Болат стропильді және стропиль асты арқалықтар мен фермалар.
Дәріс жоспары
1. Болат стропильді арқалықтар мен фермалар.
2. Стропиль асты арқалықтар мен фермалар.
Темірбетон арқалықтарынөндірістік ғимараттың аралықтары 6, 9, 12 және 18 мболғанда жабынды орнату үшін қолданады. Балкалы жабынның қажеттілігі 6, 9 және 12 м аралықта туындайды, себебі көтергіш конструкцияға монорельсті немесе кранды аспалы кезеңі болады.
Темірбетон арқалықтары бірскатты, екіскатты және параллельді белдікпен болады (Сурет 2).

Сурет 2 Темірбетон арқалықтары
а — бірскатты, б — екіскатты, в — параллельді белдікпен
Темірбетон фермаларынәдеттеаралығы 18, 24 және 30 м, сондай-ақ қадамы 6 немесе 12 м болғанда жабын үшін қолданады. Аралығы 18 м ферманың темірбетон арқалығы соларалыққа қарағанда жеңіл, бірақ дайындау барысы қиынырақ..
Темірбетон аркаларынаралық үлкен болғанда пайдаланған тиімдірек (40 м және одан көп). Оларды үшшарнирлі, аралық ортасындағы тіректегі шарнирлер және шарнирсіз деп бөледі. Арка осі қысым желісімен сәйкес келуі тиіс, арканың басты жұмысы ол сығылуға жұмыс жасауы тиіс. Арка тіректері болып ғимарат колонналары немесе арнайы фундаменттер бола алады. Үлкен аралықта аркаларды ережеге сай фундаментке бекітеді.

Сурет 3 Шарнирсіз колоннаға тірелген темірбетон аркасы: 1 — арка буыны, 2 — бортты тірек арқалығы, 3 — асылма, 4 — тартпа, 5 — жабын тақтайшасы, 6 —каркас колоннасы, 7 — аспалы жабын
Стропильасты конструкциялары.Каркас колоннасының қадамы жабынның көтеруші қадамынан көп болса – балка және ферма, онда оларды стропильасты конструкцияға бекітеді (Сурет 5). Темірбетон стропильасты конструкцияларын биіктігі 150 мм немесе ферма биіктігі 2200 және 3300 мм болғанда балка түрінде орнатады. Стролильасты конструкцияларын кең қадамды тірек қажет болатын технологиялық үрдістегі ғимаратта пайдаланады. Стролильасты конструкцияларын арқалық немесе ферма - стролильасты конструкцияларының төменгі бетіне бекітеді, себебі бұл ғимарат биіктігінде шешімін тапты.

Сурет 5 Стролильасты конструкциялары
а —типтер; б, в — аралығы 12 және 18 м ферманың стропильасты орнатылуы; 1 — стропильасты ферма, 2 — стропильді ферма, 3 — колонна, 4 — жабын тақтайшасы, 5 — сегментті ферманы тіреудегі стропильасты ферма, 6 — арқалықты бекітудегі стропильасты ферма, 7 —параллель белдікті ферманың стропильасты бекітілуі
СӨЖ үшін бақылау сұрақтар (тақырып 9)
1. Болат стропильді арқалықтар мен фермалар.
2. Стропиль асты арқалықтар мен фермалар.
|