Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
азақ тілі сөздік құрамының стратифиграфиялық қабаттары.Поиск на нашем сайте Қазақ тілінің сөздік құрамы 3 тілдік стратифиграфиялық қабаттан тұрады: 1) жалпытүркілік қабат; 2) қазақтың байырғы төл сөздерінен тұратын тілдік қабат; 3) кірме сөздер қабаты. Қазақ тілінің сөздік құрамындағы кірме қабатты араб-парсы, монғол, орыс тілдерінен енген сөздер құрайды. Олар қазақ халқының заманалар ағымында араб, парсы, монғол, орыс халықтарымен болған тарихи, мәдени, саяси, әлеуметтік байланыстарының, қарым-қатынасының нәтижесі. Ислам дінінің Дешті Қыпшаққа ендей таралуы, сауда-саттықтың дамуы, шығыстың классикалық әдеби мұраларының далалық үлгіде жырлануы сияқты экстралингвистикалық факторлар әсерінен қазақ тіліне араб-парсы сөздері қазақтың біртұтас халықтық тілі қалыптасқанға дейін-ақ, ортағасырлардың алғашқы ширегінен ене бастады. Қазақ тілінің сөздік құрамына мықтап орныққан мектеп, медіресе, мәдениет, қаражат, несие, дарбаза, мемлекет, дұние, тәржіме, аброй, ұждан, ғылым, ілім, парасат, дұға, азан, қиямет-қайым, шариғат, тамұқ, құрбан, айт, намаз сияқты көптеген сөздердің, тіптен Уәли, Уәсила, Гәуһар, Фатима, Мұхамет, Жамал, Мәлік т.б. адам есімдерінің шығу тегі араб-парсы тілдеріне барып саяды. Қазақ тілінің сөздік құрамында түп-төркіні түркі-монғол ортақтығына алып баратын сөздер мен таза монғол тілінен енген сөздер де орын алады. Қазақ тіліндегі алтын, темір, жез, болат, мал, дөнежін, құнан, бұғы, арыстан, жапсар, абысан, қара, көк, сары т.б. көптеген сөздердің түркі тілдерінің басым көпшілігінде және монғол тілінде сәл дыбыстық ерекшеліктермен (алтан, төмөр, зэс, болд, мал, дөнөжин, гунан, буга, арслан, завсар, авьсан, хар, хөх, шар) кездесуінің қыр-сырын ашу алтаистика ғылымындағы түркі-монғол тілдерінің генетикалық жақындығы жайлы шешімін таппаған күрделі мәселемен ұштасады. Аса көрнекті алтаист, поляк ғалымы В.Котвич монғол тілі лексикасының шамамен 25%, морфологиялық элементтерінің 50% түркі тілдерімен ортақ болып келетінін айтады [30.351]. Көрнекті ғалым Рәбиға Сыздық түркі-монғол ортақтығына барып саятын бірқыдыру сөздердің қазақ тілінде әбден қалыптасып, жымдасқан сөз тіркестерін құрайтынын, оларды монғолдардан енген кірме сөз деп санауға болмайтынын айтады. Ғалым айылын жимау, тұралап қалу, құр атқа мінгендей сияқты тұрақты тіркестер құрамындағы ”үрей“ мағынасындағы айыл, ”арықтау“ мағынасындағы тұралау, ”өткен жылдан мінілмеген тың ат“ мағынасындағықұр сөздерін түркі-монғолға ортақ сөз ретінде таниды [64.211]. Түркі-монғол тілдерінің базистік лексикасын және грамматикалық жүйесін салыстыра зерттеуші белгілі ғалым Б.Базылхан ”Монғолша - қазақша“ сөздікке енген 40 мың сөздің 60% екі тілге ортақ сөздер екенін айтады [13.4-7]. Айрықша тұрақтылығымен, бейнелілігімен ерекшеленетін, бір тілден екінші тілге ене қоюы қиын фразеологиялық бірліктерді қазақ және монғол тілдері аралық деңгейде этнолингвистикалық тұрғыдан салыстыра-салғастыра зерттеген Г.