Ф.Оңғарсынова өленің жатқа жазу 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Ф.Оңғарсынова өленің жатқа жазу

16 Ф.Оңғарсынова өленің жатқа жазу

Анама

Кеудеңде мені тербеттің,

жас шыбық енді көктеді.

Мінеки мен де ер жеттім,

еңбегің бекер кетпеді.

Өмірде мынау ең жақын,

аяулым сенсің, анашым!

Болмаса мейлі зор даңқың,

мен үшін бірақ данасың.

Мейірім төккен нұр жүзің

тұрғандай сезем жанымда.

"Адал бол, - деуші ең, - жұлдызым",

сақталды сөзің жадымда.

"Игі еңбек түбі осы-ау" дер

көргендер жеміс ағашын.

Қартаймай, мәңгі жасай бер

мәңгілік Күндей, анашым!

 

 

17 Дулат Исабековтың Әпке поэмасындағы Қамажай бейнесіХалқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы.
Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді

Осылай бауырларына ата нан да , әпке де бола біліп, оларға адамгершілік, қайырымдылық, татулық, инабаттылық сияқты қасиетерді уйрете білген Дулат Исабековтың Апке шығармасындағы Қамажайды масыалға алуға болады.

.Қанша бастарынан қиындық өткедерімен әке шешесінің орнын жоқтатпай бауырларының аяқтарынан тік тұрғызып,қатарынан қалдырмауға тырысты.Олардың бәрін оқытып, тоқытып тіпті кіші інісін үйлендіріп бөлек үйге шығарып берді.
Бұл шығармадан үлкен тәлім-тәрбие алуға болады.Әпкесінің Бауырларына деген махаббаты қамқорлығы туралы айтылады.Тіпті қазіргі кезде әпке болмақ түгілі өз балаларын тастап кете баратын көкек аналар қаншама.

Бұл шығармадан үлкен тәлім тәрбие алуға болады, әпкесінің бауырларына деген шексіз махаббатын , қамқорлығын сезінуге болады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 40; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.008 с.)