Гинекологиядағы жедел іш
Қысылған жарық
Қысылған жарық деп- жарық қабыну құрамының ішекпен жабылған ішкі мүшелермен кенеттен қысылуы, бұл қан айналуды бұзып, некрозға әкеледі.
Жиі қысылған шап жарығы кездеседі, сирек сан, кіндік жарықтары.
Себептері: құрсақ ішілік қысымының тез жоғарылауы, жарық құрамының қысылуы.
Клиникасы.
Қысылған жарық жедел, кенет басталады. Жергілікті белгілері: жарық аймағымен немесе бүкіл іш аймағы бойымен өте қатты ауырсыну; жарықтың салынбауы; жарықтың ауырсынуы және қатаюы; жарыққа жөтелдік толқынның берілмеуі.
Ауырсыну жарық орналасқан жерінде өте қатты. Бірнеше сағаттан кейін қысылған мүшеде некроз пайда болады сол уақыттта ауырсыну азаюы мүмүкін. Бұл кезде мүшелердің қызметінің бұзылуы, ал кейінгі кезеңде перитонит дамығанда ауырсыну қайта дамып, жедел іштің көрінісі дамиды. Кәрі науқастарда нәжіспен қысылу болады ауырсыну уақыт өте келе күшейеді, жарық көлемі жоғарлайды, қатайған, тығыздалады.
Асқыныстары: ішек өтімсіздігі, перитонит дамиды.
Ажырату диагностикасы: шап, сан жарықтарын лимфоаденитпен және үлкен тері асты тамырының тромбозымен, орнына келмейтін жарық пен жүргізеді. Диагностикалау
Қарау және физикалық тексеру.
· жалпы жағдайын және өмірге қажетті кезеңдердің қызметін бағалау есін, тынысын, қан айналымын;
· пульсті және ЖЖЖ санау,АҚ өлшеу;
· көзбен қарау: жарықтың болуын;
· бұрын оңай салынатын жарықтың қазіргі уақытта орнына салынбауы;
· жөтелу симтомының теріс болуы;
· іштікті тітіркендіру симптомын бағалау ( бұлшықет қатаю және Щеткин-Блюмберг симптомы оң болуы).
Емі. Қысылған жарыққа күдік туғанда міндетті түрде жедел аурухананың хирургия бөліміне жатқызу. Жатқызып тасымалдау, тыныштық жағдайында, ауырсынуды мүмкіндігінше азайту.
Жиі кездесетін қателіктер- қандайда бір анальгетиктерді және спазмолитектерді тағайындайды. Қысылған жарықты орнына салуға болмайды.
Гинекологиядағы жедел іш бұл құрсақ қуысындағы қандай да жедел патология салдарынан іштің әртүрлі бөліктерінде ауырсынуымен, перитонеалды симптомдармен және науқас жағдайының өзгеруімен жүретін сиптомокомплекс
Әйелдерде іштің төменгі бөліктеріндегі өте қатты ауырсынуымен перитонеалды симптомдармен жүретін келесі аурулар кездеседі: құрсақ ішілік қан кету, жатырдан тыс жүктіліктің дамуының қаупі, сальпингоофорит, эндометрометрит, түсіктер, ішкі тыныс мүшелерінің операциялары, аналық бездің гормондық бұзылыстары, гениталды инфантилизм, эндометриоз.
|