Сағидолда көптеген фразеологизмдердің қазақ-монғол тілдеріне ортақ болып келуінің себебін екі халықтың бейнелі ойлауы мен ғаламды тануында желілестік, этномәдени болмысында тектестік бар екенімен түсіндіреді [72.234]. Қазақ тілінің сөздік құрамында монғолдың алдар ”атақ, даңқ, мәртебе, дәреже“, баримт ”негіз, дәлел, факт“, хариулт ”жауап қайтару“, нөхөр”жолдас“, хурал ”жиын, жиналыс“ сөздерімен төркіндес алдияр, барымта, қарымта, нөкер, құрылтай т.б. түп тегі таза монғол тіліне барып саятын көптеген сөздер, Тарбағатай ”суырлы“, Доланқара ”жеті қара“, Нарынқол”жіңішке өзен“, Толағай ”төбе“, Байынқол “бай өзен“ тәрізді монғол тілінің лексикасы негізінде жасалған жер-су аттары көптеп кездеседі. Бұлар қазақ ру-тайпаларының монғол ру-тайпаларымен болған көршілестік, жаугершілік, саяси, мәдени қарым-қатынастарының нәтижесі, ХІІІ ғасырдан кейіңгі кезеңдерде монғол тілінен енген кірме тілдік элементтер. Қазақ және орыс халықтары да атам заманнан іргелес өмір сүрген көрші елдер. Олардың арасындағы өте ертеден келе жатқан сауда-саттық, шаруашылық және мәдени байланыстар XVII ғасырдың ортасында Ресей империясының қазақ даласын бағындырып, 250 жылдан астам уақыт үстемдік етуіне байланысты тіптен нығая түскені белгілі. Қазақ лексикологтері қазақ тілінің сөздік құрамына орыс тілінен енген кірме сөздерді: 1) 1917ж. Қазан революциясына дейінгі; 2) 1917ж. Қазан революциясынан кейінгі деп 2 кезеңге бөліп қарастырады [35.142-149]. Революцияға дейінгі кезеңде қазақтар арасына орыс сөздері негізінен ауызекі сөйлеу тілі арқылы тарады. Бұл кезеңде орыс тілінен ауысқан мөшке, бөкебай, күршек, тұрба, қамыт, самауыр, шәйнек, сөтке, шірет, сияз, гормошка, шен, ауылнай, жандарал тәрізді көптеген сөздер қазақ әдеби тілінде қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтарына сәйкес емлеге сай өзгертілген қалпында қолданылады. Кеңестік дәуірде орыс тілінің ықпалымен қазақ тілі өзінің жаңа қоғамдық, саяси, ғылыми терминологиясын қалыптастырды. Мұнда көптеген термин сөздер орыс тіліндегі түр-тұпатын сақтап, еш өзгеріссіз қабылданса, кейбіреулері қазақ тіліне сөзбе-сөз аудырылды, яғни қазақтың төл сөздері мен олардан жасалған туынды сөздер орыс терминіне балама ретінде алынды. Мысалы, өткен ғасырдың 20 жылдарында қазақ ауылдарын советтендіру туралы партия саясатына байланысты кооперация, совет құрылысы (советский строй), ауылдық совет (аульный совет), кәсіподақ (профсоюз), орташа (середняк), жеке шаруа (единоличник) т.б., ал 30 жылдардың басында алғашқы бесжылдық жоспарларды қабылдау және жаппай коллективтендіруге қатысты конфискелеу (конфискация), колхозшы(колхозник), екпінді (ударник), социалды жарыс (социалистическое соревнование), ауатком (райисполком), бесжылдық(пятилетка) т.б., елдегі саяси өзгерістерге байланысты партия мүшесі (член партии), партбюро, партиялық тазарту (партийная чистка), аудандық партия комитеті(районный партийный комитет), социалистік сана (социалистическое сознание), сауаттандыру(обучение грамоте) т.б. терминдер туындады. 40 жылдары орта мектепке арналған оқулықтардың шыға бастауы, Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары география, математика, биология, химия, физика, грамматика, әдебиеттану т.