Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Жедел ішек инфекциясы кезіндегі гиповолемиялық шокСодержание книги
Поиск на нашем сайте Менингококты инфекция Менингококкты инфекцияның жайылмалы түрлері ( менингококкемия, менингит) ауруханаға дейінгі кезеңде шұғыл көмекті қажет етеді, ол ИТШ және бас миының ісінуі мүмкін. Менингококты сепсисте ауру басы үдемелі басталады. Дене қызуы алғашқы тәуліктерде 39-42 С-қа дейін көтеріледі, қалтыраумен басталады, кейіннен субфебрилді сандарға дейін төмендейді, ал шок кезінде қалыпты сандарға дейін болады. Қызбамен қоса бас ауру, бұлшықеттерінің ауырсынуы, құсу, тахикар-дия байқалады. АҚ ауру басында жоғарлайды, кейін төмендейді. Зәр шығару төмендейді, ал кішкентай балаларда іш өту байқалады. Менингококкты сеп-систің негізгі әрі жарқын диагностикалық белгісі экзантема. Оның орналасуы аяқ- қолдарында, денесінде, санында. Бөртпелер басында көп емес, бірнеше сағат ішінде жайылмалы сипатта болады. Менингококкцемияның тез үдемелі ағымында бөртпелер бір-бірімен тез қосылып, кең көкшіл дақтар түзеді. Гемо-рагиялық бөртпелер – менингококкты сепсистің метастаздары, және менинго-коккемия қаншалықты айқын болса, бөртпелер соншалықты жарқын болады. Геморрагиялар барлық шырышты қабаттарда, кеңірдек, бронхтарда жайлайды. Бүйрек үсті безінде геморрагиялар түзілгенде жедел бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігіне әкеледі.(Уотерхаус- Фридериксен синдромы). Науқастар тынышсыз, қозғыш, әсіресе балаларда тырысулар байқалады. Құсу, АҚ ның үдемелі түрде төмендеуі байқалады. Менингеалді синдром айқын байқалады. Ауыр геморрагиялық синдроммен және бүйрек үсті безіне қан құйылу мүмкіндігі бар менингококкты сепсис (1-2 тәулік) кезінде тез үдемелі дамитын шок аурудың шұғыл диагностикасын қажет етеді, шоктың дәрежесін және шұғыл терапиялық шараларды қажет етеді. Жедел көмек дәрігерінің тактикасы менингококкемия кезінде шұғыл емдік шаралар кешенін өткізу керек, емнің көлемі ИТШ ауырлығына байланысты. Жедел терапия Шоктың І дәрежесі. Гипертермия кезінде (дене қызуы 39,5-40˚C) - қызуды төмендететін дәрі-дәрмектер; преднизолон немесе гидрокортизон; реополиглюкин; левомицетин сукцинаты немесе пенициллин мөлшер бойынша. Қозғыштық пен тырысуларда: реланиум, магний сульфаты. ІІ дәрежелі шок гидрокортизон немесе дексазон немесе преднизолон; реополиглюкин; альбумин; левомицетин сукцинат. Гормондар мен плазма алмастырғыштардан нәтиже болмағанда: допамин. АҚ қалпына келгенше енгізу қажет. Тырысуларда: реланиум; натрий оксибутират Шоктың ІІІ дәрежесі: гидрокортизон немесе преднизолон; реополиглюкин 400 мл немесе полиглюкин; альбумин. Нәтиже болмаса допамин 5 мл (200мг) 10% глюкоза ерітіндісіне 200 мл к\т тамшылатып АҚ қалпына келгенше. Левомицетин сукцинаты 25мг\кг к\т ішіне менингитте және менингококкты сепсисте. Бас миының ісігінде: лазикс (1-2мг\кг )к\т немесе б\е; дексаметазон (1-2 мг\кг) немесе преднизолон (2-5 мг\кг). Қозғыштық пен тырысуларда: реланиум (0,5% ерітінді) ересектерге 2-4 мл, балаларға 6 айға дейін 0,3-0,6-5 мл, 7 айдан 2 жасқа дейін 0,5-1 мл, 2 жасқа дейін 1-2 мл; натрии оксибутират 20% ерітінді, ересектерге 20 мл к\т, балаларға ( 5% ерітінді) 100мг\кг; левомицетин сукцинат (25 мг\кг ) к\т немесе б\е. Инфекциялық науқастарда дегидротациялық синдроммен негізделген шұғыл жағдайлар жиі жедел ішектік инфекцияларда дамиды (тағамдық токсико инфекция, сальмонеллездің гастро интестиналді түрлері, стафилококкты инфекция, әртүрлі этиологиялы гастроэнтериттер, тырысқақ және т.б.) Жоғалған сұйықтықты көлеміне байланысты сусызданудың 4 дәрежесін анықтайды: Сусызданудың І дәрежесінде: шөлдеу, аузының құрғауы, ернінің цианозы, терісінің құрғауы, тәулігіне 3-10 рет дәреттің болуы. Сусызданудың ІІ дәрежесінде үлкен дәрет тәулігіне 10-20 рет, құсу 10 ретке дейін Бұнда терісінің құрғауы шырышты қабаттарының, еріндерінің цианозы, қолдарының саусағы мен табандарының көгеруі, шөлдеу, сан бұлшық еттерінің тырысулары, ентігу, тері тургорының төмендеуі, тахикардия, АҚ ның төмендеуі, диурездің анурияға дейін төмендеуі. Дене қызуы қалыпты. Сусызданудың ІІІ дәрежесінде: сұйықтық көп көлемде жоғалады, үлкен дәрет пен құсу өте жиі ( тәулігіне 20 реттен көп). Жоғарыда айтылған көріністер айқындала түседі: бет әлпеті солғынданады, көз алмалары үңірейеді («қара көзілдірік»), тері қатпары 2-3 минут көлемінде жазылмайды, айқын ентігу, тамыр соғысы мен АҚ анықталмайды. Сусызданудың ІV дәрежесінде дене қызуы қалыптыдан төмен түседі (35,1-35,6˚С), цианоз жайылмалы сипатта болады, тоникалық тырысулар. Анурия. ІV дәрежелі дегидротацияда сусызданудың барлық симптомдары болады, ағзаның өмірге қажетті жүйелерінің екіншілік өзгерістері дамиды. Альгид кезеңінде үл-кен дәрет болмайды, құсу басылады, бұл диагностикалық қателіктерге әкеледі. Жедел ішек инфекцияның ауыр және асқынған түрлерінде науқасты дереу госпитализациялау қажет. І дәрежелі сусыздануы бар науқастарға сұйықтықты пероралді беріп шектелуге болады. ІІ дәрежелі сусыздануда 3-4 литр көлемінде кристаллоидты ерітінділерді 100мл\мин жылдамдықпен ағызып, к\т ішіне енгізеді. Әрі қарай су- тұз бұзылыстарын реттеу мақсатында көк тамырға тамшылатып инфузиялық ерітінділер құйылады. Құйылған көлемі жоғалтқан көлеміне тең болуы керек. ІІІ және ІV дәрежелі сусыздануда науқасқа регидратация шаралары реанимациялық сипатта жүреді.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 71; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.007 с.) |