Билердің шешендік мектебі 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Билердің шешендік мектебі

14.

Мұқағали Мақатаев

Өмір сүрейік алмасып

 

Жапырақ-жүрек жас қайың!

Жанымды айырбастайын.

Сен адам бола бастасаң

Мен қайың, бола бастайын.

Келісесің бе, жас қайың?

(Көрінер,мүмкін, кімге ерсі.)

Өміріңді маған бір берші!

Дүрбелең мына дүниені,

Адам көзімен бір көрші.

Қайың боп мен де бағайын,

Орманнан орным табайын.

Беймәлім маған өмірге,

Қайың көзімен қарайын.

Сен-дағы жерден нәр алдың,

Мен-дағы жерден нәр алдым.

Біреуден сен де жаралдың,

Біреуден мен де жаралдым.

Тілің жоқ, жанды қайың сен,

Айырмашылығым - Адаммын.

Мендегі бары бір жүрек.

Беріпті жүрек саған мың,

Сондықтан ұзақ жасайсың -

Құрдасы келер заманның.

Бар-жоғы менде бір жүрек,

Ол өлсе мәңгі кеткенім.

Сендегі: семсе мың жүрек,

Келгенде жасыл көктемін

Тірілер қайта дүруреп.

Жапырақ-жүрек, жас қайың!

Жанымызды айырбастайық?

Адам боп жүрсең қасқайып,

Қайың боп тұрам қасқайып,

Тәуекел, айырбастайық.

Өмірге-өмір жалғасып,

Анамыз жерге жармасып,

Бірде адам, бірде қайың боп,

Сүрейік өмір алмасып...

 

Қазақ халқының бірлігі мен бейбіт өмірін қалыптастыруға ұлан-ғайыр еңбек сіңірген билер тағылымы тарих үшін ғана емес, біздің келешек ұрпақ үшін де құнды.

Кезінде Ахмет Байтұрсынов: “ Әділ билердің қолындағы билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді,”- деді. Демек бұл қастерлі мұра- шешендікпен айтылған билер сөзі ұмытылмайды, қай кезде болса да халық жадында.

Билер татихы Майқы би мен Аяз билерден бастау алды. Тарихтан бізге мәлім мына билерді атауға болады: Төле би, қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би.Бұлардың бәрі сөзге шебер, өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін бойына сіңірген, зерделі, халқына жанашыр дара тұлғалар болған.

Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады. Төле бала әуелі әкесіне барыпты. Жасы жүзге тақап отырған әкесі ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле "Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ" дегенді сұрайды. Сонда. әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады:


- Балам, мынаны сындырып көрші.
Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.
- Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындыра береді. Әлібек би:
- Бұдан не түсіндің, балам? - дейді.
Сонда. Төле бала:
- Түсіндім, әке бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. "Саяқ жүрген таяқ жейді" демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой.
- Бәрекелде, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл. "Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын" дегенінің мәнісі осы, - депті.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 49; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.004 с.)