Астана – Отанымыздың жүрегі 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Астана – Отанымыздың жүрегі

Поиск

апта Тарихқа саяхат

Дене шынықтыру 1.«Жыланша» заттарды айналып өтіп жүру және жүгіру. Еңіс тақтай бойымен еңбектеу. Еңіс тақтай бойымен жүруде тепетеңдікті сақтау. 2.«Жыланша» заттарды айналып өтіп жүру және жүгіру. Еңіс тақтай бойымен жүруде тепетеңдікті сақтау. Лақтырған допты қағып алу. 3.«Жыланша» заттарды айналып өтіп жүру және жүгіру. Лақтырған допты қағып алу. Орындық аяқтарының арасымен еңбектеу.

Сөйлеуді дамыту Балаларға туған жер, Отан туралы түсінік беру, сөздерді жіктелуіне, септелуіне қарай байланыстыруға, сөйлеу әдебінің сәйкес түрлерін дұрыс қолдануға үйрету, тақырыпқа сәйкес шағын тақпақ жаттату.

 

Көркем әдебиет Туған жер, Отан туралы түсініктерін кеңейту, тақырыпқа сәйкес тақпақ оқып беріп оның интонациясын қабылдауға, тақпақты жатқа айтуға үйрету

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Өзінің дене бөліктерін атауға және бағдарлауға үйрету

 

Құрастыру Қағазды бүктеу тәсілін қолданып, қағаз бетін түрлендіруге үйрету.

 

Жаратылыстану Табиғат құбылыстары мен өлі табиғат заттары туралы түсініктерін кеңейту, тау, өзен, көлдер туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру.

Сурет салу Дайын сандықтың суретін қарапайым ою элементтерімен, штрихтармен безендіруге оларды бояуға үйрету.

 

Музыка Ересектердің орындауындағы әндерді тыңдауға, аспаптың сүйемелдеуіндегі дауысқа бейімделуге, сылдырмақтың дыбысталу динамикасын ажыратуға үйрету.

 

Музыка Аудио-бейне таспадан ән тыңдауға, аспаптың сүйемелдеуіндегі дауысқа бейімделуге, ойындарда бір-бірінен айрықша пьесаларды дене қимылдарын алмастыру арқылы дәл көрсете білуге үйрету.

 

Қоршаған ортамен танысу Балалар тұратын қала мен ауыл, Қазақстан Республикасының астанасы, мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін қалыптастыру

 

2.

апта Туған өлкем

Дене шынықтыру 1.Қол ұстасып, арқаннан ұстап жүру және алаңның бір жағынан екінші жағына жүгіру. Орындық аяқтарының арасымен еңбектеу. Допты көлденең нысанаға лақтыру. 2.Қол ұстасып, арқаннан ұстап жүру және алаңның бір жағынан екінші жағына жүгіру. Допты көлденең нысанаға лақтыру. Еңіс тақтай бойымен жүруде тепетеңдікті сақтау. 3.Қол ұстасып, арқаннан ұстап жүру және алаңның бір жағынан екінші жағына жүгіру. Еңіс тақтай бойымен жүруде тепетеңдікті сақтау. Лақтырған допты қағып алу.

Сөйлеуді дамыту Туған өлке оның табиғаты, айналасындағы заттар туралы түсініктерін кеңейту, зат есімдерді көмекші сөздермен: үстінде, астында, жанында бірге қолдануға, қоршаған ортасы туралы сұрақтар қоюға үйрету.

 

Русский язык Заучивание детьми короткого стихотворения; правильно произносить слова на русском языке, обучать словам, обозначающим признаки предметов по цвету

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Тәулік бөліктерін: таңертең, күндіз, кеш, түн тануға және атауға үйрету

 

Жаратылыстану Туған өлкені мекендейтін жабайы аңдар туралы қарапайым түсініктер беру, олардың дене бөліктерін ажыратуға үйрету.

 

Сурет салу Дөңгелек пішінді заттарды салуды жетілдіру, бұлттың суретін салуға және оны бояуға үйрету.

 

Музыка Музыкалық және шулы ойыншықтардың дыбысталуын ажыратуға, ересектермен бірге ән салуға, әуенмен бірге би қозғалыстарының қарапайым элементтерін орындауға үйрету.

 

Мүсіндеу Алақан арасында, жазықтықта түзету және домалақтау қимылдары арқылы кесектерді жаюды жетілдіру, ыдыстардың мүсінін жасауды үйрету

 

 

3. апта

 

 

Дене шынықтыру 1Төбешікке шығып және одан түсіп саппен жүру және тұтас топпен сапқа қайта тұру. Лақтырған допты қағып алу. Орындық аяқтарының арасымен еңбектеу. 2Төбешікке шығып және одан түсіп саппен жүру және тұтас топпен сапқа қайта тұру. Орындық аяқтарының арасымен еңбектеу. Допты тура нысанаға лақтыру. 3.Төбешікке шығып және одан түсіп саппен жүру және тұтас топпен сапқа қайта тұру. Допты тура нысанаға лақтыру. Биіктігі 5-10 см заттан жерге секіру.

Сөйлеуді дамыту Еліміздің бас қаласы Астана, Бәйтерек туралы түсініктерін кеңейту, сөздерді анық айтуға, зат есімдердің жекеше, көпше түрлерін қолдануға үйрету, тақырыпқа сәйкес шағын тақпақ жаттату.

 

Көркем әдебиет Астана қаласы туралы түсініктерін кеңейту, тақырыпқа сәйкес тақпақтың сөздерін асықпай, дыбыстарды анық айтуға, бейнелі сөздерді қолдануға үйрету

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Өзіне қатысты кеңістіктегі бағыттарды: оң-сол, алды-арты ажырата білуге үйрету

 

Құрастыру Қағазды жырту және шиыршықтау тәсілдерін пайдаланып қағаз беттерін көлемді пішіндерге түрлендіруге үйрету

 

Жаратылыстану Еліміздің бас қаласы Астананың табиғатының әсемдігі, ауа-райының ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту

 

Сурет салу Түзу, домалақ пішіндерді салуды жетілдіру, бәйтеректің суретін салу және оны бояуға үйрету

 

Музыка Ересектердің орындауындағы әндерді тыңдауға, аспаптың сүйемелдеуіндегі дауысқа бейімделуге, музыка әуенімен жаттығулар жасауға үйрету.

 

Музыка Аудио-бейне таспадан ән тыңдауға, аспаптың сүйемелдеуіндегі дауысқа бейімделуге, музыканың би сипатын игеруге үйрету.

Экология негіздері Туған өлкенің кейбір өсімдіктері, көкөністері мен жемістері, туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру, жергілікті аймақта өсетін 2-3 ағаштардың түрлерін танып, атауға үйрету

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 66; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.006 с.)