Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
дәріс.Тақырып: Құрылыс объекті жобасының құрамы мен мазмұны.Содержание книги
Поиск на нашем сайте Бірыңғайғалауға қолайлы болуы үшін өнеркәсіптік ғимараттардың көлемін жеке бөлік және элементтерге бөледі. Көлемді-жобалық элементі және ұяшық деп ғимараттың қабат биіктігіне, аралық және қадамның өлшеміне сәйкес бөлігін айтады. Жобалау элементі немесе ұяшық деп көлемді-жобалау элементінің көлденең проекциясын айтады. Көлемді-жобалау және жобалау элементтері олардың ғимаратта орналасуымен байланысты бұрышты, бүйірлік, орташа және температуралық жік элементтері болып бөлінеді. Кеңістіктік бірыңғайлылығы жолымен параметрлердің аралық, биіктігі және колонна қадамы бойынша ұйлесімділік саны қысқарды. Оларды қолдану өнеркәсіп ғиамарттарының үлкенділігі бойынша көптеген схема жасауға болады. Технологиялық үрдістердің сипаттамасына байланысты өнеркәсіптік ғимартатың бірыңғайланған габариттік схема әртүрлі өнеркәсіптік бағыттыр үшін қолданылуы мүмкін.
СӨЖ-на арналған бақылау тапсырмасы Әдебиеттерден, ғимараттардың құрама элементтерінің және бөлу осьтеріндегі ғимараттардың байламы туралы танысу. Бағамдық жобаның нұсқауы бойынша бөлу осьтеріне ғимараттар элементтерін байлам жүргізу
Дәріс сұрақтары: 1.Құрылыс объекті жобасының құрамы мен мазмұны.
Өндірістік тағайындау кәсіпорындардың, ғимараттардың және биналардың құрылысына жоба келесі бөлімдерден түзеледі : - жоба төлқұжаты; - жалпы түсіндірме жазу; - объектінің бас жоспары және көлік; - технологиялық шешімдер; - өндірісті және кәсіпорынды басқару, ұйымдастыру және қызметкерлердің еңбек шарттары; - сәулеттік-құрылыс шешімдер; - инженерлік жабдықтау, торлар және жүйелер; - құрылысты ұйымдастыру (жобалауға тапсырмаға айқын көлемде); - қоршаған ортаны қорғау; - азаматтық қорғаныс инженерлік-техникалық шаралары, төтенше жағдайларды ескерту шаралары; - сметалық құжаттар; - инвестициялар нәтижелілігі (қажетті жағдайларда) және техника – экономикалық көрсеткіштер (В қосымша); - негізгі құрылыс материалдардың, бұйымдардың және контрукция-лардың қажеттілік құрама ақпартізімі. Кәсіпорын мұқтаждықтарына арналған тұрғын-азаматтық тағайындау объектілерін құру қажеттілігі болған жағдайда, жобалау-сметалық құжаттар құрамынан бөлек тұрғын-азаматтық тағайындау объектілерін құру жоба бөлі-ніп шығарылады. Ол «Кәсіпорындар, ғимараттар және биналар құрылысы-ның жобалау-сметалық құжаттарын өңдеу, келісу, бекіту және құрамы тәртібі туралы нұсқау» 4.2 тармағына және өзара байланысқан жалпы өнеркәсіптер үшін техника-экономикалық көрсеткіштер бар биналар, қалақұрылыс құжат-тарын өңдеу, келісу, бекіту және құрамы туралы ережелеріне сәйкес өңделе-ді. Өндірістік тағайындау кәсіпорындардың, ғимараттардың және бина-лардың құрылысына жобаның ұсынылатын құрамы мен мазмұны төменде қарастырылады. Жалпы түсіндірме жазу құрамы: - жобаны өңдеуге арналған негізден; - жобалауға арналған бастапқы мәліметтерден; - кәсіпорын қысқаша сипаттамасын, биналар және оның құрамына кіруші өндірістер, жобалық қуаттылық және номенклатура, сапа, бәсекеге қабілеттілік, өнімнің техникалық деңгейі, шикізат базасы, отынға, суға, жылу және электр қуаттарына қажеттіліктер, шикізаттарды, өндіріс қалдықтарын, екінші қайтару қуат қорларын комплексті қолдану, құрылыс ауданының әлеуметтік-экологиялық шарттары туралы мәліметтерден; - бас жоспардың, инженерлік торлар және коммуникациялардың, аумақты инженерлік қорғау шараларының негізгі көрсеткіштерінен; - жұмыс істеушілердің шарттарын және қорғауын, санитарлық-эпиде-миологиялық шараларды, еңбек қауіпсіздігін және азауқатты халық топтары-ның тіршілік әрекет шарттарын, негізгі шешімдерді сипаттайтын жалпы мәлі-меттерден; - ойлап табуларды және патенттерді жобада қолдану туралы мәлімдеу-ден; - жобаны өңдеу нәтижесінде алынған техника-экономикалық көрсет-кіштер, оларды объект