Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Дәріс № 14. Оқушылардың өзін-өзі басқаруыПоиск на нашем сайте Дәріс № 14. Оқушылардың өзін-өзі басқаруы Дәріс жоспары:
1. Өзін-өзі басқару органы құрылымы Оқушылардың өзін - өзі басқару құрамының негізі – оқушылардың іс - әрекеті. Кәсіптік мектептерде оқушылардың осындай қызметінің мынадай құрылымдық түрлері бар: - оқу – еңбекті ұйымдастыру; - бос уақытын ұйымдастыру; - қоғамдық - тұрмыстық. Оқу – еңбек қызметі дегеніміз - белгілі бір мамандық алуға қажет оқу процесі мен осы кәсіптегі еңбек ету көрінісі. Еңбек – адамдардың табиғатты түрлендіретін, қоғамның материалдық және рухани мәдениетін өзгертетін саналы, орынды іс - әрекеттің барысы, адамның өмір сүруінің бастапқы және негізгі шарты. Кәсіптік білім беру мекемелерінде, әсіресе, оқу мен еңбекті бір – бірінен ажыратуға болмайды. Соңғы курстарда өндірістік практикаға қомақты сағаттар бөлінген, сондықтан кәсіби білікті қалыптастыруға, оқу – еңбек қызметін ұштастыруға толық мүмкіндік бар деп айтуға болады. Студентердің бос уақытын ұйымдастырудың мынадай түрлері бар: - үйірмелер мен клубтар; - спорттық – сауықтыру шаралары; - мәдени – көпшілік шаралар; Өткен тарауларда айтып кеткеніміздей кәсіптік мектептерде барлық іс – шаралар кәсіби бағдар бағыты бойынша жүргізілуі тиіс. Клубтар мен үйірмелерде оқушылар жеке қабілеттерінің мүмкіндігіне қарай қатысып, үйірме не студияны старосталар, ал клубтарды президенттер мен төрағалар басқарады. Спорттық – сауықтыру жұмыстары жаппай сипат алып, салауатты өмір салтын насихаттап, жеке тұлғаның денсаулығын нығайтуға бағытталуы керек. Оған команда капитаны не спорт секциясы старостасы басшылық жасайды. Мәдени – көпшілік шараларды оқу орны әкімшілігі мен бірлесе отырып, топты мәдени – шаралар секция жетекшісі, клуб президенті жүргізеді. Мәдени – көпшілік шаралар әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы: кітапқұмарлар клубы, көркемөнерпаздар, театр – кино сүйер қауымдастығы, дискотека т.б. Өкінішке орай, қоғамдық қызметке қазіргі кезде кәсіподақ ұйымы ғана қалғаны мәлім. 1991 жылға дейін жастар тәрбиесінде өте маңызды рөл атқарған пионер, комсомол ұйымдары мен оның штабтары, басқа да саяси ұйымдар қазір жоқ. Тұрмыстық қызмет аясына көбінесе студенттердің жатақханадағы жағдайын түзеуге байланысты және тәрбие алушы жұмыстары жатады. Оны тек тәрбиешілер күшімен ұйымдастыру қиын, оған ата – аналар, оқу орны, базалық кәсіпорын, құрылтайшылар мен студенттер кеңесі белсене ат салысса игі нәтижесін берері сөзсіз. Оқушылардың өзін - өзі басқару процесін мына кестеден байқауға болады:
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 61; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.007 с.) |