Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Асқазан немесе он екі елі ішектің ойық жарасының тесілуіСодержание книги
Поиск на нашем сайте Ажырату диагностикасы Жедел хирургиялық ауруларды ажырату диагностикасы. Жедел жәрдем дәрігерлерінің жұмысына кірмейді. Емі Ауруханаға жатқызуға көрсеткіш: іштегі жедел ауруы бар науқастар міндетті түрде аурухананың хирургиялық, инфекциялық немесе терапиялық бөлімшелеріне алғашқы диагнозына байланысты жатқызылады. Науқасты жатқызып тасымалдаймыз. Жиі кездесетін қателіктер. Ауруханаға жатқызуға дейінгі кезеңде қандай да жедел ішпен науқастарға наркотикалық және басқа да анальгетиктер тағайындау қарсы көрсетілген. Жедел аппендицит Жедел аппендицит бұл соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндісінің қабынуы. Аурудың ағымына байланысты мынадай түрлерге бөледі: жай; деструктивті; асқынған; клиникалық айқын. Аппендицит көбіне аяқ астынан жедел ауырсынумен басталады. Алғашқыда ауырсыну кіндік маңында кейде біраз уақыттан соң оң жақ мықында орналасады. Ауырсыну аясына диспепсия, жүрек айну, бір реттік сұйық нәжіс, субфебрилді қызба дамиды. Кәрі жастағы науқастарда ағымы өшірілген, аз интенсивті ауырсыну. Жедел аппендицитті анықтайтын симптомдар. · Кохер–Волкович -оң жақ мықын аймағында эпигастрийден ауырсынудың ауысуы; · Бартоломье – Михельсона - науқас сол жақ бүйірімен жатқанда, оң жақ мықын аймағын пальпациялағанда ауырсынудың күшеюі; · Образцов-бүгілген оң жақ аймағын көтерген қалыпта оң жақ мықын аймағын пальпациялау; · Ровзинг-сол жақ мықын аймағында ауырсынудың күшеюі немесе пайда болуы; · Ситковский-науқасты сол жақ бүйірімен жатқанда, оң жақ бүйірінінде ауырсынудың күшеюі; · Щеткин-Блюмберг (перитонит белгісі, қолын іштен тез көтергенде ауырсынудың күшеюі). Асқынулары: аппендикулярлы абсцесс, перитонит. Ажырату диагностикасы құрсақ қуысының барлық жедел ауруларымен жүргізіледі. Әйелдерде жатыр немесе аналық без ауруларымен жүргізіледі. Емі: жедел аппендицитке күдік туған науқастарды хирургия бөлімшесіне жатқызу керек. Жатқызып тасымалдау. Жедел холецистит Жедел холецистит-бұл өт қабынуы. Жедел холециститтің негізгі себептері: өт тас ауруы; өт қабының қан тамырларының бұзылыстары; өт шығару жолының бұзылыстары; лимфогенді, гематогенді және жанаспалы өт қабының инфицирленуі. Жіктелуі Жедел холецистит мынадай түрге бөлінеді: катаралді; флегмонозды; гангренозды. Ауруханаға жатқызуға дейінгі кезеңінде мұндай түрлерін ажырату мүмкін емес, сондықтан да 2 топқа бөлген: жедел асқынған холецистит; жедел асқынбаған холицистит. Жедел холециститтің асқынған түрлерін былай бөледі: механикалық сарғаю; іріңді холингит; перитонит; қап маңы инфильтраты және абсцессі; тесілу. Клиникалық көрінісі Жиі айқын симптомы оң жақ қабырға асында интенсивті тұрақты ауырсыну. Оң иыққа, жауырынға, бұғана үсті аймаққа таралады. Ауырсыну көбіне науқастар-дың мазасыздануымен жүреді. Өзіне мәжбүр қалыпты іздейді. Ұйқы безімен қабынғанда ауырсыну белдемелі сипатта болады. Холециститте құсу дамиды, дене қызуы көтеріледі. Ажырату диагностикасы. Онекіелі ішектің ойық жара-сының тесілуімен аппендицитпен, панкреатитпен, миокард инфарктісімен, бүйрек ауруларымен ажыратады. Емі Науқасты хирургиялық бөлімшеге жатқызады. Науқасты жатқызып тасымалдау. Жиі кездесетін қателіктер: наркотикалық аналгетиктерді енгізу . Жедел панкреатит Жедел панкреатит - бұл ұйқы безінің жедел қабынуы. Жедел панкреатиттің себептері: алкоголді және өткір немесе майлы тағамдарды көп қолдану, өт-тас аурулары, ұйқы безінің жарқаттары, панкреатикалық өзектердің жарақатсыз тарылуы, 12-елі ішектің аурулары.