апта. Ғажайыптар әлемі (өлі табиғат
Дене шынықтыру 1.Нық қадаммен алға жүру және түрлі бағытта жүгіру. Биіктігі 5-10 см заттан жерге секіру. Көлденең нысанаға лақтыру. 2.Нық қадаммен алға жүру және түрлі бағытта жүгіру. Көлденең нысанаға лақтыру Бір аяқтан бір аяққа секіру. 3.Нық қадаммен алға жүру және түрлі бағытта жүгіру. Бір аяқтан бір аяққа секіру. Еденде тігінен тұрған құрсаудан еңбектеп өту.
Сөйлеуді дамыту Табиғат құбылыстары күн, қар, жел, боран туралы түсінік беру, заттарды жалпы белгілері бойынша топтастыруға, сөйлеуде зат есімдердің жекеше, көпше түрлерін қолдануды үйрету, тақырыпқа сәйкес шағын тақпақ жаттату.
Көркем әдебиет Тақырыпқа сәйкес қысқа өлеңді мәнерлі, мағыналы түрде эмоционалды жатқа айтуға, шығарма жанрын ажыратуға үйрету.
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру «Бір-бірден», «Бірде біреуі жоқ» ұғымдарына ажырату дағдыларын жетілдіру
Құрастыру Құрылыс метериаладарының негізгі бөліктері мен бөліктердің бөлшектерін ажыратуға үйрету.
Жаратылыстану Қардың жаууын бақылау, оның ақ және үлпілдек екенін көрсету,қардың қасиетімен таныстыру: суық (қолмен ұстап көруді ұсыну), қарды алақанға салғанда еритінін, одан сырғанақ жасауға болатынын түсіндіру
Сурет салу Алақанмен сурет салуды жетілдіру, оны бояуға малып күннің суретін салуды үйрету.
Музыка Аспапта орындалған әнді тыңдауға және оның мазмұнын түсінуге, әнді кіріспедан соң бастауға, бірқалыпты жеңіл айтуға, музыканың көңілді, би сипатын қимылмен беруге үйрету.
Музыка Музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдауға, әнді бірге бастап, бірге аяқтауға, бір-бірден қарапайым би қимылдарын орындауға үйрету.
Қоршаған ортамен танысу Жерде жүретін және аспанда ұшатын қозғалыс құралдары туралы білімдерін кеңейту, жаяу жүргіншілерге арналған қарапайым ережелермен таныстыру, ересектерге күтушіге, аула сыпырушыға көмек көрсетуді үйрету.
|