Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Би дегенді білеме бугінгі ұрпақ?ЭссеПоиск на нашем сайте 2.Би дегенді білеме бугінгі ұрпақ?Эссе Қазақ халқының бірлігі мен бейбіт өмірін қалыптастыруға ұлан-ғайыр еңбек сіңірген билер тағылымы тарих үшін ғана емес, біздің келешек ұрпақ үшін де құнды. Билер жалғыз ауыз сөзбен құн кесіп, бір айтып дау шешкен, ел тұтастығын сақтаған даналар. Ш.Уәлихановтың: “ Би атағын беру қазақта халық тарапынан бір сайлау арқылы немесе халықты билеп отырған өкімет тарапынан бекіту арқылы болған емес, тек сот ғұрыптарына әбден жетік, сонымен қатар тілге шешен қазақтар ғана бұл құрметті атаққа өз бетімен ие болган,”- деген сөздерінен би – халықтың көкейіндегісін айтқан, жарыққа шығарған әділет жақшысы екенін білеміз.Би атағын алу үшін би болам деген қазақ өзінің заң ісіне жетіктігін және шешендік қабілеті бар екендігін халық алдында сан рет көрсетуге тиіс болган.Ондай адамдардың атағы бүкіл қазақ даласына тез жайылып олардың аты жұрттың бәріне мәлім болып отырған. Кезінде Ахмет Байтұрсынов: “ Әділ билердің қолындағы билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді,”- деді. Демек бұл қастерлі мұра- шешендікпен айтылған билер сөзі ұмытылмайды, қай кезде болса да халық жадында. Билер татихы Майқы би мен Аяз билерден бастау алды. Тарихтан бізге мәлім мына билерді атауға болады: Төле би, қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би.Бұлардың бәрі сөзге шебер, өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін бойына сіңірген, зерделі, халқына жанашыр дара тұлғалар болған. Қорыта келгенде, билердің баға жетпес мұра ретінде қалдырған тәлім-тәрбие ұлтымыздың өлшемсіз құндылығы болып табылады.
3.Қазақ этнонимінің төркіні. Эссе “ Түрік тілінің ішіндегі гауһары – қазақ тілі.” Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы Қазақ тілі осы мемлекеттің түпкілікті тұрғындары қазақтардан басқа Қытай, Монғолия, Иран, Ауғанстан, Түркия мемлекеттері мен ТМД-ның Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан сияқты республикаларында тұратын қазақтардың да ана тілі. Қазақ тілі – батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады. Бұл тармаққа кіретін тілдер – қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, қырым татары, қарайшай, балқар, құмық және тағы басқа тілдер. Қазақ тілі - өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл. Қазақ тілінің тарихы әртүрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Оның қалыптасуға бет алуы ХІ-ХІІ ғасырлардағы Түрік қағанатының пайда болу кезеңінен басталып, ХҮ ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасып болған еді. Басқа түркі тілдерімен салыстырғанда, сөздік қоры жөнінен, қазақ тілі – ежелгі таза қалпын тұтас сақтап келе жатқан тілдердің бірі. Қазақ тілі алтай тілдік отбасының түркі тобының қыпшақ тармағына жатады. Жақын туыстас түркі халықтарының тілдерінен айырмашылығы – өзіне тән ерекшелігі диалектілердің жоқтығы болып табылады. Оған себеп номадизм феномені – бүкіл Дала белсенді қозғалыста және тайпаралық қарым-қатынаста болған. Жабық, жеке, дара өмір сүру үшін объективті жағдайлар болмады – сондықтан Ертістен Еділге дейінгі ұлан ғайыр аумақта біртұтас тілдік нормалар болған. Қазақ атауының шығу тегі - «Қазақ тарихында» әлі де шешуін таба алмай келе жатқан мәселелердің бірі. Бiздiң елміздiң тарихында қазақ атауы шығу төркiнiнiң бiрнеше нұсқасы бар екенi белгiлi. Бiр нұсқада қазақтың арғы атасы сақ болғандықтан «қассақ» атанып, содан қазақ атанғанбыз десе, тағы бiрiнде қазақ «еркiн, азат» деген ұғыммен мәндес болғандықтан «қазақ» атанған дейтiн болжамдар бар. Кейде бұл термин ертедегі екі тайпалық (каспий және сақ) одақтардың атынан шыққан деп жорамалдайды. Ал кейбір тарихшылар "хас" нағыз және "сақ" деген сөзден құралған деп болжам жасайды. Тағы да бір деректерде «қазақ атауы 9-10 ғғ. Шығыс Дешті Қыпшақ қыпшақтарының қоғамында әлеуметтік, ал 11-12 ғғ. этникалық-әлеуметтік топтарға қолданылған. Және осы ғасырларда қыпшақ тайпаларының топтасуы қазақ қауымдастығы қалыптасуының да маңызды кезеңі болды» деп жазылған. Яғни бұл процесс түрлі кезеңде де тоқтамай, әмбебап мағынада қолданылып келген. Нәтижесінде қыпшақ тайпасы өзегі болған 14 ғ. басында құрылған Ақ Орда халқының құрамы қазақтар болған. 15 ғ. 2 ж. қазақ халқы құрылып болғаннан кейін, халықтың этногенез процесінің күрделі ерекшелігінің бірі болып табылатын "қазақ" атауы, этникалық маңызға ие болды. Жазбаша әдебиетте «қазақ» термині 1245 жылы мамлекеттік Египет мемлекетінің қыпшақтары ортасында жасалған араб-қыпшақ сөздігінде жазбаша деректемелер ішінде бірінші рет қолданылған деп саналып жүр. Онда «қазақ» сөзіне «еркін, кезбе» деген мән беріледі. Қорыта келгенде, ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәселесі. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, кез-келген мемлекет өзінің аумақтық салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды. Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу және оны жақсы біліп, туған анадай сүю.
4.Туған елім – тірлігімнің айғағы,
5. «Абай жолы» роман-эпопеясындағы әке мен бала бейнесі. Романды оқи отырып, Абай өзге балаларына қарағанда еркін өссе де, әкесі орнатқан тәртіпке бағынған. Олар бір-бірімен өштесіп өмір сүрмеген. Абай сынды адам Құнанбайдай әкеге қарсы шыға ма? Мұндай қылық біздің ұлттық қасиетімізде жоқ. Романды үңіле оқып, жазушының терең ойын жіті қадағалаған оқырманға Құнанбай бейнесінің аса жағымсыз емес екенін әркез байқауға болады. Құнанбай үлкен тартыстарда жетілген адам. Ел билеудің қыр-сырын ерте бастан түсіне беру үшін ол Абайды жас кезінен сол тартыстарға жетелеп, ірі оқиғаларға араластырып отырды. Әке қимылын зерек бала да қадағалап ұғып, өз бойына дарыта білді. Сонымен жас Абай әке бойынан қандай ізгі қасиеттер көрді десек, біріншіден, Құнанбай – ақылды, сабырлы, алысты болжағыш көреген, ерекше тұлға. Екіншіден, көпті көріп қайнап-піскен, қабілет-дарыны мол ел билеуші аға сұлтан. Үшіншіден, әділ би, жүйрік шешен, елді аузына қаратқан абыройлы жан. Төртіншіден, көкірегі ояу, көзі ашық, оқу-білімді жоғары бағалаған парасатты кісі. Бесіншіден, рухани сауаттылық жолында дінді берік ұстанған, діннің ел ішінде тәртіп орнатудағы рөлін жоғары бағалаған, жұртты өз өнегесімен де, күштеп те дін жолын ұстауға міндеттеген қоғам қайраткері. Алтыншыдан, отбасына ерекше қамқор әке. Жетіншіден, елді өз уысында ұстай білген, қарсыластары мен жауларын ымырасыз, өз идеясын батыл іске асырып отырған күрескер. Міне, топтап алғанда Құнанбай бойынан табылатын басты-басты қасиеттер осылар. Жазушының өзі Құнанбайдың тарихи тұлғасын, көркем бейнеге айналдыру барысында оның мемлекеттік адам екендігіне ерекше мән беріп, жағымсыз кейіпкер ретінде емес, керісінше аса күрделі тарихи-трагедиялық бейне ретінде сомдауға ұмтылған. Абай болса, тумысынан зерек, қабілетті, өнерлі жігіт оттай жанып, шоқтай маздап, әке сынынан сүрінбей өтеді. Барған ауылдарында