Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Оқу тобында өзін -өзі басқаруды ұйымдастыру мен ұжымды қалыптастыру мәселелері.Поиск на нашем сайте 1. Әрбір оқушы не қабылданған студенттің жеке іс қағаздарымен танысып болған соң, олардың ата – анасымен, өздерімен сұхбаттасу арқылы мына көрсеткіштер бойынша топтың сапалық құрамына мінездеме жасауға болады. 1. Топтағы оқушылардың жалпы даму деңгейін зерттеу үшін: - оларды топшалар бойынша деңгейлеп бөліп, олардың басым бағыттарын айқындау; - олардың осы кәсіп саласын таңдау себебіне назар аудару; - оларды үлгерім, білім сапасы т.б. қасиеттеріне қарай жіктеу. - оларды тәрбие ортасы мен тәрбиешілік сипатына қарай бөлу; - олардың қоғамдық жұмысқа қызығушылығын, егер бұрын істесе атқару мүмкіндігін зерттеу. 2. Топтың бірігушілік қабілетін зерттеу үшін: - топ ішінен жікке бөліну мүмкіндігі бар ма, соны білу; - олардың өзара әсері мен сипаттамасы қалай екенін білу; - жалпы топтағы істерге қарым – қатынасы қалай екенін білу; - жалпы мектеп бойынша атқарылатын жұмыстарға көзқарасы, қатысуы қалай екенін білу; - топтың жетістіктері мен кемшіліктерінеқалай қабылдауын білу.
3. Топтың ұйымшылдық сипатын анықтау үшін: - тапсырылған істі ұжым болып ұйымдаса атқара алуы қалай екенін білу; - жұмысты өзара бөліп атқару қабілеттілігі қалай екенін білу; - өзін - өзі басқару процессін жүзеге асыру деңгейі қалай екенін білу. 2. Топ оқушылары арасындағы қоғамдық пікірді білу үшін: - қандай істерге қолдау білдіреді, ал, қандай істерді көпшілік талқысына ұсынатынын білу; - қоғамдық пікірді білдірудің негізгі түрі қандай екенін білу; - топ арасындағы сын мен өзара сынға қалай қарайтынын білу. 5. Топ арасындағы достық, сыйластық ұғымдарының қалыптасуы үшін: - бір – біріне қарым – қатынастың басым түрлерін назар аудару; - олар ынтымақтаса шеше алуына назар аудару; - бір – біріне талап қоя біле ме, қойса қандай түрде екенін білу; - өзара көмек көрсетуі қандай екендігін анықтау; - достарының жетістіктері мен кемшіліктеріне көзқарасы қалай екендігін білу. 1. Топ оқушыларының топ белсенділеріне көзқарасын білу үшін: - топ белсенділерінің топ алдындағы беделіне назар аудару қажет; - ұжымды басқаруда олардың істі атқарудағы өзіндік дәрежесін білу; - топ белсенділерінің топ жетекшісі, педагогикалық ұжым және мектеп әкімшілігімен қарым – қатынасының дәрежесін білу қажет. 2. Топ ұжымының жалпы педагогикалық ұжыммен байланысын зерттеу үшін: - жалпы мектептік іс – шараларға қатысу қажет; - кәсіптік мектеп пен басқа топтардағы істерден хабардар болу керек; - топ белсенділігі мен атқарылған істер сапасын талдау қажет; - қоғамдық, оқу – тәрбие процесін, демалу мен тұрмыс жағдайларын жетілдіруге қажет. Қоғамдық пайдалы еңбек ұжымды біріктіретін негізгі құрал. Ол арқылы мына нәтижелер алуға болады: - жұмыс нәтижесіне қанағаттану; - қиындықты жеңе білу; - бірлескен жемісті еңбек нәтижесін қуанышын бөлісу, - топтың әр мүшесінің қатысу деңгейін анықтау т.с.с.; Негізгі қоғамдық пайдалы еңбек түрлері мыналар: - жалпы мектептік кезекшілікті атқару, - топқа бөлінген аймақты тазарту; - ауыл шаруашылық науқанды жұмыстарға ат салысу; - сенбіліктер мен жаппай аудандық, қалалық іс – шараларға қатысу т.с.с. Білім алу – студенттер үшін негізгі қызмет. Оқытудың жаппай, топтық және жеке түрлерін ұштастырып отыруды қалайтын дидактикалық талапқа сәйкес әрбір нақты жағдайда оқыту сипатының тиімді деңгейін табу қажет. Оқушыға жеке тұлға ретінде өзіндік тұрғыдан қарау сабақта, өндірістік оқуды ұйымдастыруда жүзеге асырылады. Бұл мұғалімнің оқушылардың оқу іс - әрекеттерін, қоғамдық және еңбектік белсенділіктерін, оқуға ынтасын, жұмысшы біліктілігін қалыптастыру т.б. қабілеттерін байқау, талдау әдістерімен зерттеу нәтижелеріне сүйенеді. Оқушыға не студентке өзіндік тұрғысынан қарау оған берілетін оқу тапсырмаларының көлемі мен күрделілігін жіктеуден, ол тапсырмаларды орындауда оған берілетін өз бетінше әрекеттердің деңгейлілігінен, тіпті бірде мадақтау, бірде талапты күшейту және басқа да оқу себептерінің сипатынан көрінеді. Оқушыларды тәрбиелеу арқылы оның білімге қызығушылығын арнайы түсіндіру жұмыстары арқылы мынандай қоғамдық түрлері қамтылады: - ұжым арасындағы достық, жолдастық қарым – қатынас құралы- әңгіме не лекция; - оқушылардың ғылыми конференциясы; - пікірталас, дебат өткізу; - фильмдер, пьессалар көру. Осы аталған жүйенің орындалуын мына сұлба арқылы көруге болады:
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 41; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.) |