құрылысына бөлінген инвестициялар және тапсыр-мамен анықталған және жобалауға бекітілген (мақұлданған) негіздеулерді салыстыру, жобаны орындау бойынша тұжырымдар мен ұсыныстардан; - өткізілген жобалау шешімдердің келісулері туралы мәліметтерден; - өңделген жобалау-сметалық құжатардың мемлекеттік қадағалау (ба-қылау) және мүдделі ұйымдар мен объекттің орналасу орнын келістірген тұлғалар берген, мемлекеттік нормаларға, ережелерге, бастапқы мәліметтер-ге, сонымен қатар техникалық шарттарға және талаптарға сәйкестігін растау-дан; - жұмыс істейтін нормативтік құжаттардан шегінулер туралы орнық-тырылған тәртіппен келісімді орындаудан; - негізгі принциптер көлемдік-жоспарлау және сәулеттік шешімдерден тұрады.
Объекттің бас жоспары және көлік: - ауданның және құрылыс алаңдарының қысқаша сипаттамасынан; - бас жоспар бойынша (аумақтың зоналауын ескере), алаң ішіндегі және сыртқы көліктердің шешімдері мен көрсеткіштерін, көлік түрін таңдаудан; - негізгі жоспарлау шешімдерінен, аумақты сәулеттендіру шараларынан; - инженерлік торлардың және коммуникациларының орналасуынан; - кәсіпорын күзетін ұйымдастырудан - тұрады. Негізгі сызулар: а) бар және жобаланатын сыртқы коммуникациялар, инженерлік жүйелер және селитебтік аумақтар, санитарлық-қорғау зона шектері, ерекше күзетілетін аумақтар көрсетілген кәсіпорынның, ғимараттың, бинаның орна-лыстырылған ситуациялық (жағдайлық) жоспар, ал бойлық биналар (алаңнан тыс және алаң ішіндегі) үшін жол жоспары, ал қажетті жағдайда жолдың бой пішіні және жер салуларының көлденең пішіні келтіріледі; б) жер массасының картограммасы (ұзындық биналардан басқа); в) бар және жобаланатын (қайта құрылатын), сонымен қатар бұзуға жа-татын ғимараттар мен биналар, қоршаған ортаны қорғау және сәулеттендіру объектілері, аумақты көгалдандыру және алаң ішіндегі инженерлік тораптар мен көлік коммуникациялары, аумақтың жоспарлау белгілері белгіленген бас жоспар, сонымен қатар шығарылатын кешендерге кіруші объекттер, тораптар және көлік коммуникациялары бөлінеді. Технологиялық шешімдерге: - өндірістік бағдарлама туралы мәліметтер; - өндіріс технологиясы бойынша қысқаша сипаттама және шешімдерді негіздеу, еңбек сіңіргіштік (станок сиымдылығы), механикаландыру және технологиялық процестерді автоматтандыру туралы мәліметтер; - қолданылатын жабдықтардың, соның ішінде импорттық жабдықтар-дың, құрамы және негізделуі; - аз қалдықты және қалдықсыз технологиялық өндірістер және процес-терді, жылуды және ұсталған химиялық реагенттерді қайта қолдану бойын-ша шешімдер; - жұмыс орындарының саны және олардың жабдықталғандығы; - цехаралық және цех коммуникацияларының сипаттамасы; - өнім сапасын бақылауды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар; - жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру бойынша шешімдер; - қуат сақтау бойынша шаралар; - атмосфераға зиянды шығарулар мен су қайнарларына тастаулардың (бөлек цехтер, өндірістер, биналар бойынша) саны және құрамы туралы мәлі-меттер; - қоршаған ортаға зиянды шығарулар мен тастауларды болдырмау (қысқарту) бойынша техникалық шешімдер, апаттақ жағдайлар пайда болу мүмкіндігін бағалау және оларды болдырмау бойынша шешімдер; - пайдалану және жерлеуге жататын өндірістік қалдықтар көлемі, түр-лері, құрамдары; - технологиялық процестердің жағармайлық-қуаттық және заттық ба-ланстары; - негізгі технологиялық мұқтаждықтарға арналған қорлардың түрлеріне қажеттілік. Негізгі сызулар: а) технологиялық процестердің принципшіл желілері; б) ғимараттар (цехтар) бойынша жабдықтардың және көлік құрал-дарының орналасу нұсқауымен технологиялық жоспарлау; в) жүк ағындарының желілері. Бөлімді өңдеуде технологиялық жобалау салалық нормаларын басшы-лыққа алу қажет. Өндірісті, өнеркәсіпті және ұйымдарды басқару, жұмысшылар және қызметшілердің еңбек шарттары мен қорғауы Еңбек Министрлігі және Қа-зақстан