дәріс. Тақырып: Табиғи тас материалдары. Тау жыныстарының негізгі түрлері және олардың жіктелуі.
Дәріс жоспары:
1.Табиғи тас материалдары мен бұйымдары туралы жалпы сипаттама.
2 Құрылыс саласындағы кең қолданылатын табиғи тас материалдарының жіктелуі.
3.Табиғи тау жыныстары және олардың генетикалық жіктелуі.
Табиғи тас материалдары және бұйымдары деп тұтас жатқан тау жыныстарын қарапайым механикалық өңдеу ( жару,тілу, ұсақтау және т.б.тәсілдер) арқылы алынатын плиталар , блоктар, қаптағыш материалдар, жолға төселінетін кесек және жалпақ тастар,щебень, ұсақталған құм солар сияқты өнімдерді айтады. Тау жыныстарының физикалық- механикалық қасиеттері , минералдық құрамы өзгерілме сақталынады және де көпшілігі ешқандайда механикалық өңдеусіз ақ , тікелей құрылыс салаларына қолданылады ( қиыршық тас, құм, саз және т.б) Осы материалдардың бәрі әдетте руда емес құрылыс материалдары деп аталады.
Құрылыс саласында кең қолданылатын табиғи тас материалдарын үлкен екі топқа жіктеуге болады:
1. Құрылыста тікелей қолданылатын материалдар мен бұйымдар: үйлерді және ғимараттарды, өзен жағаларын, көпірлерді және т.б. инженерлік құрылыстарды қаптауға, жол және гидротехникалық құрылыстарына, үйлердің қабырғаларын көтеруге, өнеркәсіптік үйлердің еденін төсеуге, құрылыс ерітінділері мен бетондарға толтырушы ретінде және т.б. көптеген мақсаттар үшін пайдаланады;
2. Құрылыс материалдар өнеркәсібінде жасанды материалдар шығару үшін (керамика,шыны, минералдық байланыстырушылар және т.б. материалдар мен бұйымдар) шикізат ретінде қолданылатын минералдық жыныстар.
Әрине , жасанды материалдарын алу процесінде табиғи тау жыныстарының құрамы,құрылысы және физикалық – механикалық қасиеттері өзгеріске толық ұшырайды. Сонымен тау жыныстарынан алынатын материалдар мен бұйымдар құрылыс салаларында көп ғасырлық дәстүрлі материал ретінде кең қолданып, шығысының 20 -дай үлесін қамтиды.
Тау тас материалдарын , оларды өндіру технологиясының ерекшелігіне байланысты,үш топқа біріктеруге болады:
1. Жекеленген қабырға тасы - арнаулы механизмдер көмегімен тікелей тау сілемінен кесіліп алынатын геометриялық дұрыс пішінді бұйымдар.
2. Қаптаушы немесе әсемдеуші тас бұйымдары – алдын-ала тас сілемінен кесіліп алынған тас блоктарын тіліп, сонан кейін түрлі тәсілмен фактураланатын плиталар, үйлерді және ғимараттарды өңдеуге жарамды бұйымдар;
3. Руда емес материалдар – ұсақталған тас (щебень, қиыршық тас, құм).
Табиғат тау – тас материалдарын тануда тау жыныстар қасиеттерін, оларды құрамалайтын минералдарды білуден бастаған жөн.
|