апта Біз күштіміз, ептіміз
апта Біз күштіміз, ептіміз
Дене шынықтыру 1.Шеңбер бойлап және тоқтап жүру және жүгіру. Допты жоғарыға лақтыру. Бөрененің үстімен еңбектеу. 2.Шеңбер бойлап және тоқтап жүру және жүгіру. Бөрененің үстімен еңбектеу. Биіктігі 5-10 см заттан жерге секіру. 3.Шеңбер бойлап және тоқтап жүру және жүгіру. Биіктігі 5-10 см заттан жерге секіру. Еңіс тақтай бойымен еңбектеу.
Сөйлеуді дамыту Денсаулықты нығайтуда дене жаттығуларының маңызын түсіндіру, дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстауды жетілдіру, сөз бен сөз ұйқастарына құрылған ойындарға қызығушылыққа тәрбиелеу.
Русский язык Формировать навык понимания и восприятия названий некоторых животных, отвечать короткими предложениями на простые вопросы; согласовывать словосочетания (существительное и глагол).
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Геометриялық пішіндер: шеңбер, шаршы, үшбұрышты ажыратып тануды және атауды бекіту.
Құрастыру Үлгі бойынша құрастыру дағдыларын қалыптастыру.
Жаратылыстану Жабайы жануарларды танып, атай білуді және сыртқы ерекшеліктерін ажырата білуді, олардың қимылдарына еліктеп жаттығулар жасауды (қоян болып секіру, аюдай қорбаңдап жүруді) үйрету
Сурет салу Қазақ оюының дайын суретіне оның жетпей тұрған элементтерін салуға үйрету.
Музыка Музыкалық және шулы ойыншықтардың дыбысталуын ажыратуға, ересектермен бірге ән салуға, әуенмен бірге би қозғалыстарының қарапайым элементтерін орындауға үйрету.
Аппликация Ересектердің даярлаған ірі және ұсақ элементтерге желімді жағып орналастыруға, тақырыпқа сәйкес спорт құралдарын жапсыруды үйрету.
Өтпелі тақырып: Менің Қазақстаным (Желтоқсан)
1.
|