ана махаббаты құдіретті 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ана махаббаты құдіретті

Адамның ең алғашқы, ең мейірбан Отаны – ана құрсағы. Оның қасиетті аясында болашақ нәресте тоғыз ай, он күн шарана қалпын түзейді.
Дүниеге жаңа келген нәресте одан кейін өз өмірінің басталу шағын ана құшағында өткереді. Уызға жарып, анасының ақ сүті бойына дарыған сәбидің жарық дүниеге деген сезімі мен серігі оянады. Үш күннен кейін анасын таниды, бөгде адамды жатырқайды. Ана мейірі, ана әлдиі оның көңіл күйін өбектейді. Енді ол айналаға көз тоқтатады, түрлі-түсті ойыншықтарға көзі түседі, уілдеп үн шығарады. Бөбек қырқынан шыққан соң күле бастайды.
Таупықты маңдайын анасының мүбәрәк алақаны сипалаған балдырған бесіктен белі шығып, тәй-тәй басады. Ана құрсағының жұмағынан, ана құшағының құнарынан, ана алақанының сылағынан дарыған осыншалық мейір одан әрі өсудің, жетілудің жетелі жетегіне айналады.
Міне, осылардың бәріне бола, біз ана мейірін дүниедегі ең ұлы қасиетке, ал ананың өзін – дүниедегі бірден-бір мейірбан жанға балаймыз.
Жасаған ием бізді жаратты, ана туды!
Адам ата мен Хауа анадан басқалардың бәрі де ана жатырында жаралған. Адам ата мен Хауа ананы жаратқаннан кейін Жасаған ием анасыз, әкесіз адам жаратқан жоқ, бұдан былай адамзат ұрпағын жарық дүниеге келтіру мехнаты дүниедегі ең мейірбан жан анаға ғана жүктелді…
Ана құдіреті жайлы аңыз-әпсаналардың көп болуы да сондықтан.

Халқымыздың басына күн тудырған әр қилы тар жол, тайғақ кешулерде ана құдіретінің қабырғасы біржола қақырамаса да, күйзеле күңіренген тұстары болған ғой, болған…
Ал, қазір ше? Төрт жағымыз төрт құбыла болуға тиіс осы бір әбүйірлі шақта, тәуекелге бел бууға шамасы жетпей жатқан шалағай ұрпаққа қайран ана назалы аманат айтуда:
Болса да зұлмат салмағы
Таусыла айттым шынымды –
Анаңды ұмытсаң дағы
Ұмытпа ана тіліңді!
Есте болсын, күні ертең «енді ешкімге керегім жоқ» дегізетіндей шарасыз сәт туа қалар болса да, ана рухы біздерден көз жазбайды, қандай қалыпқа түссек те, баяғыша… біздерден күдер үзбейді. «Анаңды ұмытсаң дағы, ұмытпа ана тіліңді!» деп жер қойнауынан жар салумен болады. Оған қосыла Табиғат-ана да, Отан-ана да бізден Тіл-ананың сағын сындырмауды өтінеді.
Соның бәріне жауап ретінде: «Ана тіліңді ұмытпасаң, анаңды да ұмытпағаның» дейді кешірімі мол ана-мейір дүние.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 45; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.006 с.)