Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
АЗАҚ ТІЛІНІҢ СӨЗДІК ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ СӨЗДІК ҚОРЫПоиск на нашем сайте І МОДУЛЬ
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ СӨЗДІК ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ СӨЗДІК ҚОРЫ
Қазақ тілінің сөздік құрамы
Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры
Қазақ тілінің сөздік құрамы және негізгі сөздік қоры
I БЛОК Қазақ тілінің сөздік құрамы
Сөздік құрамдағы көнеру мен жаңару процестері. Белгілі бір тілдегі сөздердің барлық жиынтығы сол тілдің сөздік құрамын, яғни лексикасын құрайды. Қазақ тілінің сөздік құрамы тілдің күллі сөз байлығын тұтастай қамтиды. “Сөз байлығы сөз санымен ғана емес, сол сөздердің беретін мағына ауқымына, мағыналық реңктердің алуандығына, көп мағыналығына қарап анықталады. Жалпы сөз байлығын, сөздік қорды толық түгендеу, сөз байлығын ғылыми тұрғыдан дұрыс анықтап, оның қайнар бұлақтарын аша білу, сол байлықтың қыр-сырын сөздіктерде көрсету өте күрделі де, қиын дүние. Өйткені тіл қорындағы сөз байлығы шегі жоқ теңіздей мол дүние. Ол күн санап жаңарып, толығып, жаңалынып отыратын организм іспеттес” дей келе, академик Ә.Т.Қайдар қазақ тілінің сөз байлығының қайнар көздеріне жергілікті тіл ерекшеліктерін, ғылыми-техникалық терминдер саласын, көнеден келе жатқан халықтық терминологиялық лексикалық қорды, жаңа сөз жасау мен сөздерді жаңа мағынада қолдану процесін, белгілі бір ұғым беретін мағыналық единицаларды (жай тіркес, лексикаланған тіркес, идиомдар, жұмбақтар, нақыл сөз, мақал-мәтелдер), гомогенді, гетерогенді омонимдер мен синонимдерді, лексикалық дублеттер мен фонетикалық варианттарға қатысты сөз қорын жатқызады [26.119-121]. Сөздік құрамға қазақтың байырғы төл сөздері де, басқа халықтармен болған тарихи-мәдени қарым-қатынасы барысында енген кірме сөздер де, халықтық терминологиялық лексика да, ғылыми-техногендік өркениет қалыптастырған жаңа тілдік қолданыстар мен ғылыми-техникалық терминдер де, белгілі бір аймақ ауқымында пайдаланылатын диалектизмдер мен нақты шаруашылық аясында қолданылатын кәсіби сөздер де, ауызекі сөйлеу тіліндегі қарапайым сөздер де, дара сөздің бейнелі эквиваленті ретінде жұмсалатын фразеологизмдер мен ойды түйіндеп жеткізудің құралы іспетті мақал-мәтелдер де енеді. Олардың жұмсалу аясы, қолданылу жиілігі, тарихи қалыптасуы, тілдік қызметі әр басқа болып келеді. Мәселен, қолданылу жиілігіне қарай сөздік құрамдағы сөздерді актив және пассив сөздер деп екі салаға бөлуге болады. Актив сөздерге күнделікті өмірде жиі қолданылатын, тіл иесі халықтың кез келген өкіліне таныс, түсінікті сөздер жатады, ал пассив сөздерге терминдер, көнерген сөздер, диалектизмдер, кәсіби сөздер т.б. сияқты жиі қолданылмайтын сөздер жатады. Тілдің сөздік құрамы адамның қоғамдық, өндірістік, шығармашылық іс-әрекетімен тікелей байланысты үздіксіз жетіліп, дамып отырады. Қоғам өміріндегі әр түрлі өзгерістер мен жаңалықтар тілдің лексика саласында өз ізін қайтсе де қалдырып отырады. Қоғамдық өндірістің, әлеуметтік - экономикалық қатынастардың дамуы мен материалдық және рухани мәдениеттің барлық салаларындағы өзгерістерге байланысты пайда болған жаңа заттар мен құбылыстар, оларға қатысты өрбіген сан алуан ұғым-түсініктер тілде оларды сөзбен атаудың қажеттілігін тудырады. Осыған орай тілде жаңа сөздер, тілде бұрыннан бар