Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Жұмыспен қамтылу және жұмыссыздықСодержание книги
Поиск на нашем сайте Нарықтық экономикада белсенді халықтың жұмыспен қамтылуы – өте маңызды мәселе. Халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтық, экономикалық және ұйымдық қатынастарды реттеу үшін, 2001 жылғы қаңтардың 23-інде «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған. Жұмыспен қамтылу дегеніміз – азаматтардың Қазақстан Республика-сының Конституциясына, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілеріне қайшы келмейтін жеке қажеттерін қанағаттандыруға байланысты, оларға табыс пен кіріс әкелетін қызмет. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңға сәйкес мемлекет азаматтардың жұмыспен нәтижелі, әрі еркін таңдауы арқылы қамтылуына жәрдемдесетін саясат жүргізілуін қамтамасыз етеді. Мемлекет азаматтарға мынадай кепілдік береді: кемсітушіліктің кез келген нысанынан қорғауға және кәсіп пен жұмысқа ие болуда бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге; жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға; жұмыс таңдау мен жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге. Осы Заңға сәйкес жұмыс беруші: 1) ұйымның таратылуына, адам санының немесе штаттың қысқаратындығы, босатылған қызметкерлердің қызметтері мен кәсіптері, мамандықтары, біліктілігі және еңбекақы мөлшері көрсетіле отырып, босатылуы мүмкін қызметкерлердің саны мен санаттары туралы және олар босатылатын мерзімдері туралы жұмыстан босату басталардан кемінде бір ай бұрын мемлекеттік (уәкілетті) органға толық көлемде ақпарат беруге; 2) бос жұмыс орындары табылған күннен бастап, үш жұмыс күні ішінде олар туралы өкілетті органға мәлімет беруге; 3) өкілетті орган берген жолдамаға тиісті белгі қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе қабылдамаудан бас тарту себебін көрсете отырып, ол туралы бес жұмыс күні ішінде, хабарлауға міндетті. Нарықтық экономикада еңбек ресурстарына қажеттілікті еңбек рыногында білуге болады. Еңбек рыногі деп – экономикалық тұрғыдан белсенді халыққа (экономикада жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар) сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын саланы айтады. Жұмыссыздар – жұмысы, табысы жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген және оған кірісіп кетуге әзір, еңбекке жарамды жастағы азаматтар. Жұмыссыздық деп – экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың бір бөлігінің еңбек рыногында қажет болмай қалуына байланысты әлеуметтік-экономикалық құбылысты айтады. Жұмыссыздық – еңбекке ұсыныстың, еңбекке сұраныс шамасынан асып түсуі. Еңбек рыногында еңбекке сұраныс пен ұсыныс шамалары тең болғанда ғана,тепе-теңдік болады. Егер жұмыссыздардың бір бөлігі жалақының белгілі деңгейінде жұмыс істегісі келмесе, ондай жұмыссыздықты – ерікті жұмысссыздық дейді. Жұмысқа қабілетті халықтың бір бөлігі ең жақсы жұмыс орнын іздестіреді. Оны – табиғи жұмыссыздық дейді. Жұмыссыздықтың тағы да мынадай түрлері бар – маусымдық, бүркемелі, құрылымдық, циклдік. Жұмыссыздық деңгейі – жұмыс күшінің әрбір нақты кезеңде жұмыспен қамтылмаған үлесі. Ол жұмыссыздар санының жұмыс күшінің жалпы санына қатынасы.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 45; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.009 с.) |