Біз еңбекқор баламыз (Сәуір)
Біз еңбекқор баламыз (Сәуір)
1.
апта. Аялайық гүлдерді
Дене шынықтыру
1.Нық қадаммен алға және артқа жүру. Қос аяқпен аяқтарды алшақ қойып секіру. Оң және сол қолмен тік нысанаға көздеп лақтыру. 2.Нық қадаммен алға және артқа жүру. Оң және сол қолмен тік нысанаға көздеп лақтыру. Арқан бойымен жүру кезінде тепетеңдікті сақтау. 3.Нық қадаммен алға және артқа жүру. Арқан бойымен жүру кезінде тепе-теңдікті сақтау. Допты педагогтан 1-1,5 м арақашықтыққа лақтыру.
Сөйлеуді дамыту Гүлдермен таныстыру, олардың бөліктерін атай білуге, қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдануға үйрету.
Көркем әдебиет Тақырыпқа сәйкес шығарма оқып беріп, оның кейіпкерлеріне жанашырлық танытуға үйрету
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Беттестіру және тұстастыру арқылы тең емес заттар топтарын салыстыруды жетілдіру, дөңгелек заттарды, бұрыштары бар заттарды ажыратуды жетілдіру
Құрастыру Майдалап кесілген қағаз майлықтарды умаждап түрлі түсті гүлдер жасауға үйрету
Жаратылыстану Алғашқы көктемгі гүлдерді бақылау, гүлдерді салыстыра отырып, сыртқы белгілеріндегі ұқсастық пен айырмашылықты табу.
Сурет салу Асфальтқа сурет салуды жетілдіру, гүлдердің суретін салуға үйрету.
Музыка Музыкалық естуді дамыту, әнді нәзік сезіммен, баяу үнімен, ыстық ықыласпен айта білуге үйрету, қазақ халқы биі элементтерін қолды білезік буынынан бұрауды жетілдіру.
Музыка Гүлдер туралы ән тыңдату, мазмұнын түсінуге, әнді таза, түсінікті, көңілді айтуға үйрету, ойындарға қатыстыру.
Қоршаған ортамен танысу Ересектердің еңбегін бақылау негізінде ойын әрекетіне ынталандыру, өзгенің еңбегінің нәтижесіне құрметпен қарауға үйрету, көмек көрсетуге ниеттерін қолдау
|