оқу – еңбек қызметін басқару 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

оқу – еңбек қызметін басқару

Оқушылардың

оқу – еңбек қызметін басқару

Оқушылардың бос уақытын өткізуін басқару

Оқушылардың қоғамдық қызметін басқару

Оқушылардың тұрмыстық қызметін басқару

 


 

 

 

Өзін - өзі басқару компонентінің әрқайсысы өзінің басшылық органын белгілейді. Өзін - өзі басқарудың жоғарғы органы - жиналыс.

Әкімшілік бірлестіктерге:оқушылар бригадасы, топ, курс, лицей, жатақхана т.б. жатады

Қоғамдық бірлестікке:кәсіподақ, клуб, үйірме, студия т.б. жатады

Басқару құрылымының иерархиясы былай іске асырылады;

Таңдап алынған басшы тұлға сайланбалы органға бағынады, ал сайланбалы орган – жалпы жиналыс алдында есеп береді. Егер құрылымдық иерархия қаралмаса, онда ол оқу орнының, не қоғамдық ұйымның әкімшілігіне бағынады.

Қыркүйек айында оқу жылы басталысымен жалпы мектептік жиналыста жоспар жасалып, ұйымдық мәселелер шешіледі. II – семестр басында бірінші жарты жылдықта атқарылған жұмыстар туралы есеп беріледі, іске асырылмаған не түгелдей жүзеге аспаған жұмыстардың себебі анықталады, II – жарты жылдыққа міндеттер белгілейді. Мамыр – маусым айларында қорытынды жиналыс өткізіліп, есеп беріледі, үлгілі, белсенді оқушылар марапатталады, байқау жеңімпаздарына сыйлықтар беріледі, экспонаттарды көрмеге қояды.

2. Өзін-өзі басқарудағы өндірістік оқу шеберінің рөлі

Бейімділікбелгілі бір іс - әрекетпен айналысуға оқушыларда пайда болатын бағыттылық нышаны. Оқушы не студенттің таңдамалы белсенділігімен, оның өз еңбегіне тұлғалық берілгендігімен сипатталады, толық еңбек, оқу, кез – келген шығармашылық іс - әрекетінің маңызды шарты ретінде қаралады. Іс - әрекет – қабілеттердің дамуына тәуелді. Бейімділік пен көшбасшы болу қандай іс - әрекетпен айналасуына, оның қарқыны мен шеңберіне, көпшілікті артына ерте алу қасиетіне қарай айқындалады. Оқытушының, тәрбиешінің не топ жетекшісінің міндеті оқушыға өз бойындағы ерекшелігі мен бейімділігін көріп, анықтау, белгілі шешімге келуіне көмектесу және олардың дамуына жағдай жасау болып табылады. Қазіргі таңда педагогикалық процесте басшылықтың, оны таңдаудың демократиялық принциптері алға шығып отыр. Сондықтан да, оқушылар активін дұрыс орналастырып, олардың күш – жігерін белгілі бір мақсат жұмылдыру қажеттілігі туындап отырғаны белгілі. Жастар – үлкен күш. Тек оларға сенім арта білу керек. Сенім атауы адамның берік көзқарастарын, жүріс – тұрыс тәртібінің межелетін, ой – мақсаттарын іске асыру мүддесіне сай педагогикалық және басқада тәрбиелеу жолдарындағы негізгі әдіс. Ол әртүрлі деңгейде жүзеге асады. Бұл әрекет ең алдымен түсіндіру, дәлелді ақыл – кеңес беру арқылы немесе ұжымдық өнеге арқасында және саяси белсенді іс - әрекет арқылы іске асырылады.

Сенімділік ғылыми білімнің дәлдігіне сүйенеді, адамның қабылдаған, қажет екендігін терең түсінген идеяға немесе іске тұлғаның көтеріңкі көңіл күй сезімімен қатынасы арқылы көшбасшылық қабілеті беки түскенін көрсетеді. Оған логикалық қорытындылар, тұжырымдамалар, коммуникативтік қатынастар арқылы қол жетеді. Кәсіптік мектепке алғаш келген оқушыларға ұжымымен тіл табысу қиынға түседі. Себебі, бейтаныс оқушылар, түрлі ұжымдар мен аймақтардан келген, балалардың білім деңгейі әркелкі, белсенділік қабілеттілігі әлі байқалмаған. Осы жағдайда сөз жоқ, олар үшін шебердің не оқытушының, тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі, такты, ұйымдастырушылық қабілеті өте қажет. Оларды алғашқы сәттен бастап өзін - өзі басқару процесіне жұмылдыра білу керек. Ұжымды тез арада зерттеп, алдымен топ белсенділеріне лайық оқушыларды таңдай білу керек. Осы қызметтердің негізгі кезеңдеріне тоқталайық:

II. Оқу тобы ұжымын зерделеу, тану. Оқытудың өндірістік шебері мен топ жетекшісі тарапынан мына жұмыстар атқарылуы тиіс.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 48; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.)