Республикасының халық әлеуметтік қорғауының нормативтік құжат-тарына сәйкес орындалады. Бұл бөлімде: - кәсіпорынның және бөлек өндірістердің басқару құрылымын ұйым-дастыру, автоматтандырылған басқару жүйесі және оны ақпараттық, функци-оналдық, ұйымдастыру және техникалық қамсыздандыру; - басқару қызметкерлерінің еңбектерін автоматтандыру, механикалан-дыру; - жұмыс істеушілердің кәсіби-дәреже құрамын есептеу нәтижелері; - жұмыс орындардың саны және жабдықталғандығы; - кәсіпорында жұмыс істеушілердің санитарлық-гигиеналық еңбек шарттары; - еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша шаралар, соның ішінде өндіріс шуларын және дірілдерін, бөлмелердің газдануын, артық жылынуын, еңбек шарттарының комфорттығын жоғарылату шаралары ж.т.б. – қарастырылады. Сәулетшілік - құрылыс шешімдер: - құрылысқа арналған ұсынылатын участок сипаттамасын, оның тұрған жерін, мөлшерін, замандас күй-жағдайларын және қолдануын ескере: объект сәулеттік шешімдерін қысқаша суреттеуден; - аумақтың, көліктің және инженерлік-құрылыс шарттардың, инженер-лік коммуникациялардың және оның үстімен немесе іргелес аумақтары арқы-лы өтетін өнім өткізу қабылетінің, жоспарлау шектерлердің және жұмыс іс-тейтін қала құрылысы құжаттардың экологиялық күй-жағдайы туралы мәлі-меттерден; - ғимараттар мен биналарды бұзу, көшіру жөніндегі талаптардан; - азауқатты халық топтарының тіршілік әрекетін қамтамасыз етуден, құрылыс ережелерінен, қалақұрылыс концепциясын сақтаудан, мәдениет ескерткіштерін және табиғатты сақтаудан, олардың қорғау аймақтарын және ерекше жөнге салу аймақтарынан; - жер асты кеңістіктерін қолдану мүмкіншіліктерінен; - сәулетшілік-құпылыс тапсырмасымен анықталған талаптардың орын-далуынан; - объекттер (объекттердің) жұмыс жасауларын қамтамасыз етуге арнал-ған жобаланушы инженерлік биналардың шешімдерін суреттеуден; - жобаланушы объекттің негізгі сәулеттік-жоспарлау параметрлерінен; - құрылыс алаңдарының инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық шарттарынан, сонымен қатар негізгі ғимараттар мен биналар бойынша қыс-қаша суреттеу және сәулеттік-құрылыс шешімдерін негіздеу туралы мәлім-деуден; - өлшемнің қоршау контрукцияларының жылу сақтайтын қасиеттерін жақсарту, өндіріс шуларын және дірілдеулерін төмендетудің принциптік ше-шімдерін негіздеуден, жұмыс істеушілерге тұрмыстық, санитарлық қызмет ету шараларынан; - электрлік, жарылыс, өрт қауіпсіздіктері бойынша шаралардан; - құрылыс контрукцияларын, торларын және биналарды коррозиядан қорғау шараларынан; - негізгі сызулар: жоспарлар, негізгі күштеу көтеруші және қоршау конструкцияларын көрсететін негізгі ғимараттардың және биналардың қас-беттері және қималардан – тұрады. Инженерлік жабдықтау, торлар және жүйелер: - канализация, сумен, жылумен, газбен, электрмен жабдықтау, жылыту, желдету және ауа тазарту бойынша шешімдерден; - бақылау, есепке алу және жөнге салу құралдарына бақылау бойынша шаралардан; - ғимараттар мен биналарды: электр жабдықтау, электрмен жарықтан-дыру, байланыс және сигнал беру, радиоландыру және теледидар, өртке қарсы сақтық қондырғылармен, найзағайдан қорғаныш және басқа инженерлік жабдықтаудан; - инженерлік жүйелерін басқаруды автоматтандыру және диспетчерлеуден – тұрады. Негізгі сызулар: а) жылумен жабдықтаудың, электр жабдықтаудың, газбен жабдық-таудың, сумен жабдықтаудың, канализацияның және басқалардың түбегейлі желілері; б) инженерлік торлардың жоспарлары; в) инженерлік торлардың кесілгендегі кескіндері (қажет болғанда); г) негізгі биналардың сызулары: д) жылыту-желдету жүйелерін түсірумен негізгі ғимараттардың жоспарлары және жылыту-желдету қондырғыларының түбегейлі желілері, сумен жабдықтау және канализацияның желілері; е) электр жабдықтаудың, электр жабдықтардың, радиоландыру және сигнал берулердің, инженерлік жүйелер басқаруын автоматтандырудың жә-не басқалардың түбегейлі желілері.
