Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
ым және сөз мағынасы арасындағы байланысПоиск на нашем сайте Қыз өссе - елдің көркі Қай ата-ананы алсақ та, қызының ертең барған жерінде балдай батып, судай сіңіп кетуін, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды. Қасиетті ана қызының тәрбиелі жан болып өсуі үшін жасынан ақ щащты қарияның алдынан аттатпай өсіреді. Халқымыз, “келіннің аяғынан, қойшының таяғынан” дегенде, жаңа отаудың береке - құтын, ағайын-туыс, ауыл арасындағы беделін, болашақ ұрпағына дұрыс тәлім-тәрбие беруін келіннің жаман-жақсы қасиеттерімен өлшеген. Қазақ халқы келіннің келген жерінде жақсы жар, абзал ана, ұқыпты әйел болуы, біріншіден, оның өскен ортасына байланысты десе, екіншіден, келген жеріне де байланысты деп қарайды. Жаңа түскен келінге енелері қонақ күту, бала тәрбиелеу, үй ұстау, т.б. мәселелерде үнемі ақыл-кеңес беріп, үйретіп отырады. “Келіннің жақсы болмағы қайын ененің топырағынан деп, ененің жас келінге қамқоршы болуын талап еткен. Сондықтан да “жақсы ауылға келген келін - келін, жаман ауылға келген келін - келсап” деп текке айтпайды. /Қазақ халқының салт-дәстүрлері/
2. Сөздік құрам мен негізгі сөздік қордың айырмашылығы қандай?
2-тапсырма. 1.Мәтіннен көнерген сөздерді табыңыз. Олардың көнерген сөздердің қай түріне жататынын анықтаңыз.
Киіз үй жиһаздары Қазақтың киіз үйіне лайықтап жасалатын үй жиһазына: кебеже, абдыра, кереует, ағаш төсек, жастық, жүк аяқ, түс киіз, кілем, адалбақан, сырмақ, текемет, бірсалар, тулақ, құрақ көрпе, тұлып, қоржын, аяқ қап, шымылдық т.б. заттар жатады. Ал қазан, таба, тостақ, ағаш қасық, тегеш, шөміш, елеуіш, күбі, келі, торсық т.б. - көшпелі қазақтың күнделікті тұтынатын ыдыс-аяқтары. Кілем - сәнді тоқылатын, баспананың жылылығын сақтайтын үй жиһазы. Оларды тоқылу ерекшелігіне қарай түкті кілем, тақыр кілем деп, қосалқы белгілеріне қарай қалы кілем, шашақты кілем, оқалы кілем деп жіктейді. Сырмақ - ою бастырып немесе жиекпен өрнектелетін, сырыған төсеніш. Сырмақ жоғары сапалы үлпілдек жүннен басылған жұқа киізден жасалады. Оның ою-өрнегіне сәйкес бірнеше түрі болады: ақ киізді қара киізбен немесе қызыл, жасыл, сары, көк түстерге боялған жұқа киіздерді ойыстырып жасаған, шымқай ақ киіздің бетіне қызыл, көк, сары маталардан ою ойып бастырған сырмақтар. Абдыра - киім-кешек салатын, сәнді жасалған кебеженің бір түрі. Киіз үй ішінің сәнін келтіретін жиһаздардың бірі - төсек ағаш. Оның беті ою-өрнектермен әшекейленеді. Төсекті сүйекпен әшекейлеу үшін майнан тазартылған, әбден қайнатылып жұмсарған жылқының, түйенің жауырын және қабырға сүйектері пайдаланылған.
