асаң қабықтың бөгде заттары 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

асаң қабықтың бөгде заттары

Поиск

Қасаң қабықтың бөгде заттары

Клиникасы. Қасаң қабықтағы бөгде заттың болуы ауырсынумен, жас ағумен,блефароспазммен, жарықтан қорқумен, бөгде затты сезілумен жүреді. Қарағанда бөгде зат анықталып, конъюнктива, қабағы мен көз алмасының қызаруы байқалады.

Шұғыл көмек

Жергілікті жансыздандыру: 0,25% дикаин ерітіндісімен, 2-4% лидокаин немесе 0,1% инокаин. Беткей орналасқан бөгде затты ылғалды тампонмен алып тас-тайды. Алып тастағаннан кейін 30% расульфацил, 0,25% левомицитин немесе 0,3% нормакс ерітінділерімен инсталяция жасайды. Қабақ ішіне 1% тетра-циклин немесе левомицитин көз майын жағады. Кейін амбулаторлы жағдайда окулист консультациясына жіберіледі. Егер бөгде зат қасаң қабыққа еніп, оны алу қиын болса, науқасқа жедел мамандандырылған көмек көрсету керек.

20. Электрожарақат, суға бату, күю, үсу кезіндегі шұғыл көмек. Диагностика. Шұғыл көмек. Науқастарды жүргізу тактикасы. Стационарға көрсеткіш. Тасымалдау

Күйік – ол тіндердің жоғары қызумен, электрлі токпен және агрессиялық сұйықтықтармен зақымдануы. Этиологиялық факторға сәйкес келесі түрлерге бөлінеді: термиялық күйік; контактты электрлі күйік; химиялық күйік; радиациалық.

Тіңдердің зақымдану дәрежесі мыналарға байланысты:

1.Термиялық агент түріне.

2. Жылу сиымдылығына байланысты.

3. Жоғары температураның әсер ету ұзақтығына.

 Күйіктің жіктелуі:

1 дәреже - эритема және терінің ісінуі; Оның негізінде тұрақты артериалді гиперемия және қабынулық экссудация жатады.

2 дәреже - іші мөлдір сарғыштау сұйықтықпен толтырылған көпіршіктердің түзілуі. Сыдырылған эпидермис қабаттарының астында жалаңаштанған базалді қабат қалады.

3 А дәреже - дерманың зақымдалуы, бірақ ол толық тереңдігін қамтымайды, яғни өсу аймағының сақталуымен жүретін терінің толық емес өліеттенуі.

3 Б дәреже - өліеттенген аймақтың түзілуімен жүретін барлық дерма қабатының зақымдалуы.

4 дәреже - терінің және меншікті фасциядан терең орналасқан тері астындағы тіңдердің өліеттенуі.

Электрлік күйіккезінде 1 және 2 дәрежедегі зақымдалу көп жағдайда болмайды.

3 дәреже- тері және тері асты клетчатканың өліеттенуі. 4 дәреже- бұлшық ет және сүйектердің өліеттенуі.

Химиялық күйік:

1 дәреже- терінің гиперемиясы және ісінуі

2 дәреже- әртүрлі көлемде эпидермистің өлуі

3 дәреже- терінің барлық қабаттарының өліеттенуі

4 дәреже- терінің терең орналасқан тіңдердің өліеттенуі

Күйік алаңын анықтау.

Күйіктің ауырлығы тек оның зақымдалу тереңдігіне байланысты ғана емес, со-нымен қатар күйік алаңына да байланысты. Зақымдалушының алақан алаңы=-оның дене бетінің 1% құрайды. Барлық дене бетін аймақтарға бөледі, олардың алаңы дене бетінің 9% құрайды - Wallace ережесі. Бастың беті=9%.Дененің алдыңғы беті =18%. Дененің артқы беті = 18%. Қол беті = 9%. Сан = 9%.

Сан және табан = 9%. Шап аралық =1%.

Күйіктің тереңдігің анықтауға арналған симптомдарды 3 топқа бөледі.

1. Тіндер өлеттенуінің сыртқы көріністері.

2. Қанайналым бұзылыстарының көріністері.

3. Ауырсыну сезімдерін сипаттайтын көріністер.




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 76; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.)