Клиникалық көрінісі. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Клиникалық көрінісі.

Поиск

Клиникалық көрінісі.

Жатырдан тыс жүктілік.

Жатырдан тыс жүктілікті мынандай түрлерге орналасуы бойынша бөледі: түтікті, аналық бездегі, мойындағы, мүйізшедегі, құрсақтық. Клиникалық ағымы бойынша: өршімелі, бұзылған, түтікшелі түсік тәрізді, жатыр түтікшесінің жыртылуы. Жатыр түтікшесінің жыртылуы кенет басталып, қан кетуге, көбіне массивті қан кетуге әкеледі. Науқастар жыныс жолдарынан бөлінетін қанды бөліністерге шағымданады.(түтікшелі түсікте), сонымен қатар бір жақты ұстама тәрізді немесе тұрақты іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну мазалайды, бұл тік ішекке таралады, бас айналу, әлсіздік, жүрек айну, диарея, метеоризм болады. Анамнезінде 4-8 аптаға етеккірі кешіккен, бұл жүктілікке күдікті белгі. Жүктілікке тән оң иммунологиялық реакция, жалпы жағдайының нашарлауы, тері жамылғысы қуқыл тартады және науқаста естен танулық жағдай. Қан ағу ұзақ уақыт жалғасқанда геморрагиялық шок және қан кетуден кейінгі анемия дамиды.

Аналық бездің апоплексиясы сипатына құрсақ ішілік қан кету (анемиялық түр) және ауырсыну синдромы (ауырсыну түрі) тән. Ауру жедел басталады, іштің төменгі бөлігінде кенет ауырсыну пайда болады, зақымдалған жағында айқын сезіледі.

Киста аяқшаларының айналуы.

Киста аяқшаларының айналуында зақымдалған жағында іштің төменгі бөлігінде ауырсыну мазалайды (ауырсыну шыдатпайтын), сонымен қатар жүрегі айну, құсу, метеоризм, ішектің парезі. Қарағанда алдыңғы құрсақ қуысының қатаюын және іштіктің тітіркену симптомы байқалады.

Жыныс мүшелерінің қабынулы аурулары.

Әйел жыныс мүшелерінің қабынулы ауруларына клиникалық көрінісі білінбейтін, аз симптомдылық тән. Пиосальпинксте, аналық без іріңдеуінде және тубовариалды абсцессте науқастар қабынған жағындағы іштің төменгі бөлігіндегі тұрақты ауырсынуға, қалтырауға, жоғары қызбаға, әлсіздікке, тахикардия, жүрек айну, нәжіс, газдың тоқтауы, жыныс мүшелерінен іріңді бөліністерге шағымданады. Ауырсыну аяқтарға бел аймағына таралуы мүмкін. Іші жұмсақ, кейде кебуі мүмкін. Іріңді түзілістердің тесілуінде бірінші сағаттарда аз симптомды, перитонит белгілері пайда болады. Интенсивті, кейде сыздайтын ауырсыну пайда болады, айқын орналасусыз, қалтырау, қызба, тахикардия, ауырсынатын зәр шығару, сұйық нәжіс, іш кебуі, іштіктің тітіркену симптомдары пайда болады.

Асқынулары: - құрсақ ішілік қан кету, пельвиоперитонит, перитонит

Емі.Көпсалалы ауруханаларға жедел түрде жеткізіледі.

Көп кездесетін қателіктер: ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектер енгізу, ауруханаға жатқызуды кештету.

Ауруханаға жатқызуға дейінгі емі.

· Құрсақ ішілік қан кетуде қан алмастырушы ерітінділерді құю керек (декстран ертіндісі, гидроксиэтилкрахмал дәрілік заттары).

·  Антибактериалды дәрі-дәрмектер кең спектрлі және ұзақ әсер ететін (цефтриаксон 1-2 г в/і немесе б/і метронидазолмен 500 мг 100 мк т/і тамшылатып немесе амоксициллин 2,4г т/і метронидазол 500мг 100 мл т/і тамшылатып) дәріні қолдану.

· Киста аяқшаларының айналуында ауруханаға жатқызуға дейінгі уақытта ем қолданбайды.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 71; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.006 с.)