезелерінің түптемелерін біртекті етіп орнатады.

Өндірістік ғимараттардың терезелерінің ойықтары ағашты, болатты және темірбетон түптемелерінен, шыныблоктардан, шыныпакеттерден немесе полимер негізінде жасалған жарық өткізгіштерден жасалады.

Терезе блокын орнатып болғаннан соң беттік қабырғаның ойықтарына цинкті болаттан жасалған тұмшалағыш, ал ішкі бетіне ағаштан немесе бетоннан жасалған терезе асты тақтасын орнатады.

Ыстық цехтарда (құймалы және т.б), ауа ылғалы жоғары цехтарда болат терезе түптемелері орнатылады. Олар ағаш түптемелеріне қарағанда ұзаққа шыдайды және пайдалануда жеңіл. Терезе ойықтарын жеке түптемелермен толтыруға болады.

Қарапайым болат түптемелерге қарағанда қазіргі таңда болат терезе панельдері кең қолданыс тапты. Олар әдетте қарапайым, қатты және биіктігі 20 м дейінгі терезе ойықтарын бекітуге мүмкіндік береді. Терезе панельдерін труба тәрізді немесе иілген профильден жасайды. Олардың өлшемдері қабырға панельдерінің биіктіктерінің 1200 және 1800 мм, биіктігі 6 м өлшемдеріне сай болуы керек. Олар саңылаусыз және ашылатын жармалармен, біртекті және екі қабатты швынылаумен болуы мүмкін. Панель жалпы рамадан және шыныланған элементтерден (рамадан) тұрады, оларды ілгекке немесе дәнекердің көмегімен бекітеді. Ойықтарының биіктігіне байланысты панельді бір-біріне орнатады, олардың өздік массасы төмендегі қабырға панеліне жіберіледі. Әр панельді каркас колоннасына төрт жерден болтпен бекітеді.

Темірбетон терезе түптемелері отқа төзімді, берік, шіруге икемделмеген, пайдалануда тиімді, бірақ дайындауда қиынырақ.. Оларға жарма бөліктерді орнату қиын, сол себепті көп жағдайда темірбетон түптеулерін саңылаусыз етіп орнатады, ал қажетті жағдайда болаттан немесе ағаштан жасалған форточка орнатады. Темірбетон түптемелерін қабырғаға болат бекітпелердің көмегімен бекітеді. Шыныларды түптеулерге цинкті кровельді болат кляммермен бекітіледі, олар 150-300 мм қадам сайын орнатылады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 78; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.007 с.)