сөздер негізінде жасалған жаңа тілдік қолданыстар пайда болады. Осылайша сөздік құрам үнемі жаңару, жаңғыру, даму үстінде болады. Даму барысында сөздік құрам үнемі тың, жаңа сөздермен толығып қана қоймайды, кейбір сирек қолданыстағы сөз басқа мағыналық реңкі алып жиі қолданылатын сөзге айналып отырады, қайсыбір көнерген сөздер қолданыстан шығып қалып жатады. Кейбір сөздер өздері атайтын заттар мен құбылыстардың ескіріп жойылуына байланысты көнеріп, сөздің пассив тобына айналады немесе күнделікті тілдік қолданыстан мүлдем шығып қалады. Көнерген сөздердің мұндай түрін историзмдер немесе тарихи лексика деп атайды. Мысалы: қорамсақ, оқа, кимешек, қосақ, желек, ділдә, сауыт, кебенек, адырна, шабарман, сауға, жандарал, шабарман, марту, жезтырнақ, пері, т.б. Қазақтың көне наным-сеніміне, салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына, мемлекеттік құрылыс жүйесіне қатысты көптеген сөздер бүгінде қоғамдық-мемлекеттік құрылыстың, тұрмыстың өзгеруіне, салт-дәстүрдің сақталмауына, әдет-ғұрыптардың ығысып шығып қалуына байланысты сөздік құрамның пассив бөлігіне айналып отыр. Мысалы: хан, ханзада, қараша, жабасалма (киіз үйдің түрі), тұтқыш, тебінгі, тамызықт.б. Кейбір көнерген сөздер белгілейтін заттар мен құбылыстар, ұғым- түсініктер біржолата жоғалып кетпегенімен, оларды тілдің қазіргі деңгейінде басқаша атау орын алады. Жаңаша, басқаша аталатын заттар мен құбылыстардың, ұғымдар мен түсініктердің бұрынғы атаулары архаизмдер деп аталады. Мысалы: оғлан - ұл дегеннің, ұлығ - лауазымды, жолы үлкен дегеннің, шерік - әскер дегеннің, әйел бала - қыз дегеннің ескіше аттары. Архаизмдердің қайсыбіреулері қоғамдағы әлеуметтік-саяси өзгерістер барысында лексиканың пассив қабатынан қайтадан актив қабатқа өтуі тілде бар құбылыс. Басқаша айтқанда лексиканың актив, және пассив қабаттарында үнемі бірінен біріне сөз ауысу, алмасу құбылысы жүріп отырады. Мәселен, XVIII-XIX ғасырларда халық тілінде актив қолданылған қыркүйек, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір мамыр, маусым, шілде, тамыздеп аталған ай аттары кеңестік дәуірде тілдік қолданыстан шығып, оларды сентябрь, октябрь, ноябрь, декабрь, январь, февраль, март, апрель, май, июнь, июль, август сияқты орысша ай аттары алмастырғаны белгілі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесінің биіктеуімен байланысты бүгінде қазақша ай аттары қайтадан актив лексикаға айналды. Қазақстанның егемендігі қазақтың ұлттық мәдениетіне, этнографиялық әлеміне жаңғыру лебін әкелді. Осыған байланысты қазақтың ежелгі салт-дәстүрлері, рәсім-жоралғылары жандана бастады. Мәселен, Наурыз мейрамының жалпыхалықтық деңгейде тойлана бастауы наурызға қатысты тарихи лексикаға айналған жарапазан, наурыз көже сияқты атаулар, үйлену тойларында қалыңдықтың ұлттық киімге ден қоюына байланысты сәукеле, бешпет, қос етек көйлек, бетмоншақ, шолпытәрізді атаулар, киіт кигізу рәсіміне қатысты үш тоғыз, тоғыз тоғыз деп аталатын тартулар аттары қайтадан активтенуде. Көнерген сөздер көркем шығарма тілінде өткен дәуір келбетін танытуға байланысты белгілі бір стильдік мақсат көздеп жұмсалады. Көркем шығарма тілінде көнерген сөздердің бүгінгі оқырманға түсініксіз екені ескеріліп, кейде оларға түсініктеме бере кету орын алады [3.80]. Тілдің сөздік құрамында білдіретін ұғым-түсініктерінің, заттары мен құбылыстарының жойылып, жоғалуына немесе