Құрылысты ұйымдастыру Бұл бөлім жұмыс істейтін нормативтерге және жобалау ізденіш жұмыстарды орындауға арналған келісім-шартта баяндалған шарттар мен талаптарды ескере, құрылыс материалдары, бұйымдары және контрукциялары нарығы туралы, сонымен қатар қызмет көрсету бар мәліметтерге сәйкес өңделеді .
Қоршаған ортаны қорғау Бөлім республикалық құрылысты басқару органымен бекітілген, мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттарға, табиғи қорларды және Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің нормативтік құжаттарына және табиғат қорғауды реттеуші басқа нормативтік құжаттарға сәйкес орындалады.
Сметалық құжаттар Кәсіпорындардың, ғимараттардың және биналардың (немесе олардың кезектерінің) сметалық құнын анықтау үшін Республикалық мемлекеттік құрылыс басқармасының нормативті-әдістемелік құжаттарында келтірілген тәртіптер мен тұлғаларға сәйкес сметалық құжаттар құрастырылады. Жобалау сатыларында өңделген сметалық құжаттар құрамында: - қолданылған сметалық-нормативті базаны, бағалар деңгейін және осы құрылыс айрықшалығын сипаттайтын басқа мәлімметтер келтірілетін түсіндірме жазу; - құрылыс құнының құрама сметалық есебі, және қажетті жағдайларда шығындардың мәліметтері; объекттік және жергілікті сметалық есептер; - объектілердің құрылысына шығындардың (соның ішінде жобалау және іздеуніші жұмыстарға) бөлек түрлерінің сметалық есебі – болу керек. Бұл құжаттар сараптауға және бекітуге беріледі. Құрылыс құн анықтау үшін анықталған ретте әрекетке өңделетін және енгізілетін жұмыс істейтін сметалық-нормативті базаны қолдану қажет. Сметалық құжатта құрылыс құнын бағалардың екі деңгейінде келтіру ұсынылады: - жұмыс істейтін сметалық нормалардың және бағалардың негізгі (тұрақты) деңгейінде; - сметаларды құрастыру уақытқа пайда болатын немесе құрылысты іске асыру уақытына болжамдалған бағалар негізінде анықталатын ағымдағы немесе болжамдық деңгейде. Сметалық құжат құрамында анықталған, ағымдық (болжамдық) баға деңгейі негізінде, құрылыс өніміне тапсырыс берушілер және жалдаушылар келісім-шарттық бағалар қалыптастырады. Жоба құрамында құрылыстың есепті құны ірілендірілген көрсет-кіштердің (бұдан әрі - ІНҚҚ), ірілендірілген сметалық нормативтік және прогресивтік жобалар-аналогтар көрсеткіштерінің негізінде анықталады. Қажеттілік болған жағдайда, құрылыс құны Қазақстан Республикасының ұлттық банкі ағымдағы бағытымен, жобалау-сметалық құжатты өңдеу уақытына, шетел валютасына қайта есептеуі мүмкін. Инвестициялардың нәтижелілік және техника - экономикалық көрсеткіштер Инвестициялар әсерліліктерінің есептері, жобаның сәйкес бөлімдерін өңдеу барысында, сандық және сапалық көрсеткіштер негізінде, орындалады. Жобаның экономикалық әсерлілігін бағалау орнықтырылған тәртіппен және әдістемелік нұсқауларға сәйкес орындайды. Жобалауға тапсырмамен, осы объекттің құрылысына инвестиция негіздеулерінің құрамында анықталған, негізгі техника-экономикалық көрсеткіштер есептерінің нәтижесін және жалпыланған мәліметтерді салыстыру жаса-лынады жәна олардың негізінде жобаны іске асыру мен инвестициялау жөнінде ақырғы шешім қабылданады. Жұмыс істейтін кәсіпорындардың, ғимараттардың және биналардың кеңейту жобаларына, қайта құруға және техникалық қайта жабдықтауға техника-экономикалық көрсеткіштер, қуаттылықтардың өсуіне де, толығы-нан