2. Көнерген сөздер дегенді қалай түсінесіз? Олардың қандай түрлері бар? 3-тапсырма. 1. Мәтіннен кәсіпке қатысты сөздерді табыңыздар. Ата кәсіп Ертеде ата-бабаларымыз амандасқанда: “Мал-жан аман ба? ”- деп сұрайтын. Осы бір ауыз сөздің өзінен қазақ өмірінде малдың орны ерекше екенін ұғуға болады. Малдың күші, сүті, жүні, еті, терісі - халық өмірінің, тіршілік-тынысының негізі болды. Малшылық - адамзаттың байырғы дәуірден бері бірге жасасып келе жатқан кәсібі. Ол қоғамның әлеуметтік дамуына зор әсер етті, жаңа қарым-қатынастар, мәдениет, өркениет, өнердің, ой-сананың қалыптасуына әкелді. Қазақ халқы негізінен мал шаруашылығымен, ал қосалқы кәсіп ретінде егіншілікпен, балық аулаумен, аңшылықпен айналысты. Қазақ қой-ешкі, жылқы, түйе, сиыр тәрізді төрт түлік малын іштей ірі қара, ұсақ мал деп екіге бөліп, мал ыңғайына қарай жаз жайлауға, қыс қыстауға, күз күзеуге, көк шыға мал төлдер уақытта көктеуге көшіа отырды.
2. Малдың жасына қатысты атаулардың кестелік тізбесін жасаңыздар.
3. Кәсіби сөздер мен халықтық терминологиялық лексиканың ара қатысын ашалаңыздар.
4. Сөзжасам тәсілдерінің сөздік құрамды байытудағы орны қандай? Мысалдармен дәлелдеңіз.
4-жаттығу. 1. Абай өлеңдерінен қазақ тіліне араб және парсы тілдерінен ауысқан сөздерді анықтаңыз. Олардың қай кезеңде, қандай жолмен енгенін, қандай тұлғалық өзгеріске түскенін көрсетіңіз.
1. Қансонарда бүркітші шығады аңға, Тастан түлкі табылар аңдығанға Жақсы ат пен тау жолдас - бір ғанибет. Ыңғайлы, ықшам киім аңшы адамға. /Қансонарда бүркітші шығады аңға/
2. Тіл буынсыз, бой - таза гүл, Ақылы артық, ары зор, Ол перизат, ойла, өзің біл, Не болады, болса қор /Онегиннің Татьянаға жауабы/
3. Ендихатсыз, михнатсыз Табылмас, ғылым сарасы. Аз білгенін көпсінсе, Көп қазаққа епсінсе, Кімге тиер панасы /Интернатта оқып жүр/
4. Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім. Ер жеткен соң түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен кеш сермедім. Бұл махрұм қалмағыма кім кінәлі, Қолымды дөп сермесем өстер ме едім? /Жасымда ғылым бар деп ескермедім/
2. Араб-парсы тілдерінен енген сөздердің синонимін табыңыздар.
ІI МОДУЛЬ
ҰҒЫМ ЖӘНЕ МАҒЫНА
I БЛОК
ҰҒЫМ ЖӘНЕ СӨЗ МАҒЫНАСЫ
I БЛОК Ұғым және сөз
Сөз бар жерде ұғым бар. Ұғым сөз мағынасымен тікелей байланысып, оймен, ойлаумен ұштасып жатады. Ұғым адам танымына негізделеді. Танымның төменгі сатысы болып табылатын сезімдік таным адамның көру, есту, ұстау, иіскеу, дәмін алу сияқты нақты физиологиялық каналдары негізінде жүзеге асады. Олар арқылы адам айналасындағы қоршаған дүниені қабылдайды. Бұл процесс мида белгілі бір нәрсе туралы түйсік тудырады. Заттардың, құбылыстардың сезім мүшелерімізге тікелей әсер еткенде олардың жеке белгілерінің санада бейнеленуі түйсік деп аталады. Егер түйсіктің нәтижесінде адам шындық болмыстағы заттардың, құбылыстардың жеке қасиеттері, сапалары туралы мағұлмат алатын болса, қабылдау кезінде заттың, құбылыстың тұтас бейнесін сезінеді, бағамдайды. Кез келген затты немесе құбылысты қабылдау адамда