(ойық жара, дуоденостаз). Жедел пакреатитті клиникалық ағымына байланысты былай бөледі: жедел, орташа,ауыр. Клиникалық көрінісі Эпигастрий аймағында іштің жоғарғы аймағында арқаға таралатын немесе белдемелі сипаттағы аяқ астынан пайда болатын тұрақты ауырсыну . Жедел панкреатиті бар науқастар: эмбрион қалпы, тоқтаусыз құсу, тахикардия, гипотония, ішек парезі, үлкендерді жедел респираторлы дисстрес синдромы пайда болады. Жедел панкреатитті гемодинамикалық бұзылыстар өте ауыр , шок дамуы мүмкін. Жедел панкреатиттердің жалпы симптомдары айқындығы аурудын дәрежесімен байланысты. Жедел панкреатитте кездесетін симптомдар: · Керте - көлденең ток ішектің кебуі және алдынғы құрсақ қабырғасының бұлшық еттерінің қатаюы; · Мейо-Робсон – ауырсынудын сол жақ қабырға немесе омыртқа бұрышында орналасу; · Воскресенский- құрсақ аортасының пульсациясы болмауы; · Щеткин-Блюмберг- қолмен басқанда жедел қолды алғанда ауырсынудың күшеюі. Қосарланған симптомдардың болуы: құсу, гипотония, метеоризм ,анурия. Мүмкін болатын аскынулары:эндотоксикалық шок; перитонит; жедел бүйрек жеткіліксіздігі. Ажырату диагностикасы: 12-елі ішектін ойық жарасын тесілуімен, жедел холециститпен, ішек өтімсіздігімен, көп мөлшерде алкоголь қолданғанда туындаған токсикалық гепатиттермен жүргізеді. Жедел панкреатиті бар науқастар аурухананың арнайыланған бөлімшесіне (қабылдау бөлімшесі) жатқызылады. Аруханаға дейінгі кезеңдегі ем: Көк тамырға оңай жету жолын жасау. Мониторинг және өмірлік фукцияларын сақтау. Инфузионды терапия. Жансыздандыру орташа интенсивті ауырсынуда спазмолитиктер қолданады: дротаверин, нитроглицеринді тіл астына қою немесе спрей қолдануға болады. Айқын ауырсыну синдромында наркотикалық емес аналгетиктер қолданады: кеторолак. Асқазан немесе 12-елі ішектің ойық жарасының тесілуі деп асқазанның немесе 12-елі ішектің қабырғаларында бұрын болған ақау орнында және одан құрсақ қуысына асқазан-ішектің затттарының түсуіне әкелетін тесіктің пайда болуы. Ойық жараның тесілуіне жара ауруының және жедел жараның дамуы әкеледі. Тесілуге әкелетін жағдайлар: алкоголды қолдану; асқазанның тағаммен толуы; аса көп физикалық күш түсу.
Жіктелуі: 1. Этиологиясы бойынша: созылмалы жараның тесілуі; жедел жараның тесілуі. 2. Орналасуына байланысты: асқазан; 12-екі елі ішекте. 3. Клиникалық ағымына байланысты: бос құрсақ қуысына тесілу; қалыптан тыс тесілу, асқазан шыға берісінде стенозбен қосарласуы. Клиникалық көрінісі: Эпигастрий аймағында немесе оң жақ қабырғасының кенеттен тұрақты пышақ кескендей ауырсынуы тез арада бүкіл ішке таралады. Алдынғы құрсақ қуысы бұлшықеттерінің қатаюы-тақтай тәрізді іш. Науқастар мәжбүр қалыпта шалқасында немесе оң жақ бүйірінде аяқтарын ішіне жақындатып жатады. Анамнезінде: ойық жара. Ауру ағымы бөлінеді: шок кезінде (6 сағатқа дейін ); науқастың жалған жағдайы жақсару кезінде (6 – 12 сағат тесілуден кейін); өршімелі перитонит ( тесілуден 4-12 сағат өткен соң). Асқынуы: перитонит. Ажырату диагностикасы: құрсақ қуысының барлық жедел ауруларымен, миокард инфарктісімен, төменгі бөлікті пневмониямен.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 68; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.01 с.) |