Абай туралы ұнамды ұғым, жақсы атақ, кейде тіпті әжептәуір аңыз қалып отырады. «Жігітті жұрт мақтаған қыз жақтаған» дегендей, Тоғжанның махаббаты да тұңғыш рет Абай Сүйіндік үйіне барғанда - жас қонақпен әкесінің әңгіме-насихатының үстінде тұтанғандай... Абайдың өз басы, ой-санасы, ұғым-нанымы, жалпы ішкі дүниесі де, әрине, бір орында тұрып қалған жоқ. Үздіксіз өзгеру, өрбу, жаңғыру, жаңару үстінде болатын. Ру аралық жанжалдар, таластар, олардың өршіп, асқынып барып ұласқан жері - Тоқпамбеттегі, Мұса құлдағы қарулы қақтығыстар - Абайдың өзі өмір сүріп, өсіп келе жатқан ортаға әлеуметтік көзқарасын қалыптастырады. Бара-бара жас азамат өз жөнін іздеп, бағытын бағдарлайды. Осы жайлардың қай-қайсысында болмасын, осынау өмір қоршауына автор Абай көзімен қараса, Абай өз бойындағы асыл қасиет - өнер көзімен қарайды, дәлірек айтқанда, Абай ақиқатты ақын көзімен таниды. Құнанбайдың қанды қол қатыгездігі, одан туындайтын жолсыз жаза мен жауыздық, ұлып табысқан бөрілер секілді ұйлыққан қырық рудың қырық көкжалы - жұмылған қырық жұдырық, тағылықпен лақтырылған қырық тас кесек; осы көріністердің жан түңілтер жыртқыштық мәні; осындай «жаны ашымастың қасында басы ауырғандар» - жұтқа ұшыраған жарлы-жақыбайлар, қира кезік құл-құтандар, басында билігі жоқ әйелдер қауымы, еріксіз ұзатылған қыздар, қалың малға түскен келіндер, түрліше өлу-тірілулер, өшу-жанулар, осылар қалыптастырған салт-сана, әдет-ғұрыптар... Осылардың бәрін Абай сырттай бақыламайды, бар ақындық болмысымен іштей толқына сезінеді, тебірене түйсінеді және осылардың бәріне бейтарап қарай алмайды, қалыс қалмайды, әр құбылысқа өзінің қарым-қатысын белгілейді, не құптайды, не қарсы болады, сол ретпен белсенді қимылға көшеді... Бірақ Әуезов әке мен бала арасындағы тартысқа саналы түрде барған. Өзінің «Абай жолын» ақтап алу туралы мақалаларында: «Мен өзімнің романымда әке мен бала арасындағы қақтығысты негізгі тартыс етіп алдым. Абай – жаңа заман, Құнанбай – ескі заман. Екі заман тартысын әке мен баланың тартысы арқылы суреттедім» – дейді. Роман-эпопеясында Құнанбайды ата жолын өзгертпей ұстауға тырысқан бұрынғылардың өкілі, «ескінің арты еді», ал Абай энер үйренуге, білім-ғылым игеруге үмтылған прогресс жолына бет алған жаңашыл жастардың ішіндегі ең бір озық жарқын тұлға деп қарағаны, солай етіп бейнелегені кеңілге қонымды. Егер байыптап дүрыс аңғара алсақ, Құнанбай мен Абай, әке мен бала ретінде бір-бірімен қайшы көрінбейді, көбінесе екі заманның өкілі, екі мақсаттың, екі қоғамдық көзқарастың адамы тұрғысында қарсы қойылады. Ал екеуінің мінезі екі түрлі болса, Құнанбай айлакер, қатал керініп, Абай адап, әділет іздеген ақын жанды мінезде кэрінсе, мұның өз қисындылығы бар. Құнанбай ел арасындағы түрлі талас-тартыстың, қайшылықшиеленістердің тізгінін қолына ұстап отырған, әбден әккі болған ел билеуші екенін, ал Абайдың қоғам өміріндегі қарым-қатынастарға енді ғана кез тігіп, араласып жүргенін естен шығармаған абзал. Роман-эпопеядағы көркем шындықты өмірде болтан оқиғалардың қаз-қалпындағы керінісі деп қарауға болмайды. Оның өзі көбінесе автордың көркемдік парасатынан өсіп, жетілген, сөйтіп өзара байланыс жүйесін тапқан өмір көріністері боп табылады. Тек оқиғалар мен талас-тартыс төңірегінде ғана емес, белгілі кейіпкерлер мен оларға берілген көркем мінездемелер жөнінде де осыны айтуға болады
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 42; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.013 с.) |