бұрыннан ұрпақ жалғасып келе жатқан тәжірибе, білім негізінде жүзеге асады. Заттар мен құбылыстардың сезім мүшелерімізге тікелей әсер етпеген кездегі көрнекі, тұрақты, жалпы белгілерінің санамызда бейнеленуі елестету деп аталады. Елестету түйсік пен қабылдаудан ойға ауысу сатысы болып табылады. Танымның жоғары сатысы болып табылатын психикалық процесс - ойлау сезімдік танымға негізделеді, санадағы бейнелерге сүйенеді. Дүниедегі құбылыстарды, жекелеген фактілерді қабылдай отырып, адам оларды ойша өңдейді, олардың әрқайсысының мәнісі мен қасиетін, өзара байланысын танып біледі. Осылайша дүниедегі заттар мен құбылыстар адам санасында сәулеленеді, зерделенеді, олар туралы ұғым пайда болады. Ұғым шындық өмірдің ең жалпы, ең қажетті жақтарын білдіреді. Демек, ұғым - заттың немесе құбылыстың жай ғана бейнесі емес, ойда қорытылған, жинақталған, бейнесі. Ұғым - заттардың, құбылыстардың, іс-әрекеттердің жалпы және мәнді белгілері туралы ой [79.5-6]. Ұғымның туғаны оны жарыққа шығаратын атаудың, яғни сөздің пайда болуына әкеледі. Сөйтіп сөз ұғымның материалдық жағы, басқаша айтқанда материализациялануы болады. “Ұғымды сөз жинақтайды, аяқтайды. Адамның сезім күйі ұғым мазмұнын қабылдағандай дәрежеге жеткен кезеңде, сөз - түйсікті ұғымға айналдыратын форма болады” [32.14]. Ұғым - логикалық категория да, ал мағына лингвистикалық категория. Ұғым дүниенің бейнесі ретінде санада өмір сүреді. Ұғым сөзге мағына түрінде бекітілген жағдайда, дүниенің тілдік бейнесі түзіледі. Санадағы ұғымның адамдардың қоғамдық өмір тәжірибесі барысында сөздік қабыққа бекітілген бөлігі ұғымдақ мағына деп аталады. Сөзбен бірге өмір сүретін ұғымдық мағынада материалдық дүниенің белгілі бір дәрежедегі бейнесі көрініс табады [60.82-88]. Ұғымдық мағына ғылыми әдебиеттерде заттық-логикалық ұғым деп те аталады. Адам санасында өмір сүретін үғым мен сөзге бекіген ұғымдық мағына бірдей болмайды. Логикалық - заттық ұғымға ие болған әрбір сөз тарихи даму барысында әлденеше тілдік мағыналарға ие болып, өзінің семантикалық аясын кеңейтеді, осыған орай сөздің грамматикалық мағыналары да байи түседі. Басқаша айтқанда, әлденеше тілдік мағынаға ие болған сөз ұғымдық мағынадан тыс адамның ақиқат дүниеге деген көзқарасын да, әр алуан көңіл күйі мен сезімін де білдіре алатын қабілетке ие болады. Сөйтіп ұғым мен сөз мағынасының арасы уақыт өткен сайын алшақтай түседі [73.9]. Әрбір сөзде белгілі бір мағына болады. Заттар мен құбылыстар сөз арқылы анықталады да, сөздің білдіретін мағынасы белгілі бір ұғыммен сабақтасады. Сөздер мен олардың білдіріп тұрған мағыналары, олардың арғы жағында жатқан ұғымдар саны жағынан бірдей емес. Сөзге қарағанда ұғым-мағыналар одан әлде қайда көп және өте күрделі. Ұғым мен мағынаны жеке сөздер ғана емес, сөз тіркестері бере алады. Әрқайсысы белгілі бір ұғым беретін мағыналық единицалар қатарына жататын жай тііркес, лексикаланған тіркес, тұрақты тіркес, идиомдар, кіші жанрға кіретін жұмбақ, нақыл сөз, мақал-мәтелдердің әрқайсысы ның беретін ұғымы сөздерге қарағанда әлдеқайда күрделі, ауқымды, астарлы, бейнелі. Мысалы, қой көз, бота көз, жылқы мінез, т.