дәріс.Тақырып:. Іргетастар мен негіздерді есептеу тәртібі
Үйлер мен ғимараттардың жер асты бөлігін жобалауда іргетастардың салу тереңдігімен табандарының өлшемдерін дұрыс қабылдауға үлкен мән бepіледі. Бұл параметрлерді бір жолата қабылдап, жобаға енгізу үшін іргетастардың шөгуінің есептеп табылған мәні оның СНиП талап ететін шекті мәнінен аспау керек. Алғашқыда іргетастардың табандарының өлшемдерінің жуык мәнін негіздің көтергіш қабатына түсетін жүктерден туатын қысымды сол қабатты құрайтын грунттың есептік кедергісімен шектеу арқылы анықтайды. Грунттың і есептік кедергісін /R/ анықтау үшіи оның беріктік сипаттамаларын, іргетастың ені мен салу тереңдігін т.б. деректерді пайдаланады.
Сөйтіп, іргетастарды жобалау кезінде бір-біріне байланысы жоқ есептеулер жүргізуге тура келеді. Егер де есептеудің нәтижесінде СНиП 2.02.01-83 қоятын талаптардың болмағанда біреуі орындалмаса, онда іргетастардың табандарының өлшемдері мен салу тереңдігін өзгерте отырып есептеуді қайталайды. Мұндай есептеулерді ЭЕМ арқылы жүргізуге болады. Ол ушін есептеудің алгоритмін жасайды. Жалпы іргетастар мен негіздерді жобалау кезінде пайдалану үшін мынадай ұтымды есептеу тәртібі ұсынылады:
Жобалауға қажетті алғашқы мағлұматтармен танысу:
а) салынатын құрылыс обьектілері туралы деректерді жинап пысықтау;
ә) құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық , гидрогеологиялық және климаттық жағдайларын бағалау;
б) грунттардың бірінші және екінші шекті күйлер бойынша есептеуге қажетті есептік сипаттамаларын қабылдау;
в) іргетастарға түсетін жүктерді жинау, олардың бірінші және екінші шекті күйлер арқылы есептеуге арналған есептік мәндерін анықтау.
2. Іргетастардың салу тереңдігін қабылдау.
3. Іргетастардың табанындағы грунттардың есептік кедергісін анықтау.
4. Негіздің бетіне үйлерден немесе ғимараттардан түсетін жүктерден туатын қысымның шамасын сол қысымды қабылдайтын грунттың есептік кедергісімен шектеу арқылы іргетастардың өлшемдерінің жуық мәнін табу.
5. Іргетастардың грунтты негіздерінің шөгуінің абсолюттік және орта мәнін, әркелкілігін есептеу, сонан соң бұл деректерді СНиП талап ететін шекті мәндермен салыстыру.
6. Егер де шөгудің есептеу арқылы табылған мәндері олардың СНиП-те көрсетілген шекті мәндерінен аспаса, онда іргетастың табандарының өлшемдері дұрыс деп табылады. Егер де керісінше айтылған мәндер шекті мәндерден асып кетсе, онда іргетастардың табандарының өлшемдерін, салу тереңдігін өзгерте отырып есептеуді СНиП талап ететін шарттар орындалғанша қайталайды.
7. Кажет жағдайда бірінші шекті күй /беріктік, орнықтылық/ бойынша қосымша есептеу жүргізілуі мүмкін.
8. Іргетастардың материалдарының беріктігін есептеу және біржолата конструкциясын қабылдау.
|