күнгірттенуіне байланысты қайсыбір сөздер қолданыстан шығып, көнеріп жататын болса, оның есесіне жаңа үғым-түсініктердің, жаңа заттар мен құбылыстардың пайда болуы жаңа сөздерді тудырып, сөздік құрамның жаңарып, толығып отыруына ықпал етеді. Тілде жаңа ұғымдарды білдіретін тың сөздер неологизмдер деп аталады. Жаңадан жасалған сөздер тың екені сезіліп тұрған кезінде ғана неологизмдер болып танылады, ал уақыт өткен сайын олардың сонылығы жойылып, жиі қолданылатын дағдылы сөздерге айналады. Сөздік құрамдағы жаңару және жаңғыру процесіне тілдің сөзжасам жүйесі ат салысады. Қолданысқа еніп жататын сан ондаған жаңа сөздер тілде бұрыннан бар сөзжасам тәсілдері арқылы жасалады. Мәселен, түбір сөзге сөз тудырушы жұрнақтың жалғануы арқылы жаңа сөз жасау қазақ тіліндегі өнімді тәсілдің бірі десек, ұшқыш, өндіріс, ілгіш, тыңайтқыш, үйірме, қондырғы, бірлік, т.б. сөздердің жасалуына тілде бұрыннан бар сөздер мен сөз тудырушы қосымшалар негіз болып тұр. Синтетикалық тәсіл арқылы жүлдегер, саясаткер, кәсіпкер, ойынхана, дәрісхана, дәріхана, көрермен т.б. көптеген жаңа сөздер жасалып, жалпыхалықтық, әдеби сипат алып, актив қолданысқа енді. Сөзжасамның аналитикалық тәсілі арқылы күрделі сөздердің бір түрі біріккен сөздер жасалады. Екі немесе үш дербес, толық мағыналы сөздердің мағына мен дыбыстық құрам жағынан біртұтастанып, бір ғана лексикалық бірлікке айналуына негізделетін біріккен сөздер ізімен бүгінгі қоғамымыздың келбетін танытатын елбасы, әнұран, орынбасар, келіссөз, халықаралық, ұлтаралықт.б., лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған нарық, құн, баға (экономика), кейіптеу, суреттеу, теңеу(әдебиет), қозғалыс, қимыл (физика), сөз, мағына, буын, шылау (лингвистика), үшбұрыш, қосу, алу (математика) сияқты ғылымның әр саласына қатысты терминдік сипаттағы сөздер жасалды. Тіліміздегі әлемдік ғылыми техногендік өркениетке қатысты жаңалықтардың атаулары да неологизмдер болып танылады. Мысалы: спутник, планетааралық, ұялы телефон, фотокөшірме, теледидар, компьютор, автотранспорт, аэропорт, вокзал, т.б. Неологизмдер бүгінгі қазақ қоғамының рухани және заттық әлеміне енген жаңалықтарды бейнелейтін, қазақ тілінің лексикалық қазынасын толықтыратын жаңа тілдік бірліктер. Сонымен сөздік құрам, бір жағынан, жаңа пайда болған, сырттан енген ауыс-түйіс сөздер арқылы байып, толығып жатса, екінші жағынан қажетті өтеп барып, көнерген, ескірген сөздердің есебінен азайып отырады. Дегенмен көнерген, ескірген сөздердің бәрі бірдей біржолата қолданыстан шығып қалмайды: олар тіл тұлғасындағы ескінің елесі, көненің көзі іспетті тілдің сөздік қорында көпке дейін сақталып қала береді. Ондай сөздердің төркіні мен сырын ашу да семантикалық, фонетикалық, морфологиялық, стильдік, тарихи-этнографиялық, социолингвистикалық т.б. заңдылықтарға сүйене отырып жасалатын этимологиялық талдаулардың маңызы зор. Қорыта айтқанда, тілде ішінде қарама-қарсы бағытта үздіксіз жүретін жаңғыру, жаңару, көнеру процестері - тілдегі сөз байлығын белгілі бір деңгейде ұстап тұратын, сөздік құрамды реттейтін басты тілдік заңдылық. Сөздік құрамдағы мұндай көнеру мен жаңару процесіне қарап, қоғам өмірінде болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістердің тілге әсерін барлауға болады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 41; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.007 с.) |