б. осы сияқты тіркестердегі қой, бота, жылқы деген сөздер өздерінің лексикалық мағынасынан әлдеқашан алыстап, жақсы адам, жаман кісі, биік жігіт, сұлу қыз сияқты тіркестердегі жақсы, жаман, биік, сұлу деген анықтамалармен бірдей жаңа қызмет атқарып тұр. Жылқы мінез тіркесі мағынасының күрделі болуы оның астарында жай ұғым емес, халықтың өмір-тіршілік болмысына тікелей қатысты ұғым, дүниетаным, этнолингвистикалық түсінік жатуына байланысты. Жылқы мінез адамның қандай болатынын түсіндіру үшін алдымен жылқы малына тән жақсы мінез-қасиеттерді білу қажет. Сол сияқты бір ғана құлақ деген сөздің мағынасынан әр алуан күрделі ұғымды беретін ақпа құлақ, кәрі құлақ, қалқан құлақ, құйма құлақ, сақ құлақ, саңырау құлақ, шой құлақ, құлақ қағыс, құлағы түрік, құлақ кесті құл, құлақтан семіру, құлағына құю, құлағының құрышын қандыру, естіген құлақта айып жоқ, құлақ естігенді көз көреді, т.б. белгілі бір ұғым, түсінік, мән-мағына төңірегінде шоғырлану арқасында қалыптасқан мағыналық единицалар өрбиді. Демек ұғым сөз санымен емес, сапа, мазмұн безбенімен өлшенеді [34.124-125]. Сөз - ұғым мен мағына аралық шартты таңба. Сөз ұғымнан кейін пайда болады, ал сөз мағынасы заттар мен құбылыстарды топшылап аңғартады, ұғымды материалдандырады. Зат пен құбылыс, әрекет және оның нақты атауы болмаған жерде ұғым болмайды. Шындық дүниедегі заттар мен құбылыстар тілдегі сөздерден тыс, оларға тәуелсіз өмір сүреді, бірақ олар сөздар арқылы аталып, сөз мағыналары арқылы аңғарылады. Тілдегі сөздер мағынасы мен қызметі және белгілі бір ұғымды білдіруі, білдірмеуі жағынан алуан түрлі болып келеді. [3.24]. Мәселен, шындық өмірдегі зат, іс-әрекет, сапа, белгі сияқты сан алуан құбылыстарды білдіретін, атайтын толық мағыналы атауыш сөздерде, айталық, зат есім, етістік, сын есім, үстеу сөздерде лексикалық мағына да, логикалық ұғым да бар. Ал көмекші етістіктер, септеулік шылаулар, демеуліктер, жалғаулықтар сияқты көмекші сөздерде дербес сөздік мағына болмайтындықтан олар нақты ұғымды білдіре алмайды. Сол сияқты есімдік, сан есім, одағай сөздер бойында атауыштық қасиеттен гөрі көмекшілік қызмет, таза көмекші қасиеттен гөрі атауыш сөздердің орын басуға деген дербестікке ұмтылыс басым болғандықтан, реалды затпен байланысты ұғымды білдіре алмайды. Есімдіктер әлдеқалай белгілі бір ұғымды білдірумен байланысты қолданыла қалған жағдайда заттық мағынада ұғынылады. Ал сан есімдер сан туралы жалпы түсінік ғана арқалайды. Олардың математикалық сандық ұғымды ғана білдіру қасиеті заттық мағынадағы сөздермен тіркескенде ғана нақтылана түседі. Одағай сөздер қуану мен шаттану, сүйіну мен күйіну, шошыну мен тітіркену, ұнату мен таңырқау сияқты адамның әр түрлі көңіл күйін, сезім жайын танытқанымен, бұлардың ешқайсысының атауы емес, яғни оларда дербес сөздік мағына жоқ. Сондықтан да олар да ешқандайда ұғым арқаламайды. Ойлау категориясы ретінде қаралатын ұғымда эмоциялық бояу болмайды, ал сөз объективті шындықты атап, оның сапа белгісін, жалпы және жеке қасиеттерін білдіріп қоймайды, сонымен қатар оған деген адамның қатынасын, бағасын, күйініш-сүйінішін, қуаныш-ренішін т.