Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Көп компонентті құрмалас сөйлемдерПоиск на нашем сайте СӨЖ 1. Төл сөзді аралас құрмалас сөйлем.
1-тапсырма. Құрмалас сөйлемдердің түрлерін табыңыздар: Үш бала көпірге қарай зытып, арғы бетке өтіп кетті. Күн бата Домбай екеуміз дүкенге барғалы үйден шықтық, Ләзиза да сөмкесін көтеріп жетті. Ол адамдардың өздері табиғатты улап, бірін-бірі мезгілсіз өлтіріп жатқанын түсініпті, содан тіршілікке деген сенімінен айрылыпты. Ол дереу сөмкесіне үңіліп, мен жан-жақты бақыладым /М.Гуме/. 2-тапсырма. Берілген сөйлемдердің жалғаулық шылау арқылы байланысқандарын бір бөлек, іргелесе байланысқандарын бір бөлек топтап жазыңыз: Бораш жиналу жабдығымен үйде қалды да, Шеген екеуміз таныс жерлермен қоштасып қайтуға қалаға кеттік /Ғ.Мүс/. Қазақ даласында бала тәрбиесі тек өз ата-анасының ғана міндеті емес, дүйім жұрттың ортақ ісіне айналған. Бұланбай мен Сүгірәлі бірін-бірі таныған жерден-ақ қарсы ұмтылысып еді, алғашқы сілтескенде-ақ сойылдар шарт-шұрт сынып қалды /Ғ.Мүс/. Мересьев гимнастика жасалғанда аяқтары қатты ауыратын еді, сонда ол оған шыдады /Б.Пол./. 3-тапсырма. Аралас құрмалас сөйлемдерді тауып, ажыратыңыздар: Орта жасқа келіп қалған кісі болса да, жаттығу үстінде жас жандарша ұршықтай үйіріледі, қиғаш сермеген жұп-жұмыр ақ білектері аққудың қанатына ұқсайды /Ө.Қанах./. Ол жер бетінде ауыр қозғалғанымен, суда жақсы жүзе біледі, бірақ сүңги алмайды /”Зерде” журн./. Әкесінің шешіле сөйлегенін қатты ұнатып, оқимын деген талабына бөгет болмайтынын біліп, Хакім жадырап кетті /Х.Есенж./. Әңгімесін аузымен тоқтатса да, көңілінде соның аяғын тағы да созып, қайғының қат-қабат шыңына ақылымен кіріп отыр /М.Әуезов/. Екі жақ тақолға түскендердің қолдарын байлап, өз жағына қарай айдап әкетіп барады, әсіресе, иесіз қалған аттарды қуып жүргендер көп-ақ /Ғ.Мүс./.
Х МОДУЛЬ
І БЛОК
Негізінен үш және одан да көп сөйлемнен тұрып, күрделі ойды білдіретін сөйлемдерді көп компонентті сөйлемдер деп атайды. Оның негізгі үш түрі бар: 1. Көп компонентті салалас құрмалас; 2. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас; 3. Аралас құрмалас. Ал мұндай сөйлемдерді бір-бірімен мағыналық қатынастарына қарай атау мүмкін емес. Өйткені ондағы компоненттердің бір-бірімен мағыналық қатынастары әр түрлі болып келеді. Біз көп компонентті құрмаластың ішінде аралас құрмалас туралы сөз қозғалып кеткендіктен, тек алғашқы екі түріне ғана тоқталмақпыз.
Көп компонентті салалас Бұл сөйлем құрамындағы компоненттердің баяндауыштары тең дәрежеде, тиянақты болып келеді. Алғашқы компонент пен келесі тұрған компонент мезгілдік қатынасты білдірсе, соңғы сөйлемі мен алдыңғы сөйлемі қарсылық мағына беруі мүмкін. Сондықтан оны мағыналық қатынастарына қарай жіктеу мүмкін емес. Бұл жөнінде 1997 жылы К.Садирова «Қазіргі қазақ тіліндегі көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдер» деген тақырыпта диссертация қорғаса, 1999 жылы С.Айтжанова осы тақырыпқа қатысты зерттеу еңбек жазды ( 3,26 ). Сонымен бірге көп компонентті салалас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулықтар арқылы да, жалғаулықсыз да байланыса береді. Жұмыс көп, қиындықтар көп, бірақ халық күші одан да көп /Ғ.Мұстафин/.
Көп бағыныңқылы сабақтас Құрамында үш не одан да көп бағыныңқы сөйлемі бар құрмаластың түрі көп бағыныңқылы деп аталады. Құрамындағы алдыңғы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақсыз келеді де, соңғы сөйлемінің баяндауыштары тиянақты болып келеді. Бұлар да бірде жалғаулықты, бірде жалғаулықсыз келеді. Көп бағыныңқылы сабақтас жөнінде 1972 жылы О.Төлегеновтың мақаласы жарық көрді (61). Көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем екі түрлі жолмен байланысады. Біріншісі - жарыспалы байланысу. Бұл сөйлем құрамындағы әрбір жай сөйлем басыңқы сыңарға жарысып, тікелей байланысады. Мысалы: Қыстың қысқа күні түс шағына жеткенде, барлық жылқышы түсіріліп, ат атаулы алынып, Абылғазының айтқаны түгел орындалып болған-ды /М.Әуезов/. Екінші байланысу түрі - сатылай байланысу. Мұнда алдыңғы сөйлем келесі сөйлемге, ол сөйлем соңғы сөйлемге біртіндеп сатылай байланысады. Олар қыстан қоңсыз шыққан арық-тұрық мал жайын ойлап, күннің қабағына қарап, қай ауыл бастап көшер екен деп, біріне-бірі қарайлап отырғанда, ұсақ мал төлдеп қалды /Ә.Нұрпейісов/.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 39; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.011 с.) |