объект бойынша да, кеңейту, қайта құру және техникалық қайта жабдықтау біткен соң келтіріледі. Құрылыстық шешімдер: - инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық шарттар туралы мәліметтерден; құрылыстық шешімдерді негіздеу және олардың сәулеттік ниетке сәйкестігі, қалақұрылыс талаптарын ескере функционалдық тағайындалуынан, тапсырыс берушінің орнықтырған талаптары мен техникалық шарттарға көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдер сәйкестігінен; - құрылысты ұйымдастыру бойынша негізгі жағдайлардан; - объекттің жарылыс және өрт қауіпсіздігі, құрылыс конструкцияларын коррозиядан сақтау бойынша шаралардан, бөлмелерде талап қойылған комфортты қамтамасыздандыру туралы мәліметтерден тұрады. Технологиялық шешімдер: - объекттің функционалдық тағайындалуынан; - технология, технологиялық процесстерді механикаландыру, автомат-тандыру және олардың тапсырыс беруші берген деңгейіне және қауіпсіздік, еңбек шарттарының комфорттығына сәйкестігі бойынша қысқаша сипатта-мадан - тұрады. Инженерлік жабдықтау шешімдер: - инженерлік жабдықтар – жылыту, жылдету, ауа тазарту, газбен қамсыздандыру, канализация бойынша принциптік шешімдерді және диспетчерлеу, автоматтандыру және инженерлік жүйелерді басқару бойынша шешімдерді негіздеуден; - электр жабдықтар, электр жарықтандыру, найзағайдан қорғау, қорғау және өртке қарсы сақтық сигнал берулер бойынша принциптік шешімдерден, суды, отынды және электр қуатын, оған қоса бақылауды, шығындарды есеп-теу мен реттеу бойынша шаралардан; - инженерлік торларды шарлау тоқтарынан қорғау және коррозияға қарсы қорғау бойынша шаралардан, байланыс құралдары мен сигнал беру, радиофикациялау, теледидар бойынша, еңбек шарттарын жақсартуға арналған жабдықтар және өртке қарсы шаралар бойынша жобалық шешімдерден - тұрады. Негізгі сызулар: - 1:5000, 1:10000 масштабта ситуациялық жоспар; - бас жоспар схемасы немесе 1:500, 1:1000 масштабында орындал-ған топографиялық негізде участок бас жоспары, қабаттар жоспарлары, қасбеттер, қүш көтеруші және қоршау конструкцияларының (жеке және қайта қолданылатын жобалар бойынша) схемалық бейнеленген ғимараттар мен биналар қималары; - қайта қолдану жобаларының байлау каталогтық беттері; - негізгі бөлмелердің ішкі көріністері (жобалау тапсырмасына сәйкес өңделеді); - жеке конструктивтік шешімдердің схемалық бейнеленуі; - негізгі жабдықтардың нормальдерге сілтемелері бойынша техноло-гиялық құрастырылуы немесе әр қабатта орналастыру жоспарлары; - инженерлік жабдықтаудың принциптік схемалары және сыртқы инженерлік коммуникациялар жолдарының схемалары; - ішкі алаңшалар торлары жолдарының, оларға биналардың жоспарлары және объекттің электр жабдықтау схемасы; - инженерлік жабдықтар құралдарын басқаруды және санитарлық-техникалық қондырғыларды автоматтандырудың принциптік схемалары; - байланыс және сигнал беру ұйымдарының схемалары; - қоқымды шығару схемалары. Жобалаушы ұйым тапсырыс берушімен бірге жобалау-іздеуші жұмыс-тарын орындау келісім-шартында берілетін жобалау-сметалық құжаттары-ның даналар санын анықтайды, ал ол жоқ болған жағдайда тапсырыс беруші-ге төрт дана береді. Жалдаушы жобалау ұйымы бас жобалаушыға бес дана құжат береді.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 75; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.011 с.) |