б. көңіл күйін де бере алады, яғни сөзде экспресивтік-эмоциональды реңк болады. Ұғымда ұлттық ерекшелік болмайды. Ол әртүрлі халықтардың бәріне ортақ, жалпылық сипатта болып келеді. Мысалы, тас, тау, ағаш, көл, жақсы, жаман т.б. ұғымдар дүниежүзіндегі барша халыққа ортақ. Ал сөз мағынасынан тіл иесі халыққа ғана тән ұлттық нышан, ұлттық ерекшелік көрініс табады. Бір заттың, құбылыстың екі түрлі күйін екі түрлі атаумен беру ұғымның айқындылығын, деректілігін көрсететін ұлттық таныммен байланысты. Сөз мағынасының кодын әртүрлі ұлт өкілі ұлттық таным жүйесінің өзіндік ерекшеліктеріне қарай шешеді. Мысалы, қойтас дегенде қазақ сырт кейпі жайлып жатқан қойға ұқсас болып келетін кесек-кесек жұмыр тасты жерді айтады, көмір деп руда-кен атауының сыртында қазақ “отын” , “от орнында бықсып сөнген шоқ” дегендерді де атайды. Тіл тілдің лексикасында сөз бірнеше ұғымды білдіретін атау түрінде қолданылады, немесе керісінше, бірнеше сөз бір ұғымды білдіруі мүмкін. Мысалы, сұлу, әдемі, көркем, сымбатты, көрікті деген синоним сөздер әр басқа ұғымды емес, бір ғана ұғымды білдіретін атаулар. Белгілі бір ұғым дара сөзбен ғана емес, күрделі сөздермен, бірнеше тұрақты сөз тіркестермен таңбалануы мүмкін. Мысалы, тез, жылдам сөздері, қас қағымда, қас мен көздің арасында, көзі ашып жұмғанша деген фразеологизмдер “іп-лезде” деген ұғымды білдіреді. Сөздің әр алуан мағына арқалауы, сол мағынаның туындауына негіз болатын ұғым-түсініктердің әрқилы болып келуіне тікелей байланысты. Кейде баста нақты ұғымға негізделген сөз немесе сөз тіркесі мағыналық дамудың барысында мүлде басқа ұғым-түсініктерді білдіретін тілдік бірліктерге айналып отырады. Мысалы, “ыстық нәрсе ауызды күйдіред” деген пайымды білдіретін аузы күю еркін тіркесі мағыналық жақтан дами келе, “бір нәрседен опық жеу” деген ұғымды білдіретін аузы күю тұрақты тіркесіне, ол өз ретінде “бір нәрсені орындаудан бұрын оның қыр-сырына үңілу қажет” деген ұғымды аңғартатын аузы күйген үріп ішеді деген мақал-мәтелге айналады. Ұғым - жалпы және жеке заттар мен құбылыстардың ұқсас және ерекше белгілерін айқындайтын ойлаудың элементі болуына байланысты өз ішінен жалпы ұғым, жалқы ұғым болып екіге бөлінеді. Осыған байланысты сөз мағыналары да жалпы мағына, жалқы, жеке мағынаға бөлінеді. Мәселен, аға - жалпы жасы үлкен ер адам деген ұғымды білдірсе, қайын аға, туған аға, немере аға, отағасы деген сөздер жеке, нақты ұғымдарға атау болады. Қоғам өміріндегі әлеуметтік, саяси, мәдени өзгерістерге байланысты туындап жататын жаңа ұғымдар тілдің ішкі даму заңына байланысты ескі сөздер (түбірлер, туынды сөздер) негізінде сөзжасамдық ескі тәсілдер арқылы жасалған жаңа мағыналы жаңа сөздерге бекіледі.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 41; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.009 с.) |