б. пәндері бойынша оқу құралдарының, ал 70 жылдары техникалық мамандар дайындайтын оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарының молаюы қазақ терминологиясын жасау мен бірізге түсіруде айрықша оң ықпал етті. Бұл жылдары ғылымның сан түрлі саласына қатысты циклон, меридиан, синтаксис, синоним, дифтонг, поэма, проза, жанр, архитектор, дизайн, дирижер, изотерма, изолятор, т.б. көптеген терминдер тілдік қолданысқа енді. Қазақ тілінде сөз тудырушы жұрнақтарды интернационалдық сипаттағы және орыс тіліндегі терминдерге жалғау арқылы термин жасау тәсілі кеңінен қолданылады. Мысалы: спортшы, комбайыншы, меканикаландыру, аграрлық, экономикалық, газдандыру, электрлендіру, демократизациялау, редакциялау, алгебралық символика, т.б. Ғылыми терминологияны жетілдірудегі қолданылатын өнімді тәсілдердің бірі - орыс терминдерін калькалау. Мысалы: Социалистік еңбек ері(Герой социалистического труда), куәлік(свидетельство), келісім(соглашение), шарт (договор), көрсеткіш (показатель), өндіргіш күштер (производительные силы), айналым (оборот) т.б. Қазіргі қазақ терминологиясын қалыптастыруда ұстанатын басты принцип - қазақ тілінің өзінің ішкі мүмкіндігін сарқа пайдалану. Бұл ұстанымның ана тіліміздің дұрыс, жақсы қолданылуына, табиғи заңдылықтарының бұзылмауына, ұлттық колоритінен айырмауына тигізер ықпалы зор. Қазақ тілін сөздік құрамының кірме қабатын құрайтын сөздер уақыт озған сайын фонетикалық, грамматикалық және семантикалық тұрғыдан меңгеріліп тілдік жүйеге біртіндеп кірігеді, сіңіседі. Басқа тілден енген сөздердің қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтарына сай икемделуі олардың фонетикалық жақтан игерілуін көрсететеді. Мысалы: бөшке (бочка), самаурын (самовар), кереует (кровать), божы (вожжи)т.б. Бөтен тілден енген сөздің қабылдаушы тілдің грамматикалық заңдылықтарына бағына түрленуі олардың грамматикалық тұрғыдан игерілуін танытады. Мысалы: иран тілінен енген баға, жан, арзан сияқты есім сөздерден қазақ тілінің жұрнақтары жалғану арқылы бағалау, жандану, арзандаутәрізді етістіктер жасалып, қазақтың байырғы етістіктері қалай түрленсе, бұларда солай түрленеді. Қамыттау, реттеу, соттау, нөмірлеу, наградтау, электрлендірусияқты орыс тілінен енген сөздердің қазақ тіліндегі қосымшаларды қабылдауы және олардың қазақтың төл етістіктеріндей түрленуі де бұл сөздердің грамматикалық жақтан игерілуін танытады. Бөтен тілден енген сөздердің басым көпшілігі өздерінің әу бастағы мағынасын сақтайды, қабылдаушы тілде семантикалық тұрғыдан өзгеріске көп түсе қоймайды. Әйтседе кірме сөздердің о бастағы мағынасын құбылтып, өзгертетіндері сирек те болса кездеседі. Мысалы, француз тілінде “сөз”деген мағынаны білдіретін paroleсөзі орыс тілінде пароль “жасырын шартты белгі”, “жасырын сөз” деген мағынада қолданылады, ал қазақ тіліне парольсөзі орыс тілі арқылы енгендіктен, оның әу бастағы француз тіліндегі мағынасы емес, орыс тіліндегі мағынасы сақталған. Қорыта айтқанда сөздік құрам, ең алдымен, сөз тудырудың сан алуан тәсілдері арқылы сол тілдің ішкі мүмкіншіліктері негізінде, тілде бұрыннан бар сөздерден туынды сөздер, жаңа сөздер жасау арқылы жетіліп, дамып отырады. Сонымен қатар басқа тілдерден енген кірме сөздер де сөздік құрамының толығуына, баюына әсер етеді.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 41; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.007 с.) |