ызметкерлер саны және еңбек өнімділігінің 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ызметкерлер саны және еңбек өнімділігінің

Поиск

4.7. Қызметкерлер саны және еңбек өнімділігінің

өндіріс көлеміне әсері

Еңбек өнімділігінің деңгейі, жұмсалған жұмыс уақытының бірлігінде өнім өндірімімен (тікелей көрсеткіш) және еңбек сыйымдылығымен (кері көрсеткіш) сипатталынады.

Өнім өндіру көлемі еңбек өнімділігі мен қызметкерлер санын көбейтумен табылады:

ӨӨ = ЕӨ•N,                                       (4.20)

мұндағы ӨӨ – өнім өндіру көлемі, яғни нәтижелік көрсеткіш;

  ЕӨ және N – еңбек өнімділігі мен қызметкерлер

саны - факторлық көрсеткіштер.

Нәтижелік көрсеткіштің серпіні осы мультипликативтік үлгіде салыстырмалы шамаларда былай жазылады:

 

ІӨӨ = ӨӨ1/ӨӨ0 = (ЕӨ1 •N1) / (ЕӨ0 •N0)= ІЕӨN,            (4.21)

 

мұндағы ІӨӨ және ІЕӨ және ІN – нәтижелік көрсеткіштің және оған әсер ететін факторлардың индекстері;

ӨӨ0, ЕӨ0 және N0 – базистік көрсеткіштер;

ӨӨ1, ЕӨ1 және N1 – есептік көрсеткіштері.

Факторлар бойынша нәтижелік көрсеткіштің абсолюттік өсімі былай есептелінеді:

ΔӨӨ = ӨӨ1 - ӨӨ0 = ЕӨ1·N1- ЕӨ0·N0 = (ЕӨ0+ ΔЕӨ)( (N0+ ΔN) – ЕӨ0·N0 = Δ ЕӨ· N0 + ΔN·ЕӨ0+ ΔЕӨ·ΔN.

 

 

Енді :

 

ΔӨӨ = ΔЕӨ· N0 + ΔN·ЕӨ0+ ΔЕӨ·ΔN = ΔЕӨ (N0 + ΔN) + ΔN·ЕӨ0 = =ΔЕӨ·N1 + ΔN·ЕӨ0.

 

4.2-кестеде көрсетілген деректер бойынша айтқанымызды дәлелдейік.

4.2-кесте

Тау-кен кәсіпорнының көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

Шартты белгілер

Жылдар

Абсолюттік өсім

Өзгеру

қарқыны, %

Базистік

Есепті

1.

Пайдалы қаз-балар өндіру көлемі, мың т

 

ӨӨ

 

 

 

+200

 

2.

Тізімдегі қызметкерлер-дің орташа жыл- дық саны, адам

 

N

 

 

 

- 40

 

3.

Бір тізімдегі қызметкерге шаққан орта жылдық өндір-ім, мың т/адам

 

 

ЕӨ

 

 

 

 

1,25

 

 

+0,25

 

 

 

Өнім өндірудің салыстырмалы көрсеткіші мынаған тең:

 

ІӨӨ = ІЕӨ*ІN =1,25 ·0,96 = 1,2.

 

Пайдалы қазбалар көлемінің 200 мың тоннаға өсуі, мына факторларға байланысты:

өндірім өсуі: ΔЕӨ*N0 = (1,25 – 1)*1000 = +250 мың т;

қызметкерлер санының азаюы:

ΔN ·ЕӨ0 = (960 –1000)*1= -40 мың т,

екі фактордың бірдей әсерінен:

ΔЕӨ·ΔN = (960 –1000)(1,25-1) = -10 мың т.

Ал енді пайдалы қазбалардың 200 мың тоннаға өсуін мына факторлар арқасында есептейік:

ΔӨӨЕӨ = (ЕӨ1 – ЕӨ0) N1 = (1,25 – 1)•960 = +240 мың т;

Δ ӨӨN = ЕӨ0 (N1 – N0) = 1•(960 –1000) = -40 мың т;

Δ ӨӨ = ΔӨӨЕӨ+ ΔӨӨN = +240 –40 =200 мың т.

Еңбек өнімділігі мен өндірім нормасы арасында мынадай байланыс бар:

ЕӨ = НӨ•КН,                               (4.22)

мұндағы КН - өндірім нормаларын орындау коэффициенті.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 51; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.006 с.)