Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
ызметкерлер санын анықтауСодержание книги
Поиск на нашем сайте Қызметкерлер санын анықтар алдында бір жұмыскерге тиісті жұмыс уақытының жылдық балансын құрады. Кесімді еңбекақы төленетін жұмысшылардың жұмыста болатын құрамы мына формула арқылы табылады:
Nк = Qa / НӨ *кН, (4.28)
мұндағы Nк – кесімді жұмысақы төленетін жұмысшылар саны; Qa - өндірістік процесс түріндегі ауысымдық жұмыс көлемі, т, м3, метр, шаршы метр; НӨ - сол жұмыс түрін орындайтын бір жұмысшының ауысымдағы өндірім нормасы, сол өлшем бірлігінде; кН - өндірім норманы асыра орындау коэффициенті. Жұмысшылар саны әр жұмыс процесіне сәйкес есептеліп, олардың мамандығы мен біліктілік разрядтары белгіленеді. Пайдалы қазбаларды ашық тәсілмен өндіргенде, жұмысшылар саны өндірімге және аршу жұмыстарына бөлек саналады. Жұмыс процесіне сәйкес жұмысшылардың тізімдегі саны, тізімдік құрамы былай есептелінеді: NT = NK· кT ; (4.29) мұндағы Nт – жұмысшылардың тізімдегі саны, кT – тізімдік құрамының коэффициенті, яғни жұмысқа келушілер санын тізімдік санға келтіретін көрсеткіш. Егер қызмет көрсету нормасы белгілі болса, жұмысшылар саны мына формуламен есептелінеді:
NKK = M· пa · кT / НK, (4.30)
мұндағы NKК – қызмет көрсететін жұмыскерлер саны; М – қызмет көрсету объектілерінің саны; пa – тәуліктегі ауысымдар саны; НK – қызмет көрсету нормасы. Жұмыс орындар саны бойынша жұмысшылардың саны (N) былай есептелінеді: N = М0 · Нс · nа · кT, (4.31) мұндағы М0 – жұмыс орындарының саны; Нс – жұмыскерлер санының нормасы.
Инженер – техникалық қызметкерлердің (ИТҚ), мамандардың, қызметкерлердің және кіші жұмыскерлер саны уақыт, қызмет көрсету, қызметкерлер саны нормалары, сондай-ақ үлгі штаттар кестесі негізіне қарай анықталады. Мысалы, уақыт нормасы негізінде басқару қызметкерлерінің керекті саны (Nб) мына формуламен анықталады: Nб = мұндағы ЕСЖ – қызметкерлердің і – функция (жұмыс) бойынша орындайтын жұмыстың жалпы еңбек сыйымдылығы; ТТ – і –қызметкердің жұмыс уақытының тиімді қоры.
Басшылар, мамандар және қызметшілер саны өндіріс көлемімен, олар орындайтын қызмет түрімен, жұмысшылар және цехтар, телімдер санымен байланысты болғандықтан, олардың саны мына функциямен өрнектеледі:
Nб = а·Qx ·Ny · Мz, (4.33)
мұндағы Q, N, M - өнім көлемі, жұмысшылар және объектілер саны; а – тұрақты шама; х, у, z – факторлардың сандық шамаларының дәрежелік көрсеткіштері.
Түсті металлургия тау-кен кәсіпорындарының экономикалық жұмыстарды орындайтын қызметкерлер саны мына формуламен есептелуі мүмкін: NЭ = 0,0424 · N0,601·M0,313, (4.34) мұндағы N - өнеркәсіптік -өндірістік қызметкерлер саны; М - құрылымдық бөлімшелер саны.
Еңбекті нормалау және жұмысақы белгілейтін қызметкерлер саны: NH = 0,026 · N0,8. (4.35) Бухгалтерлік есептегі қызметкерлер саны:
Ne = 0,005· N0,891· M0,95. (4.36) 1 «Қазақстан Республикасының еңбек кодексі» Егемен Қазақстан. 2007. 22 мамыр, 4-12 б. * К. Маркс. «Капитал». І-том, 1953, 46 б.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 52; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.006 с.) |